02.05.2022
  107


Автор: Жұбан Молдағалиев

ЕКІ САПАР

Соңғы жылдары елімізде туысқан әдебиеттерқарым-қатынасы одан әрі өріс алып, халықтардостығын нығайту ісіне көп-көп қызмет етті.Төменде Қазақстан жазушыларының осындай ізгімақсатқа арналған бір-екі жолсапары туралы әңгімеетпекпіз.
I
Алғашқы жолсапар биылғы жазда атақты Қазаншаһарына келіп тірелді. Қазақ әдебиетінің туысқанТатарстанда өтетін апталығына қатысуға бардық.Қазір, қарап отырсаңыз, содан бері де біраз уақытартта қалып, тіршілік сахнасына талай-талай жаңаоқиға шығып үлгіріпті. Бірақ, Татарстан әсерлері,ыстық құшақтар, шат, сағынышты жүз-дидарлар,татарша-қазақша-орысша аралас сөздіктер, араласжырлар құлақтан да, көз алдынан да кетер емес.Қайта, мезгіл озған сайын, сол күндер тағы біроралсайшы деген тілек туады, аңсата түседі. Кейдерадиодан татар әндерін естігенде де, жүрек шіркінғашығының үнін естігендей лүп ете қалып, көңілдесағыныш сезімдер, қимас көріністер пайда болады.
Біз, Қазақстан жазушылары, Қазаннан Алматығақайтарда үш топ боп үш жолмен – самолетпен,пароходпен, поезбен шықтық. Міне, біреулерімізҚазан вокзалында Москва поезына мінгелі тұрмыз.
 Қасымызда қазіргі татар әдебиетінің көркі десеболғандай Хасан Тофан, Мирсай Әмір, АбдрахманАбсалямов, Фатих Хусни, Сибгат Хаким, ХатипУсманов, Әмірхан Еникей, Заки Нури, НуриАрсланов, Хасан Хайри, Әнуар Давыдов, НәбиДәули, Ләбиба Ықсанова, Ильдар Юзеев, РизаЕшмуратов және басқа көп-көп қадірлі достар,таныс та бейтаныс туыстар. Соларға қарап тұрғандабүгін, июльдің бірі күні, менің көзіме бұдан он күнбұрынғы – июннің 22-і күнгі сурет елестейді. Ол– біздің самолеттен түсіп, Қазан аэродромындаТатарстан жерінің алғашқы шаршы метрін басқанкүніміз еді. Сонда да осынау адамдар құшағындаболып едік. Бірақ онда олар қандай жарқын, қандайшат-шадыман еді. Қазір болса қабақтарына қоштасу,айрылысу кірбіңі байқалады.
– Айрылысудан мұңды нәрсе жоқ! – дейді ФатихХусни, көкшіл көзі жасаурап. Татар көркем сөзініңшебері Фатих мейлінше көңілді, тілді, тапқыр кісі.Сөйлесе, «жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы»деп бастайды. Осы принципті өз творчествосындада берік ұстайтын сияқты. Ол бізге «Қырық хикая»дейтін кітабын сыйлаған еді, оқып көрсек, соншамаықшам, соншама дәмді дүниелер екен. Және біререкшелігі – Фатих кез келген жерде сол әңгімелерінжатқа айтып береді. Айтқанда мақамына келтіре,әсерлі, әдемі, артисше айтады. Әсіресе күлдіргі,сықақ нәрселерге ұста екен. Сол Фатих қазір қайтақайта күрсініп, бізге жаутаң-жаутаң қарай береді.
– Сен неге мұңаясың, малай? Айрылысу болмасажолығысу да болмайды. Қоштасу – жаңа кездесудіңалды, – дейді оған Заки Нури.
 Бұл да рас. Татар достарды біз өткен жылыоктябрьде Алматыда қарсы алған едік. Онда дақоштасуы оңай тимеген. Бірақ ол да жаңа кездесудіңжаршысы болды. Біздің Қазанға бұл келуіміз солсапардың жауабы. Әттең, тек көрген түстей ілездеөте шыққаны ғана өкінішті.
Қазақ әдебиетінің Татарстандағы апталығы тойбоп өтті. Шын мәнінде өзі де тойдан басталды.Ол – татар халқының ұлттық мерекесі – сабантойы, көктемгі еңбекті қорытып, жаз жемісін күтуқуанышы еді.
