01.05.2022
  306


Автор: Жұбан Молдағалиев

БЕЙТАНЫС ТАНЫСТАР

Тайпақтың көп жерін аралап, көп адамдарыменкездестім. Осында туып өскен мен олардыңбірсыпырасын бұрыннан білетін ем. Бірақ жерде, адам да өзгерген. Жер көркейген, адам өскен.Жастар жетілген. Танимын деген кісілердің өзібейтаныс адамдар сияқты тың қырларымен, тыңқасиеттерімен көрініп отырды. Ал танымайтынадамдар көзіме өлеңімдей ыстық ұшырап, көптенбауыр басқан жолдастардай бір таныс мінездеріменкөрінді де отырды. Сонымен менің сапарым танысбейтаныстарға, бейтаныс таныстарға толы болды.Бәрі көз алдымда.
Солардың бірі – «Есенсай» совхозының ағашопаны Ораш Кәлкеев. Жұбайы Сабира да, шешесіНасиха да малшы. Жол-жөнекей аз әңгіме үстіндемен одан еңбегі туралы сұрасам, ол менен әдебиеттуралы сұрайды.
– Ораш біздің санаулы шопандарымыздың бірі,үш жыл армия қатарында боп келді, – деп ол үшінсовхоз директоры Уақит Айтмұқамбетов жауапбереді.
– Қазақ әдебиетінен армияда да хабардар бопжүрдім, – деп Ораш әңгімені өзге тақырыпқа бұрады.– Республикалық газеттер мен журналдарды, кітапжаңалықтарын жібермеймін. Жақында «Манас»пен Ж.Тілековтың «Шалғай шепте» романын оқыпшықтым. Қазір «Жұлдыздан» Сәбеңнің «Есеюжылдарын» оқып жатырмын, басқасын былайқойғандай біздердей жастар үшін ішінде көптеген  тарихи деректер бар екен. Журнал түгел басса дұрысболар еді...
Сол совхоздың өзге бір озат шопаны, ҚКПоблыстық комитетінің пленум мүшесі КөпесоваСәлиманың Ораштан жасы да үлкен, бітірген класыда аз. Бірақ «Қазақстан әйелдері», «Қазақстанкоммунисі» журналдары, «Социалистік Қазақстан»,«Батыс Қазақстан», «Лениншіл жас», «Труд»газеттері оның да асыға күтетін жолдастары.
Егер кейінірек, жиырма-отыз жыл шегініпқарасаң, Ораш та, Сәлима да бұрын көп кездесеқоймайтын бейтаныс малшылар. Ал қазіргі бейнесібәрімізге таныс – заман бейнесі, уақыт бейнесі.
Мен жоғарыда бір жерде «Өлеңті» совхоздарыныңЕгіс Жұбанышәлиев, Өтеш Мұқамбетәлиев дегеншопандарының есімін атадым. Бір күні солардыңүш-төрт жігітпен бас қосып отырғанын көрдім.Сонда «шопан» деген сөз әлгілердің өздері айтсада, жолдастары айтса да, бір ірілік пен құрметтің,байлық пен ерліктің белгісіндей естілді де тұрды.
– Әйтпесе шопан бола ма!
– Шопан болсаң сен де сөйтерсің!
– Қолыңнан келсе сен де шопан бол!
Кейін шопандарға деген халық құрметін, олардыңеңбегі мен тұрмысын жақындаңқырап көргенде,мұндай мақтан сөздер өзінен өзі түсінікті болды.
Осы арада тағы да Раушан Сариеваға орала кетужөн. Қазір орта жасқа қарай ойысып келе жатқанбұл әйел 1941 жылы 7 класс бітіргеннен кейінақ еңбекке араласа бастаған екен. Тағдыр мұныүнемі маңдайдан сипап, арқадан қаға бермепті.Тұрмыстың жөнсіз қаталдығы мен шапалағын да  басынан кешіріпті. Бірақ «тұлпардың өз тұяғы өзінемай» дегендей, Раушан оны да қайыспай көтеребілген кісі. Қысқасы, ыстық-суық, ащы-тұщыныңбәрі таныс оған. Сол шыңдалған мол қайратынРаушан сүйікті еңбекке сарқа жұмсап жүр. Ол«менің міндетім қойды бағу ғана» деп отырмайды.Керегінде шөпті де өзі дайындасады, өзі тасысады.Мысалы, Раушан биыл көктемде 557 қаракөлелтірісін тапсырды. Сонда сол елтірілерді сиырыпалған да, тұздаған да өзі.
Сөйтіп жүріп совхоз партия комитетінің мүшесі,үгітші Раушан оқуға да, қоғам жұмысына да уақыттабатын көрінеді. Мұрат Таспаев оның, әсіресе,әйелдер съезінде сөйлеген сөзін айта береді.
