01.05.2022
  185


Автор: Мұхаммед Салих

Үйге асығу

Отырғанда оңаша жыр түлетіп,


Атып шығам бөлмемнен дір-дір етіп –


Үйге айдап барады бір қоңырау:


«Жағдайы ауыр, көрші өзің ұлды келіп».


 


Шыға сала көлікке қол көтерем.


Қол да бөтен секілді жол да бөтен.


Тоқтамайды еш көлік. Қырсыққанда


Үңірейіп тұр мынау қалта деген.


 


Кетіп бара жатады жорғалап ел,


Қолға бекер қарайды, жолға бекер.


Тілім сонда аспанға жалынады:


«Құдай-ау, жар бола гөр!..»


 


Қол ауада желбіреп тұр өкпелі.


Бұл арада тоқтамас көлік тегі.


Бар қалаға кеткендей таратылып,


Үңірейген қалтамның суреттері...


1976 жыл





Пікір жазу