Қазанда «сабан тойы» 23 июньде өтті. Біз бұлкүні қаланың Киров ауданының еңбекшілерімен біргеАққу көлінің аймағында жасыл орман алаңындаболдық.
«Той десе қу бас та домалайды» дегендей, меніңбұ жолы да, бұдан бұрын да байқағаным: «сабантойы» күні кеудесінде жаны, аяғында әлі бар татарүйде қалмайтын сияқты. Жасы да, кәрісі де кішкенегармондарын құлаштап тартып, топ-тобымен тойтопыр басына ағылып жатады. Бүгін де солай.
Сағат 10-да үлкен алаң алқа-қотан отырғанадамға лық толды. Біз, қонақтар, бір шетте столбасында отырмыз.
Тойды КПСС аудандық комитетінің секретарыашты. Ол өзінің қысқаша құттықтау сөзінде ауданеңбекшілерінің өндірістік табыстарын қорытуменбірге, бүгінгі тойға туысқан қазақ халқының өкілдеріде қатысып отырғанын айтқанда, ашық алаң дүрсілкінгендей қуанышты қол шапалақтаулар дүмпілінебөленді. 
 «Сабан той» – татардың ұлттық ойындары.Бұл ойындар әрі алуан түрлі, әрі қызық. Оларғабес-алты жасар баладан бастап, еңкейген қарттарғадейін қатысады. 15-20 метр биік бағанның басынатырмысып шығу, арқан тартысу, аяққа қапшықкиіп алып жарысу, көзді байлап алып құмыра соғу,балуандар күресі сияқты ойындар жалпыға бірдейекен. Әйелдердің иін-ағашпен екі шелек су алыпжарысуы қандай қызық десеңші. Мұнда тек озыпкелу ғана шарт емес, шелектегі суды шайқамай өтуде міндет. Әсіресе бір күлкі ойын – ішіне кәдімгішикі жұмыртқа салынған ағаш қасықты ауызға тістепалып жарысу. Мұнда әрі озу керек, әрі жұмыртқаныжерге түсіріп алмау қажет. Бұл ойындардың көругеқызықтығын, ләззатын ауызбен айтып жеткізумүмкін емес. Біз оларды шыжыған күн астындабірнеше сағат бойы орнымыздан қозғалмай отырыптамашаластық және сол уақыттың ішінде күлкіденезуімізді жия алмадық.
– Осы ойындардың бірсыпырасын біздің қазақарасында да кеңінен қолдануға болады екен. Қалаберсе осы сықылды ойындар бізде болған да. Оныңүстіне жаңа түр қосып, жаңа идеялық мазмұн,спорттық мән берсе, қандай құлпыра түсер еді.Мысалы, өтіп жататын «Малшылар күні» негеосындай қызықты ойындарға толы болмасқа! Жоқ,бұл ойласатын да, қолға алатын да нәрсе екен! –деп қорытты «сабан тойында» көргенін ҒабиденМұстафин өзара сөйлесіп отырғанымызда.
Иә, бұл ойласуға тұратын мәселе. Жасыратыныжоқ, біз мұндай ойындарды жаңа түр, жаңа мазмұнмен молықтыру былай тұрсын, барын дадұрыс пайдаланбаймыз.
Республиканың бір облысында бар ұлттықойындарды екінші облысында ешкім білмейді.Мысалы, Орал облысында «Алтын қабақ» дегенмергендік ойын бар. Сұрастырсаңыз осы бір тамашаспорттық ойыннан Арқа, Оңтүстік жақтағылармүлде бейхабар боп шығады. Мұстафин айтқан әлгіой осындай жәйттерге де байланысты.
Қазақ әдебиеті апталығының ресми ашылуыТатардың Мұса Жәлел атындағы мемлекеттік операжәне балет театрында өтті. Ғажайып көркем театрүйінің кең залында лық толған халық қазақ ақынжазушыларын зор туысқандық қошаметпен қарсыалды. Қазақша-татарша-орысша сөздер мен өлеңдердостық туындай шарықтап жатты.