– Әйелдерді еңбекке қатыстыру, үйрету,мамандандыру жөнінде оларды үй шаруашылығынан,бала бағудан босату шараларын істеу, яслилер,балалар бақшасын ашу жайында ұсыныстаржасады, – дейді партком секретары. – Соныменбірге еңбектен қашатын әйелдерді де ұмытқан жоқ.Кейбір еркектерге де азуын басты. Расында, біздіңбөрікті жолдастар үй шаруасын түгелдей әйелдердіңісі деп ұғып, оған ешқандай қолқабыс тигізбейді ғой.Раушан осындай фактілерді көзге шұқып көрсетті.Тұрмыс мәдениетін көтеру жөнінде де сөз қозғады.
Қуаныштысы сол, Ораштар да, Раушандар дакөп. Қай совхозға, қай фермаға барсаң да ескідостарыңдай ұшыраса кетеді, алдыңнан шығады.
Мен «Орал» совхозының І-фермасыныңмеңгерушісі Ғабдолла Сапаровпен, ҚайыржанЕсенғалиев, Сайын Паңғалиев, Қайрат Серкебаев,Дауылбай Сисембаев сияқты пішеншілермен,  трактористермен кездестім. Бұлар маңдай терібұршақтап еңбек етіп жүрген адамдар. Шөпті әрқораның іргесіне тау-тау қылып үйіп салыпты.Сол жас жігіттер өздері жөнінде қолдарын бір-ақсілтейді де қайрақшы Темірбаев Қасан қартты, аспазТөлегенова Бәдия жеңгейді жабыла мақтайды. 70-
тегі Қасекең күніне 50-60 орақ қайрайды екен. Әріпеш шебері көрінеді.
– Еңбектен қалу – қартаю деген сөз. Менқартайғым да келмейді, пайдасыз да болғымкелмейді, – дейді ол.
Біз түскі ас кезінде Бәдия жеңгейдің қолынандәм татып көрдік. Тәжірибелі, шебер аспаздыжігіттер танып мақтайды екен. Айтпақшы, біз осыпішеншілер бригадасын іздеп келе жатып, бәріненбұрын Бәдия жеңгейдің кенжесі Қанатқа жолығыпедік. Осы 5-6 жасар бала бізге жұмыс жайын да,кімнің қайда не атқарып жүргенін де бригадирденбетер айтып берді. Шынында өздері Қанатты «кішібригадир», «анықтама бюросы» деп атайды екен.
Тағы да жол-сапар, тағы да кездесулер. Жасы,жұмысы, білігі әр алуан адамдар. Бәрі тартымды,бәрі жақсы, бірінен бірі өтеді.
Қайрөш Нұғыманов – аласа бойлы тығыршықтайжап-жас жігіт. Көруге өңі қандай қоңыр болса,мінезі де қойдан қоңыр сықылды. Көптің біріндей,көзге де түсе бермейді. Ал, осы жігіт жұмысы, білігіжағынан алсаң, совхозда көптің бірі емес, сол бірдіңнағыз өзі – бас зоотехник. Москваның мал дәрігерлікакадемиясын (зоотехниктік бөлімін) бітірген.Ол жақында ғана Шымкентке барып, совхоздыңмемлекетке деген қаракөл елтірілерін өткізіп келген  екен. «Дүйімбайдағы» жиында малшыларға солсапары туралы есеп беріп тұрып, апарған өнімдерініңбір бөлегінің ең асыл елтірілер қатарында алынғанынайтқанда, Қайрөштің даусы да, тұлғасы да, мінезі дезорайып кеткендей көрінді маған. Содан соң меноның шопандар алдында әдебиет туралы жасағанбаяндамасын тыңдадым. Бұл жолы Қайрөш тағы дабиіктей түскен сияқтанды.
Осыдан бірер күн бұрын мен Қайрөштіңакадемияны бірге бітірген досы – «Орал»совхозының бас зоотехнигі Бақытжан Сағынбаевтыңүйінде болған едім. Сыпайы, меймандос Бақытжанмен оның зайыбы Розаның да маған ерекшеұнаған қасиеті – көркем әдебиетке деген құрметі,мәдени ой-өрістерінің кеңдігі. Осы бір жас семьяөз еңбектеріне қандай құштар болса, әдебиет пенмәдениет мәселелеріне де сондай құштар боп отыр.
Мұндай достар, мұндай бейтаныс таныстармолая берсін.
«Тайпақ» совхозының Қыдырғалиев Нұрсұлтан.Оразов Қабдығали, Ермағамбетов Байдук, төртағайынды Кәжікпай, Сая, Өтеген, Төлеген Кәмешовтарсияқты атақты шопандары ше? «Есенсай», «Өлеңті»совхоздарының Қуан Жидебаев, Виктор Шумилов,Шамиль Серікбаев, Бақраушан Ғалиев, БайдрахманҚуанышқалиев, Тоқтамыс Утәлиев секілді тамашакомбайншылары ше? Олардың әрқайсысы өзалдына бір әңгіме болғандай. Әрқайсысынан еңбекадамының, коммунизм құрылысшыларының жақсыжақсы қасиеттерін танисың. Көркем шығармакейіпкерлері де осындай адамдардан, бейтаныстаныстардан жаралып, бүкіл халықтың танысқа  айналуы керек. Партия жазушыларды өмірдізерттеуге, өз замандастарымыздың өшпес бейнесінжасауға шақырғанда осыны көріп те, біліп те айтады





Пікір жазу