ЖЫЛУ ТЕРЕҢНЕН ШЫҒАДЫ
(Өзбек әдебиетінің Қазақстандағы апталығы)
«Қазақта бір көрген – біліс, екі көрген –таныс» деген мақал бар. Әлбетте, жалпы алғанда бізөзбек әдебиетін көптен білуші едік. Сонау ажалсызӘлішер Науаидан, кешегі Хамза Хакімзада Ниязимен Хамид Әлімжаннан бастап бүгінгі Айбек,Ғафур Ғұләм, Абдолла Қаһһар, Шараф Рашидов,Міртемір, Зүльфия, Ұйғын, Хамид Ғұләмдарға дейінқазақ оқушыларына жақсы таныс. Екі халықтыңжазушыларының қарым-қатынасын алатын болсақ,олардың тіпті дастарқандары араласып кеткендеріде жоқ емес.
Бірақ бұл айтылғандар жазушы үшін де, оқушыүшін де таныстықтың тек бір жағы ғана. Төскейдемалы, төсекте жаны бір социалистік ұлттардыңмүддесі, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығарабірлесе отырып, еңбектенуді талап ететін коммунизморнату мүддесі халықтар достығының, мәдениеттерынтымағының мидай араласып, біте қайнауын,білісе беруін керек етеді. Мысалы, біз, қазақжазушылары, туысқан республикалар әдебиеттерінқандай жақсы білсек, сол әдебиеттер бақшасыныңөсіп-өнген топырағын, оларды суарған, мәпелеген,шабыттандырған бұлақтың қайнар көзін де жетебілуіміз керек. Ол үшін әр нәрсені өз көзіңмен көріп,өз талғамыңнан өткізгеннен артық еш нәрсе жоқ
қой. Сол сияқты, қадірлі оқушы жұртшылығымыз дааты таныс автор досымен жүзбе-жүз көрісіп, алғыссезімін, тілек-талабын сұрақ-сауалын ауызба-ауызайтқысы келеді.
Сонымен, «Бір көрген – біліс» деген тұрғыданқарасақ, біздің өзбек достарымызбен арнайы көпболып барып көрісіп, көбірек білісу сапарымыз1960 жылы басталып еді. «Қазақ әдебиетініңӨзбекстандағы апталығы» деп аталған сол жолыбіздің Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, ТайырЖароков, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, ҒалиОрманов, Ғафу Қайырбеков, Дихан Әбілевтер қырықжылғы кітаптардан көре алмайтындарын бір аптадакөріп қайтты, өзбек жері туралы қырық жылда жазаалмағандарын бір аптада жазып қайтты.
Туысқан өзбектің елі де, жері де әлі көз алдымызда.Күн нұрлы елде, көктем нұрлы жерде қазір біздіңқаншама жүз таныс достарымыз бар десеңізші!Айталық, сіз Социалистік Еңбек Ері атағына екі ретие болған Ганішер Жүнісовтың қандай кісі екенінбілесіз бе? Әрине, көрмесеңіз қайдан білейін депедіңіз. Ал, біз, жүзбе-жүз көріскен, қолынан дәмтатқан қазақ жазушылары, оны жақсы білеміз.
Міне, біз «ақ алтын» алқабын – ақ мақта егістігінаралап келеміз. Жаңа ғана ақ бүршік ата бастағанжасыл егінді жел тербеген айдынға түскендейбелуардан кешіп келеміз. Алдымызда құшақтасыпбара жатқан Ганішер мен Сәбит. Екеуі егіз сияқтыкөрінеді. Жас жағынан да, бітімі жағынан дашамалас. Табиғат таршылық жасамай, екеуін де молпішіп, жаратыпты. Осы ұқсастық, осы молшылық
олардың талантында да қатар орын тепкендей. Екеуіде өз істерінің шеберлері.
