01.05.2022
  219


Автор: Жұбан Молдағалиев

ҚҰРЫЛЫСТАР, «ЖАБАЙЫ БРИГАДАЛАР» ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ

Жарбиған үйлердің орнында жарқыраған бірқалыпты шатырлы үйлер, жамыраңқы, шашылыңқыауылдың орнында жинақы совхоз орталықтары, ферма орталықтары, самсаған электр бағаналары менрадио антенналарының сынықтары1 қайда барсаң дабірден көзге түседі.
Бірақ мені риза қылғаны – орталықтардыңбейнесі емес, шопан үйлері, малшы қыстаулары.Қай-қай совхоз да алдымен соларды қамсыз етужайын қолға алып жатыр.
«Өлеңті» совхозының Қандық деген жеріндеосы жазда екі үлкен стандарт қора, әрқайсысы екіпәтерден екі тұрғын үй салынған. Жанында көкқұралай қыстық шөбі үюлі.
– Қылышын сүйреп қыс келмек түгіл тағы бірдеңекелсе де, енді қойды да, қойшыны да суық ала алмайды, – дейді аға шопан Егіс Жұбанышалиев пеноның жәрдемшісі немере інісі Өтеп Мұқамбеталиев,– мына бергі қора мен бергі үй бізге тигелі тұр.1 Бұл күнде телевизия антенналары да қаптап тұр. Автор.
 Айтпақшы, сіз байқадыңыз ба, осылар қамыстансалынған қоралар. Бұдан жылы болмайды екен.
Иә, байқадым. Қора-қопсыға қамыс ең арзан,ең қолайлы құрылыс материалы көрінеді. Оны қазіркөптеп пайдаланып жатыр. Бәрінен жақсысы сол,қолда бар материал бұл. Әр совхоздың өзі даярлай алады. Ал Шалқардың (Орал Шалқарының)жағасында арнаулы қамыс заводы да жұмыс істейдіекен.
Қазір совхоздарда мәдени орталықтар деген пайда болыпты. Соның бірі – бұрынғы Мәтеш, қазіргі«Коммунизм» деген жердегі «Орал» совхозыныңмәдени орталығы. Бұл бір жағынан бірнешемалшының қысқы қонысы. Екіншіден, мұнда жазда ай сайын малшылар күні өтіп тұрады екен. Олкүні шопандар өз жұмыстарын қорытады, ойынсауық көреді, лекция тыңдайды, оқу үйінде болады,моншаға түседі, магазиннен керек-жарақ тауарларын алады. Мәдени орталықта соның бәрі бар. Оқуүйі залының қабырғасынан:
«Малды жақсы баққаның –
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның –
Келген бақты қаққаның».
Немесе:
«Елде менің жүрегім,
Қойда менің тірегім.
Жақсы бақсам қойды мен,
Шығады данқым – білемін», – 
 деген сияқты олақтау болса да өмір шындығынайтқан өлең жолдарын да, «Жемшөп болса – малда, сүт те, ет те, май да болады» – деген сықылдыплакаттарды да, КПСС Программасынан алынғанөмір заңындай аталы сөздерді де оқисың.
– Бізде ақындар да жоқ емес, – деп күледі совхоз парткомының секретары Мұрат Таспаев, әлгіқабырғадағы өлеңдерді нұсқап. Көп жыл мұғалімболған, қазір 120 коммунисі, 240 комсомолы барүлкен совхоздың партия жетекшісі боп отырған олхалық жүрегіне жол таба алатын уытты, іскер кісітәрізді әсер қалдырды маған.
Құрылыс жағынан «Орал» совхозы мағанкөбірек ұнады. Мұнда совхоздың орталық усадьбасынан бастап, фермалардың орталықтарына дейінсара жоспар бойынша өріс алмақ. Бұл жоспардыАлматының жобалау институтына екі жыл бойы арнайы даярлатыпты. Сол бойынша, мысалы, әр фермада сегіз пәтерлік екі қатарлы 5 үй, төрт пәтерліжәне екі пәтерлі 26 үй, 120 орындық клуб, 50кісілік жатақхана, мектеп, магазин, асхана, тұрмыскомбинаты, медпункт, балалар бақшасы салынбақ.Жайық жағасындағы совхоз орталығы саражоспарының келешек жемістерін былай қойғандабүгіннің өзінде аудандағы ең көрікті ауыл. Жаңа кеңкөшенің екі бетіндегі бір қалыпты көптеген шатырлыүйлер, оның сыртындағы жаңа кеңсе, әдемі клуб,мектеп, балапандап өсіп келе жатқан бақ ағаштарыеңселі ертеңін көз алдыңа әкелгендей. Бір шеттегігараж бен мастерскойы қандай десеңізші! Әсіресесоңғысы совхоз директорының өз алдына бір бөлекмақтанышы секілді. Өз басым техникаға жетік  адам болмағандықтан, мастерскойдағы сала-салажұмыстардың бәрін айтып жеткізем деуге батылымбармайды. Негізгі ұққаным: совхоз әсіресе жөндеужұмыстарына байланысты нәрсенің бәрін (кейбіржаңа бөлшек-детальдарға дейін) осында жасайдыекен.
– Бізге құрылыс жұмысына жылына 130мыңдай қаржы берілетін еді. Біз содан екі еседейартық жұмсап келдік. Соның салдарынан сөгіс естіпқалған кезіміз де болды, – дейді езу тартып СерікИманғалиев.