Біз Тоқай айтқан «Мұңды да, нұрлы Қазанды»араладық. Бірақ қазір бұл – мұңсыз қала, мәртебеліқала. Тіпті қарт кремльдің өзі жасара түскенсияқты. Атақты Сүйінбике мұнарасы қазір бүкілҚазанның үстінен қарап, айналасын алыс шолыптұрғандай. Тіпті мұнараны былай қойып, Кремльқабырғасына шығып қарасаңыз да, бүкіл Қазан аяқастында жатқандай көрінеді. Соның ішінде шынмәнінде аяқ астында жатқан нәрсе – Қазан теңізі.Кәрі Қремльдің бес-алты ғасыр бойы шаң басқанқабырғасын қазір мөлдір толқын аймалап жатыр,Еділден келген жасанды теңіз Қазанды үлкен портқаайналдырып жіберген. Біз қазір сол портты да,арғы беттегі жаңа қаланы да көріп тұрмыз. Жаңақала – жаңа Қазан – өнеркәсіпті Ленин ауданы.Оның зәулім де көрікті үйлері, сұлу көшелері, жас  бақтары қиырдан көз тартады. Орайы келгендеайта кетейік, біздің қоштасу кешіміз – апталықтыңжабылуы осы Ленин ауданында өтті. Даңқты татаржұмысшылары бізге зор меймандостық көрсетіп,Қазақстан еңбекшілеріне туысқандық «қайнарсәлем» жолдады. Сол сәлем жолдағандардыңішінде – запастағы генерал-лейтенант СоветОдағының Батыры Ғани Сафиуллин де бар. ҰлыОтан соғысы кезінде қазақстандық дивизияныңкомандирі, одан соң корпус қолбасшысы болған олжас шағын біздің республикада өткізген кісі екен.«Қазақстанда комсомол қатарына кірдім, соданармияға жолдама алдым» дейді генерал. Өзінің«Жеңістер жолымен» деген кітабында Сафиуллинқазақстандық дивизияның ерлігін сүйсіне жазыпты.Түбінде бұл қазақ тіліне аударылатын кітаптардыңбірі болуы керек. Жалпы, татар жазушылары менғалымдарының, музыканттары мен артистерініңішінде Қазақстанда туып-өскендері, көп жылтұрғандары толып жатыр. Жазушы ғалым ХасанХайри, ақын Махмуд Хусаин, атақты композиторНәжиб Жиганов сияқты есімдердің талайын атауғаболады. Қазақ-татар мәдениеті байланысыныңшежіресі сияқты филология ғылымының докторыМұхамед Ғайнуллин дос бұл жөнінде сөйлеп кетсе,бұлбұлдай сайрап береді.
Қазанда, соның ішінде жоғарыда аталғанЛенин ауданында көптеген маңызды-маңыздыөнеркәсіп орындары бар екен. Татар достар, әсіресе,мехкомбинатын мақтан етеді. Біз соның жұмысыменде таныстық, неше түрлі әдемі ішіктер шығаратын  бұл комбинат біздің Қазақстанның өзінен жылына200 мыңдай қой терісін алып тұрады екен.
Қала кітапханаларында қазақ әдебиетішығармалары бойынша кітап оқушыларконференциялары да өтті. Татар достар біздіңәдебиетіміздің табыстарымен жақсы таныс екен.Мұны біз көзбен көріп, құлағымызбен естідік.
В.И.Ленин атындағы Қазан мемлекеттікУниверситетінде болғанымыз да естен кетер емес.Еліміздің ең аға оқу орындарының бірі боп есептелетін бұл Университет ұлы Ленин есімімен тығызбайланысты. Жас Володя Ульяновтың гимназияданкейінгі оқуы да, революциялық адымы да осындабасталған. Біз ол оқыған аудиторияда болдық, олотырған партаны көрдік. Сондағы әрқайсысымыздыбилеген сезім толқынын сөзбен айтып жеткізу қиын.Кейін, Университет үйі алдындағы алаңдағы Ленинескерткішіне шоқ-шоқ қызыл гүл апарып қойғанда,сол бір шексіз махаббат сезім тасқынын үнсізбілдіргендей болдық.
Қазан Университетінің ең үлкен мақтанышымен байлығының бірі – кітапханасы. Миллиондағанкітабы бар бұл қазынаны жөнді бөгелмей тек аралапөтудің өзі бірнеше сағат уақытымызды алды. Мұндабіз әр халықтың әр заманындағы баспасөзінің үлгісінкөрдік. Соның ішінде қазақ қолжазбалары да аземес екен. Университет басшылары бізге бұдан жүзжыл бұрын Қазанда басылып шыққан «Ер Тарғын»жырының фото көшірмесін сыйға тартты.
