01.05.2022
  183


Автор: Жұбан Молдағалиев

ТӨРЛЕТІҢІЗДЕР, ТУЫСҚАНДАР


Ерлік пен ән! Татар халқы жөнінде сөз болғандаменің есіме осы екі нәрсе түседі. Ән мен ерлікосы халықтың егіз қасиеті сықылды көрінеді. АқЖайықтың бойында, Орал көшелерінде татар әндеріменің құлағыма Мұхиттың «Үлкен айдай», «Паңкөйлектерімен» қатар ұялады. Ғади Тақташ жырларынан туған «Орман қызы» – менің бала жастанбергі ғашығым.
Татар халқының ерліктері туралы әңгімелерді деерте естідім. Ал кешегі Ұлы Отан соғысында көзбенкөрдім. Сонда бір көне тарихтың да бір елесіне куәболғаным әлі есімде.
1944 жылдың жазы. Біздің әскерлердің ғаламатшабуылға шыққан кезі. Біз, Гумер Насри деген татар жазушысы екеуміз, майдандық газет мүддесіменалғы шептегілерге ілесіп, бір жаңа азат етілген қалағакірдік. Ұмытпасам, Слоним қаласы болуы керек.Жылап-сықтап қуанып қарсы алып жатқан халық.Көбі поляктар. Талай құшаққа біз де іліктік. Біразес жинағаннан кейін солардың бірі – ұзын бойлыаққұбаша сары шашты орта жастағы адам:
– Ұлттарыңыз кім? – деп сұрады бізден.
– Қазақпын, – дедім мен.
– Мен татармын, – деді Насри.
Соны естігенде жаңағы кісі ырсалаңдап қуанып:
– Мен де татармын! – демесін бе.
 – Сіздей татарды көрсек көзіміз шықсын, –дедік біз әрі күліп, әрі таңырқап. – Не түр-түсіңізұқсамайды, не татарша бір ауыз сөз білмейсіз.Осындай татар болушы ма еді?
– Болады, – деді әлгі кісі, – баяғы Грюнвальд шайқасында орыс әскерлері поляктарғакөмекке келіпті. Сонда олардың қатарында татар жауынгерлері де болыпты. Соғыстан соңсолардың кейбірі Польшада қалып қойыпты. Біз солтатарлардың ұрпағымыз. Пандар Польшасы тұсындааз ғана біз сияқты адамдардың бірнеше жүз жылбойы ана тілін сақтап қалуы мүмкін де емес еді...
Жауынгерлік тарихы ертеден басталатын ерхалықтың ұлдары советтік Отанымызды қорғаужылдарында мені сан рет сүйсінтті. Ал атақты батыр Мұса Жәлел ақынның өшпес ерлігі менің осыбір туысқан халыққа деген махаббатымды одан сайын арттыра түсті.
Мен майдан жолын жаңағы Гумер Насри,татардың қазіргі белгілі ақыны Шараф Мұдаррис,үлкен ғалым жазушы Хатип Усмановтармен біргеөттім. Сол майданда маған Гумер Баширов (Разин), Мирсай Әмір, Абзал Шамов сияқты осы күнгіатақты жазушылармен де жүзбе-жүз танысу сәтітүсті. Ал соңғы жылдары татар әдебиетшілеріменменің достық, туысқандық, творчестволық байланысым онан сайын нығайды. Бұған әсіресе 1958 жылытатар жазушылар съезінің қонағы ретінде Қазандаболуымның көп себі тиді. Мен бұл жолы татархалқының өскелең, үлкен әдебиетімен ғана емес,бейбіт еңбектегі ерлігімен де жақыннан таныстым.
 Осындай жәйттер арқылы Ғабдолла Тоқай, ҒадиТақташ жырлары, Қауи Нәжіми мен ҒалымжанИбрагимов шығармалары бүкіл асыл да жаңақасиеттерімен көріне бастады. Татар әдебиетініңШәріп Қамал, Шәмил Османов, Фатхи Бурнашсекілді классиктері де бейтаныс таныстардың бірінеайналды.
Қысқасы, қай қазақты сөйлетсеңіз де татар халқытуралы небір ыстық сөздер айтар еді. Мен солардыңбірімін. Солардың бірі боп қадірлі қаламдас достарымды қарсы ала отырып, бүкіл татар халқына,Татарстанның барша еңбекшілеріне туысқандықсәлем жолдағым келеді.
