ТАНЫСУЛАР, КЕЗДЕСУЛЕР
Туысқан Монғолияда болған күндерді ретретімен сөз етсек, әңгіме, әрине, Улан-Баторданбасталу керек еді. Бірақ даңқты Дархан осынау жолжазбаға кезектен тыс кіріп кетті де, бізге біраз күнді,көптеген танысу-кездесулерді аттап өтуге тура келді.
Меніңше мұның бір үлкен пайдасы: біз Дарханарқылы ұлы ынтымақты, совет-монғол достығыныңқұдіретті жасампаз күшін, жарқын белгілерін көзбенкөрдік!
Сонымен, 1965 жылғы 20 январь. Аэродромнанастананың «Улан-Батор» атты орталықмейманханасына жеткенде сағат кешкі жеті шамасыеді. Қала шамдары жағылып, аяз әлдеқайда ширайтүсті.
Мейманханада жақсылап жайғасып, біркелкітыныққаннан кейін Тарва екеуміз көшеге шықтық.
– Жүріңіз, бейбітшілікті қорғау комитетінебарайық. Монғол Жазушылар одағы басқармасыныңсекретары әрі сол комитеттің председателі Чимиджолдас қазір сонда, бізді күтіп отыр, – деді Тарва.
Тарва қырықты орталаған ұзын бойлы, қызылшырайлы, қазақ мүсінді жігіт. Қатты сөйлеп,қарқылдап күлуіне қарағанда ақкөңіл, ашық адамсекілді. Түсінуге жарайтын орысшасы бар. Екі жылМосквада жоғары әдеби курста оқыпты. Ақын екен.Сөйтіп жол-жөнекей білісіп те алдық.
Москвада Жазушылар одағының шетелдіккомиссиясында істейтін жолдастар Чимидті мағансырттай таныстырып ең сүйекті монғол деп суреттепеді. Айтса айтқандай, ол едәуір тұлғалы жігіт екен.Жасы сол Тарвамен шамалас, бірақ одан еттірекжәне ірірек, қазақша айтсақ, дәу қара. Орысшатаза сөйлейді. Бірден тартынбай, таныс адамдаршасөйлесіп кеттік.
Бұл кеште, мұнда басқа да қонақ бар екен. Ол– бейбітшілік жолындағы белгілі күрескер жапон ғалымы, Москвадан бірге шыққанбыз, бірақ монғолдостардың ортасында, енді ғана таныстық.
«Таныстық» демекші, осы кеште ол екеуміз бүкілМонғолия жерін... шарлап шықтық, оның тамашакөркем өнерін көрдік. Әрине, кино арқылы. Солкүндері экранға шыққалы жатқан «Өмір жырлары»атты фильм-концерт бізге ғажап әсер етті. Бізайналасы бір сағаттан аз-ақ асатын уақыттыңішінде дарынды халықтың ән-жыры арқылы жанжүрегін де әбден көргендей болдық. Бірде ұланбайтақ дала мен жалпақ жатқан нарын құм, бірдесыңсыған ормандар мен бұралаңдаған биік таулар,тербелген теңізі мен мыңғырған мал, алқызылгүлдер мен қуарған ақ тақыр, мөлдір өзендер меншыжыған шөлейт – әрбір ән-күйді естіп отырғанда,соның мазмұны секілді көз алдыңнан өтіп жатады.Мен өз жерімді, қазақ даласын көргендей бопотырмын. Жүректе біртүрлі елжіреп, сағыныш сезімшақырғандай.
Біз бейбітшілікті қорғау комитетіндегіжолдастарға, фильмнің сценарийін жазған осыЧимид жолдасқа шын көңілден алғыс айттық.
Келесі күннен бастап көптеген кездесулер,танысулар басталды.
Кім екені есімде жоқ, бұдан бірнеше жыл бұрынбір шетелдік тілші «Улан-Батор – дүние жүзіндегібірден-бір киіз астана» деп жазыпты. Тілші көргенінайтқысы келді ме, әлде солай деп кемсітпек болдыма, білмеймін, әйтеуір оның сөзінде шындық тажоқ емес екен. Қаланың, әсіресе, шет жақтарындаквартал-квартал боп шүпірлесе қонған киіз үйлерәлі де көп... Осынысы болмаса Улан-Батор – нағыз қазіргі заманғы қала. Ұзын да тура тартылғанәдемі көшелер, әсіресе, Үкімет үйінің алдындағыСухэ-Батор ескерткіші тұрған алаң, Бейбітшілікпроспектісі, 5-6 қабатты тұрғын үйлер мен қоғамдықұйымдар мекендері жайнаған жастық белгісіндейжарқын жүзімен көз тартады және күннен күнгеөсіп, көркейіп келе жатқаны аңғарылады. Қайжерден де жаңа құрылыстарды көресің.
