СУЫ БАР ЖЕРДІҢ НУЫ БАР
Мал шаруашылығының ойдағыдай өркендеуішабындықтар мен жайылымдарды суландыруға,суармалы егіс салуға байланысты. Соңғы төртбес жылға дейін бұл жөнінде мардымды еш нәрсеістелмеген. Мал мен жан баяғы қалпында көз жа сындай дөңгеленген құдық түбіне қарап келіпті.Тайпақтың жүздеген километр кең алқабын бағызаманнан бері көктей өтіп, Орал тауынан Атырауғаасып жатқан Ақ Жайық ауыз су мен аяқ жетержердегі азын-аулақ малды суарудан басқаға пайдаланылмапты. Шынын айту керек, жалпақ даланы былай қойғанда Жайық сынды жомарт ененіңүрпілерін жағалаудағы ел де жөндеп еме алмайотыр. Тегін ағып жатқан дария басында отырып,ең болмаса қауын, қарбыз, қияр, пияз сияқтынәрселерді өсіріп жей алмау деген сөз не барыптұрған қырсыздық болуы керек те, не дәрменсіздікболуы керек.
«Есенсай» совхозындағы жолдастар мені плантацияларын көруге алып барды. Сонда плантация дегеніміз тізеден жоғары өскен көк шөп бопшықты. Әр жерде бір қылтиған ергежейлі пияздыңсабағынан басқа нәрсені көзілдірікпен қарасам дакөре алмай-ақ қойдым. Осы жағдайды келемеж еткендай, төменде, аяқ астында сылық-сылық күліп АқЖайық жатты. Және бір ұққаным – ат төбеліндейосы бір алаңның арнаулы агрономы да бар екен...
Тегінде «плантацияның» мұндай жағдайдаекенін мені ертіп келген жолдастардың өздері дебілмесе керек. «Ұялған тек тұрмас» дегендей, олар«бұл тасталған участок, шығымдысы басқа жерде»дегенді айтты. Бірақ мына «бақшаға» қарап тұрып,«шығымдысының» шамасын да көрмей білуге болатын еді. Плантациясы тәуір деген көршілес «Орал»,«Тайпақ» қаракөл совхоздарының да, Өлеңті,Құрайлысай сияқты суы бар «Өлеңті» совхозының
да овощ егісін көрдік. Бірақ ертегіде айтылғандай,«Мұрттан ақса да, ауызға тамбай» жатқан тәрізді1.
Әрине, мұндай «ұсақ» әңгімені «шетке»шығармаса да болатын еді. Бірақ «айтылмағансөздің атасы өледі» дегендей, реті келгенде аузымқышып кеткенін ғафу етерсіздер, қадірлі жерлестер.«Қой көрмесек те қи көрдік, ешкілі байдың қызыедік» дегендей, егінші-плантатор болмасам да, еткекартоп пен пияз салса тарыға май қондырғандайжарасатынын, ал қауын мен қарбыздың балаға да,кәріге де бірдей таңсық екенін әбден білетіндіктен,бұл мәселеге оншама ұсақ деп қарамаса қайтереді дегенім ғой. Қала берсе, суды кәдеге жарата білетінімізді де осындайдан бастап көрсете берукерек емес пе? Мен Өзбекстанның Мырзашөлінде,Гүлстан ауданында болдым. Өзбек достар қолда барсудың тамшысына дейін пайдалана біледі десем,асырып айтқандық бола қоймас.
Алайда соңғы жылдары Тайпақта су проблемасын шешу жөнінде қырық жыл бойына істелмегенжұмыстар істеліпті. Ал, су дегеніңіз шынында данағыз проблема еді, тіпті кей жағдайда әлі солай.
