01.05.2022
  275


Автор: Мұхаммед Салих

Жаңбыр

Ағаш қалды саябақтан кете алмай,


Арық қалды суға төтеп бере алмай,


Жалғыз ғана жолаушылар қашты, әне –


Қолшатырмен ұшып кетер адамдай.


 


Кеткен шақта барлық тірі жан көшіп,


Үйді қорғап көшелерде қалды есік.


Өзін көріп жылтыраған асфальттен,


Суы құрып шаһар қалды жол кешіп.


 


Көңілі алаң бір үй қалды негізі.


Көрінбеген үйге қарай ер ізі –


Әне, әйнектен әйел жүзіп шығады,


Аквариумнен шыққандай су перісі.


1975 жыл





Пікір жазу