Менің сәлемім – бүкіл қазақ халқының, бүкілқазақстандықтардың сәлемі. Бұл сәлем – біздіңкүніміздей ыстық, даламыздай ұлан-байтақ, махаббатымыздай шексіз де шетсіз.
Татар халқы туралы сөз болғанда біз достық туралы даурығып ресми ұран көтеріп жатпаймыз, тек«туысқандар!» дейміз. Туысқан мен туысқан махаббат салыстырып жатпайды. Біздің данышпанАбай айтқандай, махаббат тілі – тілсіз тіл. Достықпен адалдық – туысқандардың өмір заңы, өзіненөзі белгілі нәрсе. Қазақтар мен татарлар осылайша өмір сүріп келеміз. Біздің қарым-қатынасымызәлдеқайда ежелгі заманнан бері жасап келеді.Оның қай кезеңнен басталатынын ешкім де, тіптітарихшылардың өздері де кесіп айта алмаса керек.
Бірақ біздің ортақ тағдырымыздағы ең қуанышты,ең нұрлы жағдай сол: біздер орыс халқына ілесіпСовет өкіметі үшін ұлы Октябрь айқасы күндеріндебір сапта болдық, социализм үшін күресте де бірге  жүрдік, бақытты дүниені бірге жасадық, ал бүгінтағы да қоян-қолтық, коммунизмнің сәулетті сарайын орнатып жатырмыз. Бұдан бірнеше жыл бұрынҚазақстанда тың игеру жорығы басталғанда біздіңКөкшетау облысына келген татар жігіттері осы туралы айтып еді. Ол жігіттер тың жерге жаңа совхозқұрып, оны «Қазан» совхозы деп атады. Қазір бұлсовхоз облыстағы белгілі шаруашылықтардың бірі.
Бұл күндері республикамызда үлкен мереке ретінде татар мәдениетінің апталығы өткеліотырғанда, мен осыған орай біздің әдеби-мәденибайланысымыз туралы бірнеше сөз айтқым келеді.
Татар халқы біздің қазақтарға қарағанда оқужазуы ертерек басталған халық. Россиямен байланысы да ілгері заманнан бері келе жатыр. Бұлжәйттер еліміздегі, басқа шығыс халықтарынақарағанда татар мәдениетінің кеңірек өркендеуінежағдай туғызды.
Осыған байланысты мынадай бір шындықтыайта кету жөн: Ұлы Октябрьге дейін біздің ауылдарда қазақтарды алғаш хат тануға үйрете бастағанмұғалімдер – татарлар болатын. Қазақ халқыныңтарихы мен этнографиясы туралы мәселелергетірелгенде осы уақытқа дейін Қазан архивына жүгінетініміз де кездейсоқ емес. Біздің ұлыклассигіміз Абайдың өлеңдері де жеке кітап болыптұңғыш рет Қазанда басылып шықты. Кемеңгерақын қайтыс болғаннан кейін бес жылдан соң, 1909жылы жарық көрген бұл кітап қазір таптырмайтынтарихи ескерткіш болып саналады.
Қазақтың қараңғы кезі, жазу-сызуы, баспасөзіболмаған дәуірі әлдеқашан келмеске кетті. Қазақ  халқы қазір түрі ұлттық, мазмұны социалистік биікмәдениетін жан-жақты дамыта отырып, қазақәдебиетінің шығармаларын, қала берсе бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің өлмес мұраларын миллиондағантиражбен басып шығарады. Бұл жұмыста бізтуысқан халықтардың мәдениетімен молығу ісіне,оны кеңінен насихаттауға зор мән береміз.
Ғабдолла Тоқайдың жалынды жырларынқазақтар бұл кезде өзінің ана тілінде оқиды. Меніңмақтанышпен айта кететін бір нәрсем: Тоқайдыңалғашқы жырлары өзімнің туған қалам – Оралшаһарында дүниеге келіп еді. Татар халқының биікақыны әріп теруші болып істеген Орал типографиясы қазір Ғабдолла Тоқай есімімен аталады. Қаланыңорталық көшелерінің біріне де Тоқай есімі берілді.
Тоқай шығармалары сияқты, қазақ тіліндеҒалымжан Ибрагимовтың «Қазақ қызы», «Тереңтамырлар», «Алма шұбар» секілді тамашашығармалары да басылып шықты. Біз ҒалымжанИбрагимов, Қауи Нәжіми сықылды достарымыздыңесімдерін әр уақытта зор құрметпен атаймыз. Оларбіздің өз жерлестеріміздей. Қазақ жерінде мұғалімболып көп еңбек еткен адамдар. Олардың қазақхалқына деген махаббаты да баршамызға белгілі.