О баста аталған Азынабай – Тайпақ шабындығынақазір үш совхоздың малы қарап отыр. Ал осышабындықтың өзі шын мәнінде бірде көл, бірде шөледі. Өлеңтіден су тасыса ғана жасыл ойпаттанып,көк майсасы көзді тартқандай көл-көсір боп жататын. Қазір соған «Азынабай су жүйесінен» үнемі сушығатын бопты. Өлеңтінің аяғынан басталған каналсоған қоса бірнеше хауызды толтырады. «Кубик»деп аталып кеткен әр хауыздың аумағы қаланың бір1 Әлбетте, бұл күнде бұл жайлар да өзгерген. Автор.
кварталы шамалас. Осыдан жаз бойы екі-үш отармал су ішеді.
Осы Азынабаймен қатарлас Жыланды деген жербар. Мен дүниеге келгенде өмірімнің алғашқы алтыайы осында өткен екен, Содан соң ес білгелі менбұл жерді көрген емес едім. Осы жолы, 1963 жылығана, бір сәті түсті.
Міне, біз Өлеңтінің шығыс жақ бетіменЖыландыға қарай тартып келеміз. Шахматтыңшаршысындай қалың маялар көзді сүріндіргендей.Машинада, қасымда отырған Қалаш Аманқұловағай «мынау пәленнің қыстауының орыны» деп, әржерден ескі жұрттарды көрсетіп келеді. Бір кездеҚалекең:
– Ал әне бір жол аузындағы төмпешік,ұмытпасам, сен туған қыстаудың орны болса керек, – дей берді де, оң жағына қарап кілт тоқтады.– Ау, Мақсот, сен талтүсте адасудан аманбысың,мен Жыландыға жеттік десем, әлі Өлеңтіні жағалапжүрміз ғой.
– Жоқ, Жыланды дегеніңіз осы, Қалеке, – дедішофер жігіт Мақсот, езу тартып бұрылып бір қарапқойып.
– Туған жеріңізде соңғы жылдары шамасы сізде болмағансыз-ау, әйтпесе Жыландының өзен бопкеткенін білуге тиісті едіңіз.
– Су жүргенін естігем, бірақ қапелімде, қайдам,тани алмай қалдым ба, – деді Қалекең әрі қысылып,әрі қуанғандай. – Қане, ана бөгеттің үстіне барыптоқтайықшы.
Біз топырақтан үйіп соққан бөгеттің үстіндетұрмыз. Асты бетон, шлюз. Оның Өлеңті жағындағы
суы биік те, екінші бетіндегі суы едәуір төмен жатыр, жайылым мен шабындыққа қарай осы жағынаншығатын көрінеді.
Бөгеттің екі беті де жарқырап жатыр. Екі бетіндеде үйрек ұшып, қаз қонып жүр. Өзеннен көз алмай тұрған Қалекеңнің жанарында әлдеқандай біржас іркіліп көрінеді. Байқаймын, бір кезде қараторының әдемісі, қайың қаптал қыз мінез жігітболған жұғымды, сабырлы Қалекеңде қатты толқу,тебірену бар.
– Апыр-ай, – деді Қалекең, көзін бір сипапжіберіп, бізге бұрылып. – Осы Жыланды жыландай ирелеңдеп, кеуіп жататын жылға-сай ғана еді.Менің жігіт шағым осы жерлерде өтті, жақсы білем.Анау дала су келмеген жылдары баяғы Кербаланыңшөліндей боп жататын. Қарашы енді...
Қарап тұрмын. Әлгінде туған қыстауымның орымен орынын көргенде кенет бір ауыр сезім билеп, менітәй-тәй бастырмай жатып дүние салған бейтанысәке мен әке парызын қырық жыл бойы қоса атқарғанқайран ананың ыстық құшағы көзге елестегендей өзімде еріксіз сәл тұнжырап қалып ем. Енді мына жаңаөзен, жаңа болса да туған өзен, жөргегімді жумасада, қазіргі бір көңіл кірбіңін жуғандай жер-жерімеөтіп, самал демімен аймалағандай әп-сәтте сергітті.Оның үстіне көкорай шабындық пен бөгеттен бірершақырым жердегі жағадағы шағаладай шаңқиғанжаңа ауылды көргенде, ескі жұрт естен ілезде ғайыпболды.