Қалада үлкен үй құрылысы комбинаты бар.Бұл жылына жалпы көлемі 70 мың шаршы метртұрғын үй салады екен. Құрылыс материалдарыөнеркәсібінің министрі Тлейхан жолдас қазір УланБатор ғана емес, бүкіл Монғолияның құрылысқұшағында екенін айтты. Маған астанадағы өндіріскомбинаты да зор әсер етті. Төрт мыңнан астамадам жұмыс істейтін бұл комбинатта тері заводы,шеврет заводы, галантерея фабрикасы сияқтыбірнеше өндіріс саласы бар. Мысалы, әлгі терізаводы жылына бір миллион үш жүз мың тері өңдепшығарады екен. Комбинат жұмысшыларының 80проценті маманданған, білімді жастар.
Дархан мысалынан да көрдік, бүгінгі Монғолиясоциалистік ауыл шаруашылығын өркендете отырып,елді индустрияландыру ісіне мықтап бет бұрған.Совет Одағының және басқа социалистік елдердіңтуысқандық көмегі арқасында Монғол халықреспубликасы таяу жылдардың ішінде өнеркәсіпөнімдерін шығару жағынан да жаңа биіккекөтерілмек.
Монғолиядағы Чойбалсан атындағы тұңғышорта мектеп (1923 жылдан), ауыл шаруашылықинституты, орталық музей, тарихи музей, храм- музей, мемлекеттік опера және балет театры мендрама театры, цирк, спорт сарайы – осылардыңәрқайсысы бір-бір очерк болуға әбден жетіп жатыр.Бірақ оның бәрін айта берсем, өз алдына бір кітапкерек болар еді.
Маған ұмытылмас әсер еткен бір жер – Налайха.Бұл – Монғолияның негізгі көмір қазынасы, УланБатордан 50 километр шамасында. Революцияға дейін(1921 ж.) оны қытай шонжарлары пайдаланыпты.Соңғы жылдары мұнда Совет Одағыныңжәрдемімен жаңа шахталар іске қосылыпты жәнекөмір қазу ісі түгел дерлік механикаландырылыпты.Соның арқасында Налайха жылына жүздеген мыңтонна көмір беріп, елдің едәуір қажетін өтеп тұр.Мұндағы кен инженерлері мен техниктері негізіненМонғолияның өз азаматтары. Тек бір арнаулыбригада ғана – совет мамандары, кен комбайнерлері6 ай мерзімге келіпті. Аз уақыттың ішінде олар өзмамандығына 75 монғол жігітін үйретіп шығарған.
Налайха кеншілерінің ішінде алты адам МонғолХалық республикасының Еңбек Ерлері екен.Солардың екеуі – қазақ.
Зәлел Бұғыманов деген біреуі әрі Ұлы ХалықХуралының депутаты, 35 жастағы жігіт, осында1947 жылдан бері істейді екен. Туған жері солМонғолияның Баян өлгей аталатын қазақ аймағыкөрінеді. Екіншісі – Шәнкен Демебаев. Мұнда1940 жылдан істейді, елуге жаңа-жаңа жақындапжүрген кісі.
– Ол жылдары бұл жерде бірнеше киіз үй ғанаболатын, ал қазір, өзіңіз көріп тұрсыз, Налайха
төңірегі үлкен қала боп кетті, – дейді Шәнкенқуаныш сезіммен.
Көмір өндіретін ең озат бригаданың жетекшісі деҚабылхан деген жап-жас қазақ. Енді бір социалистікеңбек бригадасын Мектеп деген жігіт басқарады.
– Біз совет мамандарынан үйрендік, – дейдіолар.
Налайха төңірегінде мың үйдей қазақтар барекен. Көпшілігі шахтерлер. Олар Қазақстан өміріненде едәуір хабардар сияқты. Біздің газет, журналдарды жаздырып алдырады екен.
– Әйтсе де, қазақ кітаптарына зәрулеуміз. Бұлжөнінде мұндағы бізден гөрі Баян өлгейдегілердіңқолдары ұзынырақ, – дейді Зәлел.
Мен Налайхада шахтерлердің, тамаша монғолазаматтарының туысқандық семьясын көріп,олардың өміріне, еңбек табыстарына шын сүйініпаттандым.
Жазушы сүйінбесе, жаза алмайды. Демек,айналадағы барша тіршілік, барша өмір оны дәйімқызықтырып, таң қалдырып отыруы керек. Бұлжағынан монғол жазушылары: еш нәрсеге зәру емес– неше алуан жақсылықты көздерімен көріп отыр.