Немесе сіз бүгінгі Мырзашөлдің нендей тіршілікекенін білесіз бе? Әрине, атын білесіз, ал затын ше?Оны білу үшін онда болу керек. Біз ӨзбекстанныңГүлстан деген ауданын араладық. Әлгі Мырзашөлдіңбір бөлегінен жаралған осы ауданды қазірөзгеше атау тіпті мүмкін емес. Адамның апшысықуырылып, құстың қанаты күйген шөл дала бүгінде Ганішерлердің еңбегі арқасында миуа бау-бақшамен жеміске толы гүл жазира боп жатыр. Болмасабіздің Теміртау алыбының құрдасы – Бегаваттағыөзбек металлургия заводының тұлғасын, махаббатпен ізгілік періштелеріндей Фархад пен Шырынаңызын тудырған жердегі, сол екі қыршын жастыңкөз жасы мен арманынан туғандай Фархад суэлектр станциясының бейнесін қалай ұмытарсың?Атышулы Темір-Әмірдің тепкісін татқан, тас қараңғытереңнен көрінген жалғыз шырақтай Ұлықбектікөрген көне Самарқанның бүгінгі жарқын жастықшағы да, өмірі Әмудариядай шалқыған бауырлас табауырмал Қарақалпақстан жері де біздің жүрегімізгеұзақ ұялайды. Ұялап қана қалған жоқ, қазақоқушыларына жыр болып жетіп жатыр.
Ендеше осындай жақсы дәстүр, халықтарымызды,олардың әдебиеті мен мәдениетін етене етіп,бауырластыра түсетін дәстүр, көрісу, білісу салтымейлінше өріс алуы керек емес пе?
Осы мақсатпен біз биылғы майдың 15-і күніөзбек қаламдастарымызбен екінші рет (бұ жолыАлматыда) кездестік.
Бірақ «Екі көрген – таныс» деген сөз бұлкездесудің қуанышын да, мәнін де, ыстық лебін дежеткізе алмаса керек. Біз жай таныстарша ғана емес,сағынып көріскен аға-інілерше, апа-қарындастарша– ең жақын туыстарша көрістік. Бұл тек жазушылармен жазушылар кездесуі туралы айтылып отырғансөз емес, бүкіл Қазақстан еңбекшілерінің ықыласы,бүкіл халық меймандостығы жайындағы сөз.
«Өзбек әдебиетінің Қазақстандағы апталығы»деп аталған үлкен мәдени мереке Алматыдабасталды да жыр қанатымен, ән қанатымен аспанғакөтеріліп, біздің Алтын Арқаға, алтын астықты тыңөлкесіне қарай өріс алды. «Ән қанатымен» демекші,бұл апталыққа Өзбекстанның атақты Айбек, ҒафурҒұләм, Камиль Яшен, Зүльфия, Міртемір, ХамидҒұләм, Уақит Абдолла, Сабыр Абдолла, АлександрУдалов, Пірімқұл Қадыров, Масыр Фазылов,Аббас Дабылов, Тілеуберген Жұмамұратов, АзатШарафуддинов сияқты ақын, жазушыларыменбірге Совет Одағының халық артисткасы ХалимаНасырова бастаған өнер саңлақтары да қатысты.Мұның өзі апталықтың идеялық мазмұнын да,көркемдік мазмұнын да арттыра түсті.
– Байтақ Қазақстанды аралау үшін апта түгілайлар да аз болатынын жақсы білеміз. Әйтседе туысқан қазақ жерінің тамашаларын уақытжеткенінше молырақ көргіміз келеді, – дедіқонақтар.
Иә, гәп уақытта. Тамашаларымыз жетеді, уақытжетпейді. Осы жағы ескеріліп, апталыққа он күнбелгіленген еді. Енді ол да тартуға келетін емес.
Әлбетте, қызықсыз болса уақыт шіркін ілби басып,өтпей қояды, бір күн бір жылға татиды.
Қызықты болса, бір күн бір минуттей болмайды.Алғашқы саяхатты Алматы маңындағы Есік көліненбастаған күні де қадірмен қонақтар дәл осынысезінді.
Есік көлі – балағынан басына дейін жасылшыршалар жарыса өскен өркеш-өркеш құздардыңетек аралығында дөңгеленіп жатқан үлкен бір зереңаяқ секілді. Шырқау биіктен, самолет қанатынанқарасаң, сұлудың мөлдіреген бота көзін көргендейболасың. Көлді көмкерген жасыл шыршалардың өзіұзын кірпік сияқты сезіледі. .