– Бұл бір үлкен игілікті іс болған екен, – депҚалекең жаңа Жыланды жөніндегі бәріміздің ойымызды қорытты.
– Иә, бұл үлкен іс. Бірақ Жайықтың екіншібетіндегі Тайпақ каналы бәрінен асып түсті. Өткенжылы күзде барғанымда республикада қазылғанең алғашқы каналдардың бірі – Көшім каналынан шығатын ұзындығы 121 километр бұл су өзегіпайдалануға берілгелі жатыр еді. Биыл барсам, олөңсіз жерге өмір бере бастапты. Каналдың келіпжеткен жеріндегі Бағырлай сайында, мөлдір судықапталынан кешіп үйір-үйір жылқы жүр. Сайдыңайналасы қандай өзгерген десеңізші: көкпеңбек. Біз,ҚКП Тайпақ аудандық комитетінің қазіргі біріншісекретары Сабай Ниязовпен бірге каналды жағалапбіраз жүрдік. Каналдың өзінде қазір су жоқ екен,жазда жібермей қойыпты. Бірақ оның шипалыізін айтпай-ақ танисың. Көктемде су кей жерлердеканалдың сыртына шығып кетіпті. Сол жерлер көктүкті кілем сияқты көрінеді. Ал одан бір 40-50 метржерде, каналдың екінші бетінде құп-қу, қурағанатырап.
Бір кезде каналдың бір жақ жағалауы анадайданкөргенде жап-жасыл жалпақ құрақ секілді боп кетті.
– Бұл «Котельный» совхозының жүгерісі,каналдың тұңғыш жемісі, – деді С.Ниязов,мақтаныш сезіммен – көктемде осы бойда үш-төртжүз шаршы километр жерге су жайылып кетіп еді.Совхоз соның орнына жүгері еге қойыпты. Таптаза, теп-тегіс боп қаулап бітік шығып келеді екен.
Бірақ осы арада «бітік» деген сөздің өзін анықтайкету керек.
– Осының гектарынан қанша аласыздар? – депсұрадым мен Ниязовтан.
– 100 центнерден кем болмас.
– Бар болғаны ма?
– Бізде одан көп алынбайды. Нобайы 70-80центнерден.
Рас, мұнда ауа райы көбіне қытымыр боп келеді.Бірақ одан басқа да бір «бірағы» бар сияқты көрінді.Жерді жақсылап жыртып, жақсылап егу бар да,одан соң жаз бойы дамылсыз баптап-күту бар емеспе? Мен бұл арада суаруды айтып отырғам жоқ.Тайпақта ондай мүмкіншілік жоқ әзірге. Бірақ басқаагротехникалық шаралар қайда? Әйтпесе, мысалы,сонау өзбекстандық Люба Миллер суарып алса дагектарына 1000-1200 центнер алып жатқанда,жүгеріге 70-80 центнер деген қандай жағдайда датым жұпыны-ақ сықылды.
Қайтарда біз бағанағы Бағырлай сайынан өттік.Канал суы Бағырлай арқылы ауданның Гурьев жақбетіндегі «Краснояр» совхозының жеріне де жетугетиіс. Сондықтан біз болған жерде соның даярлықжұмыстары жүріп жатуға тиіс екен. Бірақ біз былайөткенде де, олай өткенде де жұмыс басы тым-тырысболды.
– Істейін десе бұлар тындырып-ақ тастайды.Бірақ жатып алатын уақыттары да көп. Біз араласаалмаймыз – «Облводхозға» қарайды. Ал облыстағыбасшылары бұлардың нені қалай істеп жүргенінбіле бермейді. Сондықтан осындай жұмысты ауданнемесе территориялық өндірістік басқарма өзқарауына алса, әлдеқайда жемісті де өнік болар еді,– дейді С.Ниязов.
Аудан жерін суландыруда, байқап отырсыздар,аз уақыттың ішінде едәуір жұмыс істелген. Бірақмал шаруашылығының зәруі әлі көп.