Бізді атақты революционер Молланұр Вахитоватындағы колхозда да зор сағыныш сезімменқарсы алды. Тіпті толып жатқан сый-құрметті  былай қойғанда, мынадай бір жәйтті айтпай кетугеболмайды. Бұл колхоздың қазақ туыстарын аңсапкүткені сонша, көктемге бір алаңға арнайы гүлотырғызған. Оны «Қазақ гүлі» деп атап, арнаулыкүтімге алған. Міне, енді сол тамаша райхан гүлдербіздің құшағымызға сыймай кетті.
Біз әдебиет кешіне дейін колхоздыңшаруашылығымен таныстық. 10-жылдық мектептібітірген 40 қыз сауыншылыққа келген сиырфермасының басында да болып, Шәлі ормандаласының татарша-қазақша ән-жырларменжаңғырыққанына да куә болдық.
Қазан теңізі мен Еділ бойындағы серуен, Аққукөлі жағасындағы жазушылар қалашығындағыдостар дастарханы, «Жас гвардия», Мұса Жәлелатындағы пионер дружиналарындағы қонақтық,қарапайым еңбек адамдарымен сырласу, өлмеспоэзия иесі Ғабдолла Тоқай зираты, Кокошкиноселосындағы В.И.Лениннің музей үйі, татар әндері,ғажайып көңілді «Құдаша» атты музыкалы комедия– осының бәрі ұзақ-ұзақ хикая болғандай нәрселер.
Біз гүлденген республиканы, қуанышты елді– талантты, батыр халықты, бауырлас халықты,олардың қазақ туысқандарға деген ыстық махаббатынкөрдік. Мұның өзі әрқайсымыздың жүрегімізге жырбоп құйылғандай еді.
Біздің делегация – Ғабиден Мұстафин, СағынғалиСейітов, Ғайша Шарипова, Тахауи Ахтанов,Тұрсынхан Әбдірахманова, Леонид Кривощеков,Аманжол Шамкенов, Олжас Сүлейменов және осымақаланың авторы – қазақ әдебиетін насихаттау,туысқан әдебиеттер достығын нығайту ісіне хал-
 қадарынша біраз қызмет етті. Әрқайсымыздың ТатарАССР Жоғары Советі Президиумының Құрметграмотасымен наградталуымыз кішкене еңбегімізгеүлкен баға, зор естелік болды.
Біз аз күннің ішінде туысқан Татарстанға, қадірліқаламдастарымызға онан сайын бауыр басып кетіпек. Енді міне, вокзал басында қоштасудың қиынбоп тұрғаны да сондықтан. Бірақ «уақыт жетсе –бастан жақ та айрылады» дегендей, әрқайсымыздыңөз жұмысымыз, өз жазу столымыз бар, солар күтіптұр, солар асықтырады. Сол себептен біз «қош!»айтуға мәжбүрміз.
– Қошыңыз, тизерәк ұшырашқанша янадан! –дейді татар достар.
– Мың да бір рахмет. Сау-сәлемет болыңыздар,туысқандар! – дейміз біз.
Осылайша, қимас достармен қош айтыстық.Алдымызда – туған Қазақстан, шабытты еңбек,жаңа творчестволық сапарлар.
2
Екінші сапарымыз – туысқан Тәжікстан. Ежелгіжыр елі. Фирдоуси, Хафиз, Рудакилердің мәңгілікпоэзиясымен суарылған, содан сусындап, соныменәлденген жер. Бірақ біздер, қазақ жазушылары үшінең қызықтысы – бауырлас республиканың бүгінгіөмірі. Біз үлкен тарихы бар тәжік халқының көнешежіресіне көз жібере отырып, Ұлы Октябрь әкелгенкеремет революциялық өзгерістерді көргіміз келеді.