– Осы жерде бір жыл тұрсам, қанша өлеңжазар едім! – дейді Міртемір ақын. Қонақтардыңәрқайсысы алған әсерлерін әр түрлі білдіреді.Қарқыншыл қызулы ақын Міртемір өзіне ұнағанынбірден өлеңге айналдырып алады. Көл бетіндесаяхаттап, киіз үйде көлбей жатып жүріп, ол«Қымыз» деген өлең жазды.
Ал Ғафур Ғүләм лап етіп тез тұтанудан гөрікөргендерін көп екшеп, көңілге түйе беретін тәрізді.Бірақ кейде оның да қойын дәптеріне әлденені түртіпалып жатқанын көресің. Бағзы бір уақытта:
– Жүдда тамаша! – деп қояды ол. Ғафур-әкебұл сапарда әңгімеге қанша сараң болса да, осы бірекі сөзді айтпаған күні жоқ-ақ шығар. Өйткені қайдажүрсек те шын мәнісінде тамашаны тамашаладық.
Мектеп-интернат қай жерде де бар. Оғанзор қамқорлық көрсетілетіні де белгілі. Қадірліқонақтар өз республикасында олардың талайынкөріп жүрсе керек. Әйтсе де Қарағандының №2
мектеп-интернатында болғанда біздің өзбек достаржаңағы бір таңырқау сөзді тағы да айтты. Қазақтыңқаршадай пионер қыздары мен балалары Айбекпен Каһһардың прозалық шығармаларын, Ғафуратасы мен Зүльфия апасының өлеңдерін кәнігікексе сыншылардай терең талдап, үлкен әңгіме етті.Мысал керек болса, жатқа соғады. Өзбектің билерінде майыса биледі. Бүкіл елімізге мәшһүр боп кеткен«Мавтун болдым» әнін де нәшіне келтіре жырлады.
Мен өзбек достармен он күн бойы бірге жүргендеҒафур Ғұләм мен Зүльфияның шабыттана өлеңоқығанын, Халиманың асқақтата ән шырқағанын,көзге еліктің лағындай көрінетін тамаша жас бишіКлара Юсупованың жалынды биін талай реттамашаладым. Бірақ осы мектеп-интернатта оларерекше жырлады, ерекше биледі, қуаныш рахатынабөлене қимылдады. Бұл – ортақ ұрпақ үшін, өнерліұрпақ үшін қуаныш, олар көрсеткен сый-құрметүшін ең үлкен алғыс сезімі еді.
Аз аялдау кезінде болсын, кезекті кездесуге бағыт алған машина үстінде болсын қонақтаркөмірлі Қарағанды бейнесіне сұқтана қарайды.Жаңа қаланың зәулім тұрғын үйлері, кинотеатрлар,Спорт сарайы мен Шахтерлер сарайының сырткөрінісі, асфальтты кең көшелер, «қалауын тапса – қар жанады» дегендей, күтімін тапса өспейтіннәрсе жоғын дәлелдегендей жас бақтар мен жасылағаштар – осының бәрі республиканың шахтерлерастанасын атағына сай алып етіп көрсетіп тұр. Қайжаққа қарасаң да жаңа құрылыстарды, пәрмендітворчестволық еңбектің жемісін көресің.
– Ертең Ертіс – Қарағанды каналы іскеқосылғаннан кейін қаламыз да, даламыз да онан сайынқұлпырады,– дейді, ҚКП Қарағанды Обкомыныңсекретары Мақат Рымжанов қонақтардың көзі түгілойын да көріп келе жатқандай.
Біз жаңа қаладан шығып №70 шахтаға қарайбеттеп келеміз. Аз уақыт әлденендей әсерге шомыпүнсіз отырған Ғафур Ғұләм машинаның артқыжағындағы бізге қарай бұрылып:
– Маған Қарағандының кәрі тарихы Ғабиттың«Оянған өлке» романынан бірсыдырғы таныс. Ендіоның жаңа тарихын, нұрлы тарихын жазу керек қой,– дейді өзінің не туралы қиялдап келе жатқанынсездіргендей.