Биыл аудан төл алу жағынан біраз кенде қалғанғаұқсайды. Оның бір себебі аусыл деген бәледенболса керек. Осы бір індет жаз ортасы ауғаншаарылып болмай келе жатты. Індеттің аты індет,бірақ онымен алдын ала күресу міндет. «Қойыналдырып боп қорасын бекіту» – қолды мезгіліненкеш сермегендік болады. Аусылдың жолында күнібұрын кесу керек еді. Асылы, мал дәрігерлері мензоотехник жолдастардың қапы қалған жайы барсияқты.
Екінші бір себеп – аудан малы қыстан қысылыпшыққан, шығынға ұшыраған. Мұның тамырынмал азығының тұрақты қорының кемдігінен іздеукерек. Аудан шөп мәселесін шешуде әлі де алдыменауа райына тәуелді. Азынабай – Тайпақтан басқажерге су шығара алмайды. «Орал», «Тайпақ»совхоздарының көптеген жайылым участоктарындамалға ауыз су жетпейді. Сондықтан 50-60 километржерге суды жазы-қысы цистернамен түу Жайықтантасиды. Бұл тасымал су жазда ысып кетіп, қара күзбен қыста қатып қалып жатады. Малшы халық соғанда дауа табуға талпынады.
Мен июльдің шыжыған бір күнінде «Орал»совхозының озат шопандарының бірі РаушанСариеваның отарында болдым. Кей жылы 100саулықтан 175 қозыдан алған Раушан жоғарыдааталған себептерге қарамастан биылдың өзінде 125-
тен төл алыпты. Күзге қарай қойлары екінші реттөлдейтін көрінеді.
Раушан да суды Жайықтан тасып алдырып,қойларын цистернадан суарып отыр.
– Ыстыққа қарсы барлық амалымыз сол, судытүнде тасимыз, – дейді Раушан. – Содан соң оныжерге көміп қойған цистернаға қотарып аламыз.Әлбетте, астауға суды цистернаның шүмегіненағытып жіберсең, еш қиындығы жоқ. Бірақ бізжылып кетпесін деп, цистернаны жермен жексенқып көміп тастаймыз да, суды бетіндегі қақпағынанқауғалап аламыз. Бұл, әрине, құдықтан тартқанменбірдей.
Мұндай жағдайдағы тек Раушан ғана болса, бірсәрі. «Орал» совхозының да, «Тайпақ» совхозыныңда он-ондаған отарлары осы халде. Бұдан шопанеңбегінің де, совхоз еңбегінің де оңай емес екенінайқын сезінесің.
Мен «Тайпақ» совхозының ең алыстағы«Дүйімбай» атты жазғы жайлауында болып қайттым.Бұл жайлау Гурьев облысының Қызылқоға, Ақтөбеоблысының Ойыл аудандарының жерімен түйісіпжатыр.
Машинада бірге отырған совхоз директорыЖақия Исатаевқа сол жайлауға жеткенше мен екінәрседен қайран қалдым.
Жақияның сөзді «белінен басып», «сірісін»жапырып сөйлемейтінін, қайта әңгімешіл,мақалшыл, сайқымазақ би жігіт екенін біркөргенде-ақ байқағам. Сол Жақия қазір ұзақжолдың үстінде ескі ауылдардың, баяғыдағы құлағанқыстаулардың қаншама жұрты кездессе, соныңбәрін біліп отыр. «Мынау пәлен рудың аулы, анаутүгеннің түгеншесінің қыстауы» деп, күллісін тегіскөрсетіп келеді. Бұдан отыз-қырық жыл бұрынғықоныстарды кезінде өз көзімен көрген кісі деуге Жақияның өзі қырыққа жаңа жеткен жігіт жәнебұл маңайдыкі де емес. Шымкент облысыныңКиров ауданынан. Реті келгенде айта кетейік, оныңөмірбаянының, әсіресе, бір назар аударатын жағы– оқып білім алу жолы. Қой бағып жүрген жасжігіт мұғалімдік училищені сырттан оқып бітіріп,бухгалтер, ферма меңгерушісі боп істейді. Одан соңсовхоз директорларын даярлайтын Бүкілодақтықекі жылдық мектепті бітіріп келіп, 1952 жылы осышаруашылықты қолына алады. Сөйтіп жүріп тағыда сырттан оқып, 1955 жылы ауыл шаруашылықинститутын бітіріп, ғалым-зоотехник атағын алады.Қазір бір совхозда он жыл үздіксіз директор. Солоңтүстіктік Жақия енді осы жердің шежіресі сияқты.Оның «кәрі құлақтығы» әсіресе су көзі жөнінде сөзболғанда ерекше байқалды. Бір кезде қай жерде
қандай құдық болғандығы, олардың ащы-тұщылығы,қар суының қай ойпатта қалай тоқтатылғаны – өзқолымен қазғандай бәрі есебінде.