Әлбетте, біз Тәжікстанның бүгінгі көркемсөзінің де кең қанатты екенін жақсы білеміз. Тәжіксовет әдебиетінің классигі. Садриддин Айнидің 
«Құлдар», «Бұхара» сияқты шығармалары қазақтіліне әлдеқашан аударылған. Лениндік сыйлықтыңлауреаты ақын Мирза Тұрсұн-Заденің есімі дебәрімізге мәлім. Жаңғырған Памир мен Гисаралқабының жаңа бояуларымен жанданған жарқынөмірін Тәжікстанның халық ақыны МирсаидМиршакардың «Алтын қыстақ», «Ленин Памирде»сияқты дастандарынан оқығанбыз. Алайда «Мыңныңтүсін танығанша, бірдің атын біл» дегендей,туысқан халықтың талантты ұл-қыздарыменжүзбе-жүз көріскенге не жетсін. Әрине, біз тәжікқаламгерлерімен бұдан да бұрын талай кездескенбіз.Мирза Тұрсұн-Заде, Сатым Ұлұғ-Заде, БақиРахым-Заде, Фатих Ниязи, Жалал ИбрагимдерАлматыда да талай болған. БірсыпыраларыменМосквада жазушылардың съездері мен пленумдарыүстінде көрісетінбіз. Енді олардың өз жерінде құшақжайысып, кеуде түйістіріп отырмыз.
Біз самолеттен түскенде қарсы алған тәжікдостардың жүздері қандай жарқын болса, сол күнгіаспан да соншама жайдары, соншама нұрлы болды.Айтып қояйық, біз кете-кеткенше күзгі күн бір дебір қабақ шытқан емес.
– Күн нұры біздің өзімізде де аз емес еді, оныңүстіне сіздер қазақ таңының әсем шапағынан даала келген екенсіздер. Аспан-жеріміз одан бетержарқырай түсті. Қазір алқаптарымыздың ақ алтыны– мақта жинау маусымында мұндай ашық күнкерек-ақ, – дейді тәжік жолдастар.
Октябрьдің 5-і күні кеште, Душанбенің ауылшаруашылық институтының кең залында қазақәдебиетінің Тәжікстандағы апталығы ашылғанда да сол бір ғажайып күн нұрына шомылғандай болдық.Бірақ бұл жолы шұғыла – аспаннан келген күнсәулеті емес, қадірлі тәжік туысқандардың жүрекнұры, махаббат жылуы еді.
Кешті Мирза Тұрсұн-Заде ашты. Айтпақшы,бізге барғанда Мирза едәуір сырқаттанып, емханадажатыр екен. Ақындығын атамағанда қоғамдықжұмысы да шаш-етектен келіп жүретін бұл кісініңемделуге де қолы тие бермесе керек. Бұл кешке олемханадан екі-үш сағатқа қоярда қоймай сұраныпкеліпті. Кеш бітісімен емханаға қайтадан барыпжатты. Сол Мирза өзінің кіріспе-сөзінде Қазақстантуралы, қазақ халқы туралы, оның әдебиеті менмәдениеті жайлы үлкен ыстық сезімімен тебірене,толғана айтты.
Қазақ әдебиетінің даму жолы туралы меніңқысқаша сөзімнен кейін залды біздің ақын,жазушылар баурап алды. Жұртшылық СәбитМұқанов, Ғали Орманов, Сырбай Мәуленов,Олжас Сүлейменовтерді зор ілтифатпен тыңдады.Сонымен қатар Мирсаид Миршакар, Бақи РахымЗаде сияқты тәжік ақындары қазақ поэзиясыныңшығармаларынан өз аудармаларын оқыды.
Бір ғажабы сол: тәжіктер тілі басқа болса дабіздің қазақшамыздың өзін қай жерде де тілмашсызақ ұғып отырды. Жүрекпен, ерекше бір туысқандықсезіммен түсінетін-сынды. Сөйтіп, тілек бір, көңілбір болса, тіл өзгешелігінің бөгет болмайтыны осыжолы да айқын көрінді.
Ертеңіне, 6 октябрь күні біз екі топ болыпекі жаққа жол жүрдік. Мен атақты Нурек ГЭС-іқұрылысына, Куляб қаласына қарай сапар шеккен
 топта болдым. Сәбит ақсақал бастаған жолдастарВахыш алқабына аттанды.
Тәжікстан – таулы ел. Біз сол таулардыңасу-асу, шатқал-шатқал, жықпыл-жықпылдарыншарлай отырып, Кулябқа бет алып келе жатырмыз.Машинадан төмен қарасаңыз, бас айналғандай:жыландай ирелеңдеген жол биікке көтеріліп,жарқабақтың құлама шетімен жүріп отырады.
