01.05.2022
1359
Байқау жыл оқушысы таныстыруы
Бүгін шаттық, бүгін жыр, қараңыздар,
«Жыл оқушысы» байқауы есік ашты.
Ассалаумалейкум сәлем бердім,
Сәлемдесу салтымыз біздің басты.
Ермекұлы Мақсатпын жүрегі кең,
Әрбір жанға рухани беретін дем.
Ұлы жүздің ұлымын елін сүйер,
Жақсылардың соңынан еретін бір.
Сәттілікті тілеймін бұл байқауға,
Есте қалар қызықты өтсінші деп.
Мықтылардың мықтысы жеңсін енді,
Бүгінгі күн сәтті боп тек күлімдеп.