Жүре келе, әсіресе «Дүйімбайды» аралағандақұдық жайы зая зерттелмегені көрінді. Боз суы жоқосы айналадағы қырық шақты отар қой құдықпентегіс қамтамасыз етіліп отыр екен. Әр құдықтың сутартқыш моторы да бар. Мана мен суға құнттылықдеген сөзді айтқанда осы сияқты жәйтті еске алғанедім. Жақиядан мұраптың қасиеті сезіледі.
– Анау-мынауды есептемесек, бұл жерде біз суғапәлендей тарығып отырған жоқпыз, – деді Жақия,– қиындық күзде басталады. «Дүйімбайдың» отытаусылғаннан кейін отарлар орталыққа 20-50 километр жақындап барып орын тебеді. Қара қатқақта сартылдап Жайықтан 40-30 машинамен су тасыпжүргенімізді сонда көресіз...
Осыған орай «кубик» (хауыз) жөнінде бірер сөз.Жайлауға бара жатқанда мен соның жаңа қазылыпболған біреуін, қайтар жолда суға толы біреуінкөрдім. Осы соңғысының басына кеп тоқтай қалып:
– Міне, «кубик» дегеніміз осы, – дедіЖ.Исатаев, – мұның суы Жайықтан жырып әкептолтырған су емес, қар суы. Аласапыранда алыпқалдық. Келесі көктемде жаңағы жаңа хауыз да қарсуына толады. Ең арзан су. Мынаусы жаз бойымыңдаған малымызды суарып жатыр. Бір таң қаларнәрсе сол, – деді Жақия қынжылып, – осындайхауыздар қазуға рұқсат ете бермейді. Сонда мынадайоп-оңай есепті ескермейтініміз ғой: совхоз малынамашинамен су тасуға бір жазда немесе бір күздежұмсалатын қаржыға әлденеше хауыз қазуға болады.Олар бір емес, талай жылдың қажетіне жарайды. Алегер, есептің нағыз пайдалысын айтсақ, Жайықтанқұбыр (водопровод)1 шығару керек. Ол «Орал»совхозы мен біздің шаруашылығымыздың көп жерінқамтамасыз етер еді. Мал азығының тұрақты қорынжасайтын суармалы егіс салуға да кең жол ашареді. Әлбетте, республикада мұндай мұқтажы бар текбіздің аудан ғана болмаса керек. Бірақ Жайықтыдалаға шығармай болмайды.
Осы ойды аудан басшыларынан да, қарапайыммалшыдан да естідім.
– Жайықтан жайылымға су шығаруға кеткенақша екі жылда толығымен өтеледі, – деді «Орал»совхозының директоры Серік Иманғалиев.
1 Енді сол істелді де. Автор.
Партия мен Үкімет ел игілігіне пайдалы нәрседенқаржы аяған емес. Тиісті орындар мәселені тек қоябілуі, қажеттілігін дәлелдей білуі керек.
Су бар жерде – ну бар. Ну бар жерде үлкенөмір бар, байлық бар. Бұл – баяғыдан белгілі жәнеТайпақ ауданының өз тәжірибесінен де көрініп отыр.