Осы сапарда бізді ең әуелі Осей территориялықөндіріс басқармасының басшылары қарсы алды.Солардың ішінде атақты Ленин атындағы колхоздыңпредседателі, ССРО Жоғарғы Советінің депутаты,Социалистік Еңбек Ері Мерәлі Мамедалиев те барекен.
– Сіздерді біз ай қарағандай күтіп отырмыз.Біздің колхозға аялдай кетіңіз, – деді ол.
Біз танысуды колхоздың егін даласынан бір-ақбастадық. Бүкіл республикадағы сияқты мұнда да ақалтын жинаудың қауырт кезі екен.
– Мемлекетке он бес мың тонна мақта тапсыруғаміндеттенген едік. Соның қазір 9 мың тоннасынтапсырдық. Енді он күнде қалғаны да орындалады,– деді Мерәлі.
Мақта даласы адамға толы. Қолмен де,машинамен де теріп жүр мақтаны. Осы арада бізколхоздың таңдаулы терімшілерімен таныстық.Олар әрқайсысы қолмен күніне 200 килограмғадейін теретінін, биыл мақтаның өте биік шыққанынайтты.
Мақта жинау – зейнетімен бірге бейнеті де көпжұмыс. Бірақ техника оған да батыл араласып,сол еңбек қиындығын азайта бастапты. Бір сәт
 терімшілерге біз де қосылып, қыз-келіншектердіңқаптарына уыс-уыс мақта салып кеттік.
Колхоздың өткен жылғы табысы 4 миллионсом болған екен. Биыл 6 миллионға жетіп қалардеп тұр. Бұл ақшаның ескі есебімен 60 миллионсом екен! Колхозда екі он бір жылдық, үш сегізжылдық мектеп бар көрінеді. Мәдениет сарайы дакөз тартады. Мақта даласынан келіп біз осы сарайдаколхоз адамдарымен бас қостық. Оларға Қазақстантуралы, қазақ әдебиетінің табыстары туралы сөйлепбердік, тәжік тілінде шыққан кітаптарымызды тартуеттік. Айтпақшы, биыл Тәжікстанда қазақ әдебиетішығармаларынан он шақты кітап шығыпты.Солардың ішінде Тайыр Жароков, Ғали Орманов,Сырбай Мәуленов, Қуандық Шаңғытбаев, ӘбділдаТәжібаевтардың өлең, поэмалары, БауыржанМомышұлының, Сейітжан Омаровтың, ӘнуарӘлімжановтардың әңгімелер жинақтары, қазақпоэзиясы мен қазақ әңгімелерінің антологиясы бар.Біз барған кезде бұл кітаптар тәжік туысқандардыңқолдарынан түскен жоқ.
Куляб қаласының бір ерекшелігі: бұл былайыншашағын болса да әр қилы оқу орындарына бай екен.Ал оқушылар, жастар көп жерде әдеби кештердіңде әрі қызықты, әрі қызу өтетіні белгілі. Мұндада солай болды. Кеште көп-көп құттықтау сөздерде сөйленіп, қазақ халқының атына ыстық сәлемжолданып жатты. Әсіресе, кітап әуесқойларықолымызды талдырды: автографты жазып үлгіреалмадық. Тәжік халық мәдениетінің қаншалықтыөскеніне осы да бір үлкен куә сияқты.
Куляб қаласымен танысқаннан кейін біз Нурекэлектр станциясы құрылысына тарттық.
 Тәжікше Нурек – от, нұр деген мағынада екен.Ал ГЭС салынғаннан кейін бұл өлке шын мәнінденұрға толады. Ені 25-30 километр, ұзыны 50-60километрдей тау шатқалы Вахыш өзенінің суынатолып, жасанды теңіз болады. Оның тереңдігіплотина тұстарында 300 метрге дейін барады, дейді.Бұл су қоймасы ондаған мың гектар жерді суарып,ақ алтын алқабына айналдырады.
Қазір ГЭС құрылысы жұмысы қызу жүріп жатыр.Біздер оның тесік тау сықылды туннельдеріне кіріп,құрылысшыларымен сөйлестік, олардың жас қаласынараладық. Қайда болсақ та тәжік достардың бұлтамаша құрылысты зор мақтаныш ететінін көрдік.Сол сезімге біздер де қуана қосылдық.
