01.05.2022
1162
Жыл оқушысы байқауына таныстыру
Жыл оқушысы байқауына келіп тұрмын,
Оң аяқпен міне мен де еніп тұрмын.
Армысыздар жамағат, сәлем бердім,
Бастауымен бүгінгі шумақ жырдың.
Нұрболқызы Айдана мен боламын,
Жақсылықты ойлаймын, толғанамын.
Қанағатшыл қызбын мен мейірімді,
Сақтайтұғын шүкір деп қолда барын.
Әдептен мен аспаймын, дөрекі боп,
Бұл Айдана жақсыға сенеді көп.
Ал сәттілік оқушылар, оу достарым,
Сәттілікпен тәтті үміт береді көп.