Әрине, Мұса Жәлел есімі өз алдына бір төбе. Оныбіз ерекше ардақтаймыз. Қазақтар Мұса өлеңдерініңтатаршасын да, қазақшасын да бірдей оқиды.
Қауи Нәжімидің «Көктем желі», ГумерБашировтың «Намыс», Ахмет Файзидің «Тоқай»романдары, Фатих Хұснидің «Жаяудың жолы»,Ғаділ Құтуйдің «Жіберілмеген хат», ҒарифҒұбайдың «Мараттың тағдыры» повестері, Нақи
 Исанбеттің «Мұса Жәлел» пьесасы, И.Салаховтың«Көкшетау сазы» өлеңдер жинағы, татаржазушыларының әңгімелері және басқалары қазақтіліне аударылып жеке-жеке кітап болып шықты.Ғабдірахман Әбсәламовтың «Сөнбес оттар» романы да қазақшаға аударылып, баспаға даярланды.Бізде Ғади Тақташтың, Ахмет Ерекейдің, СибғатХакімнің, Хасан Тофанның, Шайхы Маннурдың,Нұр Баянның, Мұхаммед Садридің, Зәки Нуридің,Салық Батталдың, Шараф Мұддарристің, МахмұтХұсаинның және басқа татар ақындарының өлеңпоэмалары да жақсы таныс. Қазақтар Мирсай Әмір,Абзал Шамов, Ғази Қашшаф, Хатип Усмановтардыңесімдерін де көптен біледі.
Қазақ тіліне аударылған шығармалардан даайқын көрінетін бір маңызды нәрсе: татар әдебиетітөрт құбыласы тең, көп жанрлы үлкен дәстүрібар әдебиет. Зор профессионалдық жауаптылық,азаматтық пафос, өмірге белсене араласу, биікидеялылық – татар жазушылары шығармаларыныңбасты қасиеті. Осы қасиеттер арқылы татар әдебиетікөп ұлтты әдебиетіміздің ең бір жемісті бақтарыныңбіріне айналып отыр.
Татар әдебиеті шығармаларын насихаттап қазақарасына таратуда біздің Сәкен Сейфуллин, БейімбетМайлин, Мұхтар Әуезов сияқты классиктеріміз,Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жақан Сыздықов,Бейсенбай Кенжебаев, Сағынғали Сейітов сияқтықазіргі белгілі жазушыларымыз көп-көп еңбек етті.Татар әдебиетінің ғашығы Жақан еңбегін әсіресеатап көрсету керек.
 Татар достарымыз да қарыздар қалып отырғанжоқ. Олар татар тіліне Абай мен Жамбылдың, Сейфуллин мен Әуезовтың, Мұқанов пен Мүсіреповтыңшығармаларын аударды. Татар оқушыларынаҒабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Ғали Орманов, Қалижан Бекхожин, Хамит Ерғалиев, ӘбділдаТәжібаев, Әбу Сәрсенбаев есімдері де белгілі. Қазақәдебиетінің басқа шығармаларымен бірге татар тілінеменің Мұса Жәлел жөніндегі «Жыр туралы жыр»поэмамның аударылғанына да зор қуаныштымын.Мен бұл поэмада батыр ақынға және оны туғызғанбатыр халыққа деген өз махаббатымды білдірмекболған едім.
Біздің халық даламыздай ұшы-қиырсыз асқақәнді жақсы көреді. Сондықтан ол өзге халықтардыңда музыка өнерін қадір тұта біледі. Татар әндерінжырламайтын қазақ жоқ десек оншама қателесеқоймаймыз. Бізде оны шопандар мен мектеп балалары да шырқайды. Татар әндері сахнада да, дастархан үстінде де айтылады. Сондықтан біз, жазушылар, қаламдас достарымызбен бірге татардыңөнер шеберлерін де зор қуанышпен қарсы аламыз.
Бұл апталық бізді туысқан халықтың табыстарымен онан сайын таныстыра түседі. Ал табыстар дегеніміз татар халқында да, қазақ халқындада ұшан-теңіз. Олар туралы жырлауымыз керек,жаңа шығармалар беруіміз керек, бар дауыспенмақтануымыз керек.
Біз бұл апталықты асыға күттік. Ендігі айтатынымыз: Қош келдіңіз, төрлетіңіз, қадірлі туысқандар!
1962





Пікір жазу