meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.05.2022
  1404


Автор: Таныстыру сөздері

Байқау үшін «Жыл оқушысы»

Армысыздар иіліп сәлем бердім,
Басып міне қобалжыған көңіл демін.
Бармысыздар достарым, жиналған жұрт,
Қатысуға байқауға мен де келдім.

Жыл оқушысы байқауы ерекше бұл,
Сайрап жатыр мінеки жүректе үн.
Ардаққызы Айғаным мен боламын,
Көңілді нұр тербеген, жүректі жыр.

Тек сәттілік тілеймін баршаңызға,
Мықтылардың мықтысы жеңсін бүгін.
Сайыскерлер тек алға, шаршамаңдар,
Жалғай берсін жақсыны жеңісті күн.





Пікір жазу