Монғолияда болған күндерімде мен, әдебиетшібола тұра, алдымен әрине, осы жағына – «өзцехымның» адамдарына көбірек көз қырын салажүрдім. Сол кездесулер, танысулар кезінде көріпбілгенім мені қатты қуантты да. Мен монғоләдебиетінің қайнар бұлағынан, сол әдебиетті шабытқабөлеп отырған осынау тамаша елдің қуаныш теңізіненөзім де сіміріп, сусындағандай болдым.
Бір таңқаларлық факт Монғолияда жазу-сызубірнеше ғасырдан бері бар болса да, шын мәніндегікөркем әдебиеті жиырмасыншы жылдардан, яғниреволюциядан кейін басталады. Оның сыры: баяғызаманнан бері хат танитындар тек Тәңірдің өкілдері– дін иелері – ламалар болған да, қарапайымжұртшылық қараңғылықта тұншығып келген. Басышағын осы бір елде революцияға дейін 700 монастырь(шіркеу) бар екен. Соның салдарынан әрбір екіеркектің біреуі лама болған. Феодалдық-діни тепкіозық ойдың қандайын болса да тұншықтырып, елдіңеңсесін басып отырған.
Міне, сол топастық бұғауын революция келіптас-талқан еткенде, халық күші құдіретті тасқындай,қаптай жөнелді.
Монғолдардың творчестволық қуатына қайранқалуға болады: небәрі 30-40 жылдың ішінде жайғана әдебиет емес, бүкіл адамзат мәдениетіне үлесбоп қосылғандай әдебиет жасады. Бұл – прозаның,поэзияның, драматургияның жүздеген томдары.Бұлардан халықтың көп ғасырлық тарихы менбүгінгі өмірі айнадағыдай көрінеді. Қазіргі монғоләдебиетінде мынадай жақсы сипаттарды байқауғаболады. Ол – роман жанрының үстемдік алуы,бүгінгі заманды кеңінен суреттеу және әдебиеткежастардың көптеп келуі. Бұлар – ұлттық мәдениеттіңқауырт өсуінің ғажайып белгілері.
Монғол жазушыларының терең мазмұндыромандары халықтың жан-жүрегін, ой-тілегін,арман-мақсатын неғұрлым айқын көрсетеді.Революция қарсаңындағы күндерді көрсететінНамдагтың «Қилы кезеңдер» романы, монғол
жастарының жаңа жерлері игерудегі ерліктерінсуреттейтін Чимидтің «Көктем мен күз» романы,проза мен поэзияның және басқа ірі шығармаларысоның кепілі.
Мен осынау жаңа достарымның өмір тынысынақұлақ тоса білетінін аңғардым. Олар кабинеттеқамалып отырмай, халықтың қалың ортасындаболуға, өмірді көзбе көз, «ақтара» көруге талпынады.Әдебиетшілердің жаңа құрылыстарды, ауылшаруашылық бірлестіктерді қамқорлыққа алуы мағанмықтап ұнады. Мысалы, Улан-Батор әдебиетшілеріДарханды көтермелейді. Олар Дарханда жиіболып, әдеби кештерде өз шығармаларын оқиды,құрылысшылардың өмірімен, еңбегімен, ойқиялымен танысады. Содан келіп құрылыстың әдебикүнделіктері, ерлік тарихы пайда болады.
Февральдың бірі күні мен көктем мерекесін,малшылар тойын – «Цаган сар» мейрамын көрдім.Жазушылар мені Орталық аймақтағы Зуун-моддеген жерге шақырып, өз қамқорлықтарындағыауыл шаруашылық бірлестігіне ертіп апарған еді.
Сол жерде келген бойда менің аңғарғаным:жазушылар малшы араттар үшін кездейсоқ қонақемес, ой-тілегі бір өз адамдары, байырғы таныстарыекен.
Әдебиетшілер аймаққа құр қол келген жоқ.Жаңа кітаптар тарту етті. Әрине: кітап араттардыңкөрмеген дүниесі емес. Әрбір киіз үйде бар.Радиоқабылдағыштармен бірге олар малшытұрмысының міндетті көркі сияқты.
Мереке құрметіне ат шабысы ұйымдастырылды.30 километр бойы қазу жарыс қиқу салды. Жалынан
жел есіп, құйындай аққан аттар ағызып келеді.Шабандоздар кім десеңіз, бес-алты жасар қызбалалар мен ер балалар.
– Жығылып қалмаса жарар еді, – депқобалжимын мен.
– Монғол ер үстінде туып, ер үстінде өледі,– дейді қасымдағы жазушылардың бірі, монғолмақалын еске салып. – Біздің балалар әбденжаттыққан, көмпісті келеді. Оларға қарап елдіңбейнесін көруге болады. Монғолияның қазір өзіде жас, о да бәйгеге түсіп, жаңа жақсы өмір үшінкүресіп жатыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінқуып жету үшін біз де осылай оза шауып отыруымызкерек. Біз ерден ауа қоймаймыз.