Қайтадан Душанбе келіп, Вахыш алқабынакеткен жолдастарымызбен жолығыстық. Олар дакөргендерін айтып жеткізе алмайды. Колхозда,шекарашыларда қонақта болыпты. Тәжікстанныңабзал алқабының тамаша туындыларын көріпті.
Душанбеге оралған күніміз Фирдоуси атындағыкітапханада кездесумен аяқталды. Мұнда СәбитМұқановтың творчествосына арналған оқушыларконференциясы болды. Осы кеште тәжік телевизиястудиясында да қонақ болдық.
9 октябрьде арнаулы самолет бізді тау асуларынанасырып, Ленинабадқа – кәрі Ходжентке әкелді.
Ленинабад – гүлдеп өсіп келе жатқан жаңақала. Кәрі тарих куәсінен Александр Македонскийқорғаны мен кейбір ескі үйлер қалдығы болмаса,пәлендей ештеңе байқалмайды. Мұнда да көптегенқұрылыстар көзге түседі. Соның ішінде музыкалыдрама театрының жаңа үйі мен Сырдария өзеніндегі
 зәулім көпір ерекше көз тартады. Жаңа панорамалықкинотеатрдың көрермендері де біз болдық.
Ленинабадтың атағын алысқа жайған бір өндірісоның жібек комбинаты. Жылына миллиондағанметр мата беретін бұл комбинат бізге мықты әсеретті. Мұнда да – ақылды машиналар. Солардыңбірнешеуін бір өзі басқарып тұрған адамдар,әрине, одан да ақылды. Біз осы тамаша еңбек иесіәйелдердің өнеріне қайран қалдық. Сол секілдіҚайраққұмдағы кілем комбинаты да естен кетпесәсер қалдырды. Еліміздегі кілем шығаратын еңірі өндіріс орындарының бірі бұл комбинаттыңөнімін бұрын магазиннен көрсек, енді оның қалайжасалатынына, кімдердің қолынан шығатынына куәболдық. Комбинат жас көрінеді. Әбден күшіне кіріпболғанда жылына бір миллион 500 мың метр кілембұйымын береді екен. Біздің Қазақстаннан шикізаталып тұратын көрінеді.
– Мына жүн Қостанайдан келді, – деп көрсеттібізге инженер.
Біз таныса келе тәжіктің жері де кілем түріндейқұлпырып көркейе түскенін көрдік. Әсіресе,Қайраққүм теңізіне қарап тұрғанда көңілде нешебір қуанышты сезімдер пайда болады. Бір кездеқұлазыған құмдай сүреңсіз жер енді көкжиекке дейінкөсіліп, толқын атып жатыр. Толқын төсінде теңізшағаласы ойнап жүр.
– Теңіз орнағалы осы айнала жасыл алқапқаайналып барады, – дейді Тәжікстан жазушылародағы басқармасы секретарьларының бірі ақынА.Шукухи. Біз мұны өз көзімізбен көрдік. Ал қызыланар бақшасының ішінде жүргенде шексіз-шетсізалма бағына түсіп кеткендей боласың.
 Сырдария өзенін ауыздықтаған ҚайраққұмГЭС-і де – ғажап құрылыс. Оның үйі жер астынақарай кететін жеті қабат екен. Біз лифтімен төртіншіқабатына түскенде, қасымыздағы ГЭС директоры:
– Қазір Сырдария біздің төбемізде жатыр, бізөзеннің астында тұрмыз, – деді.
Тәжікстанда Сырдың есімі көп аталды. Үш республиканы бірдей сусындатып жатқан ұлы өзендостық пен туысқандықтың айғағындай көрінеді.
– Сырдың суы қандай ортақ болса, біздің ойпікіріміз де сондай ортақ, – дейді тәжіктер.
Қайраққұмнан шығып Конибадам қаласынакелдік. Бұл өндірісі көп жер екен. Айналасындакөмір шахталары да бар көрінеді. Осында жәнеЛенинабадта өткен әдеби кештер үлкен мәдениетмерекесі, халықтар достығының салтанаты секілдіболды.
Ленинабад сапарында бізге аса ұнаған нәрсеніңбірі Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алғанОрынходжаев басқаратын «Москва» колхозыныңмәдениет сарайы болды. Ұлттық ою-өрнекті мейліншепайдаланып салған бұл сарайдың сұлулығын сөзбенайтып жеткізе алмайсың.
