01.05.2022
  271


Автор: Жұбан Молдағалиев

АҚ ОТАУДАҒЫ ӘҢГІМЕ

Манағы айтқан «Дүйімбай» жайлауыныңАлтыат аталатын жерінде «Тайпақ» совхозымалшыларының мәдени орталығы бар екен. Ауданорталығы Калмыковтан да, совхоз орталығынан да110 километрдей жерде. Өткен жылы дүниеге келген ол Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мәдениорталық деп аталатын екен. Әзірге бұл бір қалыптысалынған екі үй. Бірінде – оқу үйі, клуб, екіншісінде– магазин және басқа бөлмелер. Бара-бара мұндада біраз құрылыстар жүзеге асырылмақшы дейді.Әзірге тұрақты қыстаулардың орынын кигіз отаулар басып тұр. Біз келгенде қаз-қатар соның бесеуітігулі тұрды. Бір шетте бірнеше «Волга», «Москвич»қаңтарулы. Шопандардың жеке меншік машиналары көрінеді.
Күні бойы ұзақ жол үстінде қырық градусыстыққа, машинаның жан-жағынан соққан аңызақ
 жалынына пісіп келген біздер бұл жерге жеткенде«уһф» деп демімізді бір-ақ алдық. Мүлде бір жаңадүниеге келгендейміз. Саялы, самалды, көл орыны секілді бір ойпаттау көкорай әдемі жер екен.Айналасы ат шаптырым. Айтпақшы, мерекелердемалшылар осы арада ат та шаптыратын көрінеді.Жолдастардың су жөніндегі әңгімелері құлағымаәбден сіңіп, қиялымды билеп алған болса керек,«шіркін, бірнеше экскаватор, бульдозерлерді салып,тереңдетіп жіберіп, осынау ойпатқа су толтырыпалса, қандай көл болар еді!» – деп ойлаймын.
– Ғажап жер емес пе, – дейді Жақия, біздіңойымызды сезгендей, – Әсіресе бұл жердің түніжақсы. Нағыз қоңыр түн, рахаттанып ұйықтаймызбүгін.
Еңбекшілер депутаттары Тайпақ аудандықатқару комитетінің председателі Төреш Мұрадимовекеуміздің арманымыз да осы еді, бірақ рахат ұйқықиял боп қана қалды.
– Мына үйде, – деді совхоз партияұйымдастырушысы Сайман Қилышев, ақ отаулардыңортадағы бірін нұсқап, – ертеңгі малшылар күнінекелген бір топ қадірлі қариялар бас қосып отырекен, барып сәлемдесіп, амандық сұрасып шығайық.
– Ойбай, әрине, – деді сыпайыгер, сабырлы,Төреш, бұ жолы тез жауап қатып. – Өйтпесек әбденбәлеге қаламыз, ақсақалдар әкемізді танытады.
Төрештің бұл қорқынышын Жақия да, ҚКПаудандық Комитетінің секретары Тобанияз Табылдиев те орынды көрді.
Біз үйге кіргенде ымырт жабылып кеткен еді. Ақотау Ильич шамының тасқын нұрымен қарсы алды.
 Электр жарығы мен қызыл кілем, масаты көрпеқұбылып кезді ұялтады.
Үй иесі, еті де, қайраты да қайтпаған төрт таған,нығыз қара шал Сәрсен Ысмағұлов «аман-сау»сұрасқаннан кейін бәрімізді таныстырып та болды.Бірсыпырасының мән-жайына сырттай қанықпын.Мына төрде отырған қарт мұртты интеллигент қария– осы ауылдың өз қонағы Ғабдолла Мақамбетов.Орынбордың мұғалімдер семинариясын 1909 жылыбітірген бұл кісі 50 жыл бойы ағартушылық қызметатқарып келді, кемінде үш-төрт ұрпақтың ұстазы.Екі рет Ленин орденімен наградталған. Қазір дербеспенсионер. Әйтсе де халық өмірінен қағыс қалмайтынсияқты. Және қағыс қалдырмайтын да тәрізді. Әлітың. Менің де тұңғыш ұстаздарымның бірі болғанҒабекең баяғы салмақты мінезімен, жұрттыңәңгімесіне оқта-текте ғана бір сөз қыстырып қойып,тыңдап қана отырады.
Өзге қариялар – Социалистік Еңбек ері ТілеуішЖұмақұлов, совхозды қолымен құрысқан ӨтепТұрымбетов, Ораз Белгібаев, Жәңгір Ермағамбетов,Басар Тәжібаевтар бірінің аузынан шыққан сөздібірі іліп алып, әңгіме дүкенін астына от жаққандайқыздыра жөнелді. Әсіресе үй иесі Сәрсекең мақалдапмәтелдеп, орып-орып сөйлейді, о жағынан бір, бұжағынан бір шығып, алды-артыңды ораған майталман жүйрікке ұқсайды.
– «Боз торғай қой үстіне жұмыртқалап, заманым енді қашан түзеледі» деген өлеңді мен балакезімде есіткен едім, шырақтарым, – деді Сәрсекең,– сол жақсы заманды көріп отырмыз. Қолымызданкеліп, қонышымыздан басып отырмыз. Сыртта  тұрған «Волгалар» – мына Ораз бен Өтептердіңкөлігі. Әттең, рұқсатсыз кәрілігі құрғыр келе жатыр! Жатып ішер біз болдық. Таяғымызды балаларалды. Бірақ ұлы дырду кез келсе кәрі тарлан қосқұлағын қайшылап, жер тарпымай тұра алмайды,«Жабыдайын жалтаңдап түсер жерін қарамайды».Біз де сол сияқтымыз. «Той десе қу бас домалайды»дегендей, жиналыс-жиын десе, үйде отыра алмаймыз. Бізсіз іс бітпейтін сықылды. Ертең «Малшыларкүні» деген соң ғой мына шалдардың келе қалғаны.