Әрине, тәртіптің аты тәртіп. Соның ішінде қаржытәртібі де қатал нәрсе. Бірақ, жаттанды нәрседен айрылмай, таяғын қысып ұстаған соқырдай әріп санапқалшиып қатып қалу да көрегендік бола бермейді.«Шегірткеден қорыққан егін екпес» дегендей,қалтырай берген адам тезірек қателесуі мүмкін. Ісмүддесі, өмір талабы қажет етіп отырса, кейде ептепмолырақ алып, «өзінше» пішсе, күнә ма ол? Халықта, партия мен үкімет те жақсыны бағалай біледі.Тек жақсы болсын, жақсылыққа жұмсалсын. Совхоздиректоры Серік Иманғалиев, сірә осы тұрғыданқарайтын басшы.
Елудің о жақ, бұ жағындағы, ұзын бойлы бұл ақсары кісі аспай-саспай, ақырын, тіпті ұяң сөйлейді.Бірақ, іске келгенде, байқауымша, бір бетті,қайсар, керек болса қаталдықтан да қашпайтынадам секілді. Екінші бір аңғарғаным: көрген-білгенжақсы жаңалықты өздерінде де қолдануға құштар.Совхоз директорларын жетілдіретін Қапыланбектегіалты айлық курстан келгені таяуда ғана екен. Екі  сөзінің бірі – сонда естігені, озат өзбек колхоздарынан көргені болды.
Кейін Серік Иманғалиевтің басқа ауданға ауысып кеткенін естігенде менде бір қимастық сезімпайда болды. Көп еңбегінің жемісін, көп жыл біргебоп ащы-тұщыны бірге тартысқан жолдас-жораларын, тумаса да тұтынғандай Тайпақты тастапкету оған да оңай соқпаса керек. Бірақ партиясенімі, жаңа жерде жаңаша еңбек ету – әрдәйімардақты да қызықты. Сол Серекең құрылыс жөніндедидарласқанда:
– Бізде прораб участогы – үш құрылыс бригадасы жұмыс істейді, – деп еді. – Және бұлар– тас қалаушылар, ағаш шеберлері, сылақшылар,пешшілер – өз адамдарымыз, – Серекең «өз адамдарымыз» деген сөзді салмақтап, баса айтты. – Рас,жеткілікті емес. «Жабайы бригадалардан» біз деқол үзе алмай жүрміз. Бірақ өйтпесе болмайды, өзқұрылысшыларымыз өсіп-жетілуі керек. Сол сияқтыбіз малшыларды да шоферлікке, тракторшылыққаүйретіп, техниканы соларға бермекпіз. Өздерінекеректі мал азығын өздері даярлап алатын болады. Әр фермада қарапайым жұмысшысынан бастап меңгерушісіне дейін қамтитын курс ашамыз.Мысалы, бізде қазір фермаларда мал дәрігерлікзоотехникалық мектеп, малшылардың тұрақты семинары жұмыс істейді. Механизаторлар үшін де солай болады...
Осыған орай, «жабайы бригадалар» дегенгетүсінік бере кетейік.
Совхоздарда құрылыс көп те құрылысшы аз.Бұл арада мен «аз» деген сөздің өзін көңіл үшін
 айтып отырмын. Өйткені кей жерде сол «аздың»өзі мүлде сырт қалған да, оның орнына әлдеқайданкелген малтабар құрылысшылар қаптап кеткен.Оларды халық «жабайы бригадалар» деп атайды. «Жабайылықтар» мәселен, үш-төрт адам бопбірер айда бір үй салса (айталық, 60-70 шаршыметрлік), 3-4 мың сомды қалтасына басып алады. Сөйтіп, жазда бір емес, бірнеше үй-қоранықалқитып шығарады. Көзден таса болғанша демесетүпкілікті сапа жағы оларды, әрине, көп толғандырақоймайды. Ең болмаса, табыстарынан жөнді налогта төлемейтін сияқты.
– Қайтейік, өз шеберлеріміз жоқ, адамжетпейді, – деген сөздер көп айтылады. Және бұлқұрылысшылар жөнінде ғана емес. Механизаторлар,әсіресе комбайншылар жайында да соны естисің.Тіпті аудандағы механизаторлар мектебінің өзінеадам таба алмаймыз, дегенді айтады.
Жоқ, мұнымен келісуге болмайтын сияқты.Көре білсе, іздей білсе табылады. Совхоздардабос жүргендер, ешқандай мамандықсыз адамдар,әртүрлі жұмысқа жұмсалатындар, орта мектептібітіретін жастар аз емес. Жаңағы Серік Иманғалиевайтқандай, солардың бәрін үйрету керек. Шопанмен дихан әрі құрылысшы, әрі механизатор болса,нұр үстіне нұр емес пе? «Алыстан арбалағанша,жақыннан дорбалау» керек қой. Совхоздың өзжұмысын өз адамдары атқарса, істің сапасы да,саны да бірдей ұтады ғой. Мысалы, «Есенсай»совхозы қыста төрт айлық курс ашып, екі жылда 40механизатор даярлапты. Солардың тоғызы – кешегі
 оқушы қыздар екен. Тіпті осы қыздардың өнегесінбүкіл аудан жастарына таратпас болар ма?
Мен ешкімге ақыл үйретейін деп отырғам жоқ.Осы айтылған ойларды жергілікті жолдастардыңөздерінен естідім. Бірақ ой – орындалса ғана жақсы.Гәп осыған тіреледі.
Жұмыстың бәрі өнер. Соның ішінде басқару ісі– нағыз творчество. О да үнемі ізденуді, үйренуді,шабыттылықты, батылдылықты талап етеді. Кадрмәселесін шешуге де осы қасиеттер керек. Ол жақсышешілген жерде, құрылыс та, тұрмыс та құлаштайтүспек.





Пікір жазу