Бір аптаның өткені бір күнгідей болған жоқ.Бірақ көңілде жылдар бойы ұмытылмастай көріністерқалды. Біз тәжік ағайындардың қошаметін,меймандостығын әрдайым еске аламыз. Біз барғандаДушанбенің орталық көшелері мен Ленинабадтыңмектеп-интернатына Абай есімінің берілуі де өте біртебірентерлік жәйт болды. Соған жауап сықылдытәжіктің атақты жазушысы Садриддин Айнидыңзиратына біз дезор құрмет сезіммен тәжім етіп, гүлқойдық.
 Қорытынды кеш Душанбеде республикалықдрама театрының үйінде өтті. Кешке Тәжікстан КПОрталық Комитетінің бірінші секретары Ж.Расуловжолдас бас болып, республиканың үкімет, партиябасшылары қатысты.
Бұл кеште біздің ақсақалымыз Сәбит Мұқановқазақ әдебиеті апталығының айта жүргендей бопөткенін атап көрсетіп, Тәжікстанның партия-советұйымдарына, барша жұртшылығына, соның ішіндеЖазушылар одағына шын жүректен көп-көп алғысайтты. Өзгелеріміз де сол сезімге қосылып, кештетағы да поэзияға сөз бердік. Мұнда Тәжікстансапарынан туған жаңа өлеңдер де оқылды.
Тәжік жазушылары қазақ қаламдастарына тақиякигізіп, жібек белбеумен бір-бір шапан жапты.Сөйтіп, осы бір жылы лебізді, мол ықыласты достықкеші зор творчестволық сапарды, маңызды саясижұмысты қорытып, сауық-салтанатпен, әдемі әнкүймен аяқталды.
Амал не, тағы да «қош!» айтуға тура келді.Міне, соны айтатын жер – аэропорт. Тәжікстан КПОрталық Комитетінің секретары Н.Зарипова жолдас,жазушы достар – бәрі де оң сапар тілеп, бүкіл қазақхалқына, республиканың бүкіл еңбекшілеріне ыстықсәлем жолдап жатыр. Солардың ішінде МирзаТұрсұн-Заде де бар. Ол тағы да шыдай алмай,емханадан шығып келіп отыр. Өзінің әдемі күлкісімен, жылы, нұрлы көз қарасымен әрқайсымыздыбаурап алып, құшақтап қоштасып жүр.
– Қош! – дейді достар.
– Қош, қазақ жерінде көріскенше, – дейміз біз.
Сәлден кейін күміс қанат «ИЛ-18» күнгешағылып, Алматыға алып ұшты бізді.
 * * *
Биылдың екі сапары осылай аяқталды. Бірақтворчестволық жұмыс, әдеби байланыстарды оданәрі нығайта беру жолындағы ізденулер аяқталмақемес. Біз туысқан республикалар жазушыларыныңөмірімен таныстық, әдебиетіміздің ортақ мәселелерітуралы кең пікір алыстық. Мұның өзі бізге көптегеной салды. Соларды кәдеге асырып, пайдаға жаратукерек.
Жаңа кездесулер жайын да қолға алу қажет.Соның ішінде тәжік жазушыларын қарсы алу шараларын қазірден бастап белгілеуге тиіспіз. Ең әуелібіз оларға республикамызды, оның ғаламат табыстарын мейлінше молырақ көрсету жағын ойластыруымыз керек. Екіншіден, тәжік әдебиетінің таңдаулышығармаларын көбірек аудару ісіне баса көңіл бөлужөн. Және бұл істі саяси маңызды деп қарау керек.Әйтпесе, кейде біздің баспа орындарының анаумынау сылтау айтып, үлкен жұмысты ұсақтатыпалатыны бар...
Әдеби онкүндіктер мен апталықтар өте қажеттіістер. Енді олардың географиясын да кеңейтіп,көлемін де үлкейте түссе дейміз. Соны Россия Федерациясы әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігіменбастасақ, тіпті жақсы болар еді. Республика жұртшылығы мұны көптен күтіп отыр. СөйтіпҚазақстанда туысқан республикалар мәдениетініңбаршасының салтанаты өтуі керек. Достық мейрамы, әдебиет мерекесі көбейе берсін.
1963





Пікір жазу