02.05.2022
  109


Автор: Жұбан Молдағалиев

ТАНЫСУ ӘУЕДЕ БАСТАЛДЫ

Москвадан кеше кеште шыққан «ИЛ-18»Иркуртскіні жаңа ғана қанатының астынанысырып, Улан-Баторға қарай тура бет алды. Шеттеотырғандарымыз самолеттің терезе-терезелерінеүңіліп, кейін жүзіп бара жатқан қоңыр бұлттайтайганың қалың ормандарына жапырлап қарайқалыппыз.
– Жол болсын! Сірә біздің елге қарай бұл біріншісапарыңыз болу керек, – деген орыс тілінде естілгендауысқа жалт қарасам, орта бойлы, ашаң жүзді,жасы қырықтың о жақ, бұ жағындағы монғол өңдіадам менің жанымдағы бос орынға отырып жатырекен. Ол күлімсіреп:
– Садном, – деп қолын ұсынды да, менің атыжөнімді сұрады. Мен фамилиямды атадым.
– Е, қазақ екенсіз ғой, – деді ол тағы дажымиып. – Бет әлпетіңізде пәлендей өзгешелікжоқ болса да, сіздің монғол емес екеніңізді бірденбайқадым. Қалайша дейсіз ғой? Оп-оңай. Көрдіңізбе, мына менің отандастарым қалай отыр? Мәзмейрам, у-шу, жамырап жарыса сөйлеп келеді.Бұлар Москва, Киев, Варшава, София, Будапешт,Бухарест сияқты қалалардан туған еліне каникулғакеле жатқан студенттер немесе командировкадан  оралғандар. Өз Отаныңмен кездесуден артық неқуаныш болсын! Ал сіз болсаңыз, оларға қосылмай,сырттан көз тастап келесіз...
Рас, мен тосырқаулау отыр ем. Самолеттегілердіңкөбі әйел, еркегі бар – монғолдық туыстар.Қалғандары чех, поляк азаматтары. ГерманДемократиялық Республикасынан ерлі-зайыптыбір семья екі кішкене баласымен келе жатыр. Текалдағы креслода ғана екі орыс жігіті отыр.
– Сіздердікі қандай сапар? – деп сұрап ем, «бізөз үйімізге келе жатырмыз» деп күле жауап бердіолар. Бақсам, бұлар туысқан Монғолияда жұмысістеп жүрген Совет мамандары екен.
Мен Садномнан қайда істейтінін сұрап ем, ол«Улан-Батордың мемлекеттік университетінде» дедіде, қалтасынан алып кішкене карточкасын ұсынды.Мен мұны сол бойда оқып жатуды ыңғайсыз көріп,рахмет айттым да қалтама сала салдым.
– Мен марқұм Мұхтар Әуезов пен физикТәкібаевты білуші едім, – деді Садном. – БіреуіменЖапонияда бірге болғам, ал екіншісімен Москватүбінде атақты Дубнада кездескем және Женевағада бірге барғанымыз бар.
Садном бұ жолы да Дубнадан келеді екен.Физиктердің Меккесі сияқты біздің Дубнаны ерекшеқұрмет сезіммен ауызға алып отырды ол.
Сөз бірте-бірте Монғолия тақырыбына ойыса.бастады. Маған керегі де сол. Мен ол жайлы көбірекмәлімет алғым келеді. Монғол халық республикасытарихи даму жағынан біздің Қазақстанға едәуірұқсас. Ол да капитализмді аттап өтіп, феодалдыққұрылыстан социализм жолына бір-ақ түскен.
 Жері де біздікіндей – ұлан байтақ. Қойны толыкен қазынасы дейді. Малы да көп. Қазір өнеркәсіп,құрылыс жағына мықтап бет бұрып жатса керек.
– Асықпаңыз, мұның бәрін өз көзіңізбен көресізғой. Біздің университетке де келіңіз. Мұнда қазақстуденттері де аз емес. Оқытушылар да кездеседі.Басшы жұмыстарда да қазақ жігіттері бар. Құрылысматериалдары өнеркәсібінің министрі Тілейхан,жоғары партия мектебінің ректоры Хұрметбек,баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеттіңпредседателі Ахмет сияқты қазақ жолдастарды білем.Ал біздің университетті алатын болсақ, ол жас болсада республиканың кадрлар дүкеніне айналды...
Садном әңгімесі шорт үзілді. Стюардесса Монғолхалық республикасының астанасы – Улан-Баторғажеткенімізді хабарлады. Туған еліне асығып, ақсапкеле жатқан монғол достар дүр қозғалып, анаумынау заттарын жиыстыра бастады.
– Ғафу етіңіз, мен де қамданайын. Уақытыңызболса, тағы да жолығармыз, – деді Садном.
Ол түрегеп өз орнына барған соң, мен де олберген визит карточкасын қалтамнан алып қарасам,онда ағылшын тілінде: «Профессор Садном, УланБатор мемлекеттік университетінің ректоры. МонғолХалық Республикасы» деген жазу бар екен. Сөйтіпменің кездейсоқ танысым туысқан халықтың қалаулыазаматтарының бірі боп шықты.
Самолеттен шыққанда менің көзіме түскені:толған халық, жаңағы жолаушыларды ыстыққұшақтарына қысып, қуана қарсы алып жатыр. Бетәлпеттеріне қарасаң, көбі әлдеқайда кездескен жүзтаныс адамдарға ұқсайды. Айта кетейін: мен бет  пішіні өзім танитын қазақтарға ұқсас адамдардыңМонғолияда кейін де талайына жолығып, қайранқалып жүрдім.
Мені Монғолия Жазушылар одағының өкілдерікүтіп тұр екен. Солармен бірге Улан-Батор қаласынабет алдық. Бұл – 1965 жылғы 20 январь күні еді. 30градустан астам шақар аяз машинаның ішіне кіріп,біраз отырғаннан соң ғана райынан қайтқандайболды. Жалпы, январь – февраль айларындаМонғолияда 45-50 градус суық кездесе береді екен.Бірақ монғол достардың ыстық жүректері мағанешқандай аязды байқатқан жоқ.





Пікір жазу