– Қалай келмессің, – дейді жетпісті көргенбасын ақ шалмаған жұқалтық ақ сары шал Өтеп.– Осы совхозда жарты ғұмырымыз өтті. Еңбектіңбейнетін де көрдік, зейнетін де көрдік. Енді солзейнеті ұзағынан болса екен, тыныштығы арылмаса екен деп тілейміз. Бірақ жүріп қалған аяқ,қимылдап қалған қол, малмен шыққан көзіміз,мына Сәрсен айтқандай, балаларға бас-көз болғысыкеледі де тұрады. Білмеймін, қызғаныш па, қызығума еңбектің қазіргідей тартымды болғанын көргенемеспін.
Қарттардың қалтқысыз жан сырын толғанатыңдаған Төреш Тобанияздар «әрине, дұрыс айтасыз» деген сықылды мақұлдай отырып, оларғашын ризашылық білдірді. Жақия ертеңгі әңгіменіңтақырыбы – совхоз шаруашылығының бірінші жарты жылының қорытындысы мен алдағы міндеттерекенін және бұл қорытындының қанағаттанғысыземес те екенін айтты.
Көз үйреніп, әңгіме біраз тояттағаннан кейінменің назарымды аударған нәрсе үй іші болды. Үй іші болғанда, кілем, көрпе сынды жарасты
 жиһаздары емес, сол алты қанат отаудың өзі. Кереге, уығы келісті, туырлық, үзік, түндіктерінің түгісынбаған үй. Әсіресе ішкі баулары мен құрлары,соның ішінде бас құры қатты ұнады. Өнер иесініңқолымен өрнектеліп тоқылған.
– Сіздің Алматы жақта киіз үй бар ма? –деді Сәрсен шал. Менің назарымның қайда ауыпотырғанын байқап қалса керек.
– Бар, – дедім мен.
– Бізде жоқ болып кете жаздап барып, кейінгіжылдарда қайта өмір сүре бастады.
– Қазір ауданда кереге, уық жасайтын, киіз жасайтын артель де бар, – деді менің жолдастарымныңбірі, шалдардың «бәрекелдісін» есітіп қалғысы келгендей. Бірақ қарттардың ешқайсысы елең етеқоймады.
– Мынау менің өз үйім, – деді Сәрсекең –мақтанғаным емес, мұндай үйді артеліңіз жасай алмайды...
Осыны естігенде мен қонақ салтын бұзып,«дұрыс айтасыз» деуге шақ қалдым. Есіме «Өлеңті»совхозында көрген бір киіз үй түсті. Қалыңдығы қоселі қожалақ-қожалақ қара киіз, көзінің бірі шатыраш, бірі шапыраш кереге, сұрықсыз уық, құр орнында арқан...
– Киіз үйді артель емес, әр совхоздың өзі жасауыкерек, – деді Сәрсекең тағы да. – Жасағанда мынақарттардың, мына менің кемпірімдей кісілердіңкөздері тірі кезінде жасауы керек. Жастар солардан үйреніп қалсын. Әйтпесе, мәселен, бау, бас құртоқуды кейінгі қыз-қырқындар кімнен көреді?
 Аталы сөз-ау! Құрлар мен баулардың киіз үйдіңүлкен қажеті, нағыз көркі екені былай тұрсын, ондахалқымыздың тамаша өрнек өнері, тоқу өнері жатырғой. Оны өлтірмеу былай тұрсын, жаңа түр, жаңамазмұнмен байытып, өркендете беру керек емес пе?
Құдық қуалап, жайылым қуалап, көшерін су,қонарын шөп білетін әр малшыға әр жерде кірпішқұйып, қыстау салып бере беру оңай сауда емес.Киіз үй болса, жазда қыстауыңның қажеті де аз.Іргесі түрулі, түндігі ашық түнгі саяға не жетсін!Нағыз қазақ оның тігіп-жығуын да қиынсынбайды.«Тайпақ» совхозында осыны жақсы ұғыпты. Киізүйі, қымызы мен шұбаты жоқ малшы кездесе қойғанжоқ. Ал «Есенсай», «Орал», «Өлеңті» совхоздарында бұл жөнінде енді-енді ойлана бастапты.Жоқтықтан емес, құнтсыздықтан кешеуілдеп отыр.Киіз үй тігуді де, бие саууды да қиынсына ма, қалай?Асып-тасудан да құр алақан емес сияқты. Тіптімалшылар былай тұрсын, киіз үй пішен бригадалары мен егін қостарына қандай қолайлы! Жергіліктіжолдастар мұны да біледі, бірақ...
– Бұрын киіз басатын жүн жоқ деген сылтауестуші едік. Енді әр совхоздың өзінде қалатын жүнтолығынан жетеді, – дейді Төреш Мұрадимов.
Әңгіме үстінде шәй ішіп, ас жеп боп, сыртқашыққанда құлан иектеніп таң да атып қалғанекен. Самалға тербелген тәтті ұйқы арман күйіндеқалды. Бірақ қариялардың ақылгөй әңгімелері мендуалы дастарқаны ұйқыдан дәмсіз де, тиімсіз деболған жоқ. Мен осыны еске алған сайын сол данақарттарға тағы да бас иіп тәжім етіп, перзенттіксәлемімді жолдағым келе береді.





Пікір жазу