Бәйгеден Сарантуя деген алты жасар шүйкедейқыз озып келді. Оған жүлдеге қуыршақ берілді.Сарантуяның сол сәттегі қуанышты жүзін көрсеңіз!
– Жүлдесі тым жұпынылау емес пе?
– Е, сіз бізде бұл сияқты қыз балалар аз ғойдеп ойлайсыз ба? Бәрі осындай. Әрқайсысына үлкентарту тарта берсең ешқандай қазына жетпес, – дедікүліп менің жанымда тұрған кісі.
Мені тағы бір қуантқан нәрсе: туысқанМонғолияның театр өнерінің гүлдеп өсуі. БіздіңҚазақстандағы жағдай сияқты, халықтық Монғолияда революцияға дейін ешбір театр болмапты.Тек монастырьларда ғана бақсы ойынындай дінибірдеңелер боп тұрса керек. Жай халықтың оғанқолы жете бермеген. Жиырмасыншы жылдарда осыелге Қызыл Армияның ансамблі гастрольге келіп,көркемөнерпаздардың тұңғыш коллективтерініңтууына себепші болыпты. Бәрі осыдан басталған.
Өнер ұрығы шұрайлы жерге себілсе керек. Алдажемісті творчестволық іздену жолы жатты. Сөйтіп,бұл елдің сахна өнері де біздің Қазақстандағышабасталған: әуелі үйірмелер, сосын музыкалы драматеатры, содан соң барып өз алдына драма театры,опера және балет театры, ән-би ансамблі.
Айтып отырса, Улан-Баторда опера студиясыөзінің тұңғыш спектаклі – бүгінгі монғол әдебиетініңнегізін салушы Нацагдорждың либреттосы бойыншақойылған «Мұңды үш оба» спектаклін көрсеткенінекөп уақыт өтпеген сияқты боп көрінеді. Ал осыстудияның негізінде құрылған опера театры кейінірекжұртшылықты үлкен профессионалдық өнеріменқуантты – «Евгений Онегин» операсын монғолтілінде қойды. Опера театрының репертуарында«Бақыт жолы», «Жыршы Намжель» сияқты жүректебіренткендей қызықты спектакльдер бар. Ал драматеатрында «Дабыл», «Қырық өтірік» секілді ұлттықспектакльдермен бірге Шиллердің, Шекспирдің,Чеховтың, Корнейчуктің пьесалары көрсетіледі.
Монғолияның кино өнеркәсібі әлі жассала. Соның өзінде оның бірсыпыра фильмдеріИндонезияда, Чехословакияда, бізде, Москвадаөткен фестивальдарда жүлделі орындарға ие болды.
Мен кіммен кездессем де, мейлі ол Жазушылародағының председателі жігерлі әйел Удвал менМәдениет министрінің орынбасары жазушыЛодойдамба болсын, әлде Ғылым академиясыныңпрезиденті Ширендыб және басқа мәдениетқайраткерлері болсын – соның бәрінен де монғолхалқының ғажайып еңбекшілдігін, дарындылығынаңғардым.
Монғолдың бір мақалы есімде қалды. Мазмұнымынадай: «Жел тасты мүжиді, тас суды бөгейді, сутауды бұзады. – осының бәрі қаһарлы дүлей күштер.Бірақ дүниеде адамның күшінен құдіретті еш нәрсежоқ».
Қайта туған монғол халқы бүкіл елін – әдебиетімен өнерін, шаруашылығы мен ғылымын айтарлықтайөркендете отырып, сол бір нақыл сөздің дұрыстығыніс жүзінде танытып келеді. Бізді, совет адамдарын,монғол халқының қалтқысыз достарын, бұл кереметтабыстар мейлінше қуантады.
Он бес күн көзді ашып-жұмғанмен бірдей өтешықты.
Мен тағы да Улан-Батор аэродромында тұрмын.Көңіл көтеріңкі, кеудеде қуаныш дүбірі. Бұл жолыаэровокзалдағы лық толы халықтың бәрі таныссияқты маған. Бәріне күле қараймын, бәрінің қолынқос қолдап қысқым келеді.
Қош, достар! Көп-көп рахмет!
«ИЛ-18» шығыстан шыққан алтын күнмен біргекөтеріліп онымен жарыса, сүйікті Москваға бет алды.Самолет қанаты астында жігіт шағы қайта оралғанежелгі елдің жасарған жері қалып бара жатты. Ол– бақытты жер, нұрлы, келешек жері.
1965