– Дұрыс айтасыз, Ғафур әке. Бірақ есіңіздеболсын: бізге Қарағанды жазушылардан негізіненҒабит, Ғабиден, Әлжаппар үшеуінің еншісіне тиген.Әуелі сол замандастарыңызға айтыңыз, – деймізЖайық Бектұров екеуіміз, Ғафурдың сыр болсада сындай сөзінің жауабын бір жағынан әзілгеайналдырып. Бірақ әзіл, сылтау дегендер қашанғадейін жауап бола береді? Іспен, шығармамен жауапберетін уақыт жеткен жоқ па? Бұл – аталған үшжазушыны ғана емес, талайымызды ойландыруғатиіс...
Қонақтар сүйір тұмсық зәулім-зәулім обалардытамашалап келеді. Мысырдың атақты пирамидасысияқты бұл обалар көмір қалдықтарының үйіндісіекен. Жер астындағы көмірлі майдан көлемін тіптісоларға қарап-ақ топшылауға болатын сияқты.
– Қарағандыдай осыншама қара алтын көзінертеде бір капиталист небәрі бірер жүз сомға сатып
алыпты дейді ғой, рас па? – дейді қарақалпақақыны Тілеуберген Жұмамұратов.
– Рас. Ол кезде сатып алмай-ақ, тартып алсада, шонжарлардың қолын қағатын ешкім жоқ едіғой...
– Талай ұрпаққа жеткендей байлықтықайыршыға ұсынардай болмашы нәрсеге алса, оныңтартып алудан қаншама айырмасы бар?!
Көне тарихтың жол-жөнекей көңілге түскен осыбір көлеңке кірбіңін Ленин көмір тресіне қарасты№70 шахтасы адамдарының туысқандық құшағымен ақ жарқын қабақтары ілезде-ақ аластады. 1953жылы іске қосылған бұл шахта трестегі алдыңғықатардағы шахталардың бірі екен. Мұндағы 7 лаватүгелдей автоматтандырылған. Біз барған майайында №70 шахта августың есебіне көмір беріпжатты. Осыған орай айтқан Зүльфияның мына бірсөзі мықтап әсер етті:
– Жылу тереңнен шығады. Сіздер сол тереңнен,суық жердің қойнынан Отанға өшпес жылу, күшқуат әперіп жатырсыздар. Ал, біз, жазушылар,халқымызға жүрек тереңінен шыққан жылуымызды,жалынды жырымызды береміз. Демек, шахтердің де,жазушының да мақсаты біреу-ақ: ол – коммунизморнату мақсаты. Міне, сондықтан да біз ақ алтындыаймақтан қара алтынды аймаққа өзбек халқыныңтуысқандық сәлемін алып келдік.
Өзбек ақындары кеншілер сыйлаған шахтеркаскаларын бастарына киіп, шахтер шамдарынқолдарына ұстап тұрып өлең оқығанда кеншілер менжазушылар арасы әлдеқайда жақындай түскендей
болды. Сол күні кеште-ақ еңбеккер Міртемірден«Шахтер шамы» деген өлең туып үлгірді.
32 ұлттың өкілдері жұмыс істейтін осы шахтадажәне бір есте қаларлық жәйт болды. Бір орыс жігіті:
– Мен сізді жақсы білемін, Міртемір-әке, сізбіздің үйде талай болғансыз, – деді мүлтіксіз өзбектілінде.
Қайран қалған Міртемір қапелімде ештеңе айтаалмады. Гәп былай екен.
Бір өзі әр түрлі ұлттан 14 бала асырап алып,мәпелеп өсіріп, адам етіп шығарған өзбек ұстаШәуахмад Шамахмудовтың есімі бүкіл елімізгебелгілі еді. Мына орыс жігіті сол патриоттың он төртперзентінің бірі – бір кездегі Юлдаш, қазіргі ФедорВасильевич Кульчиковский боп шықты. Жиырмабес жасар бұл проходчик жігіттің: Олег деген ұлыда бар екен.
– Олег – біздің қарттың он бірінші немересі.Биыл демалысқа шыққанда ала барамын, – дейдіФедор.
Осындай достық кездесулер, Қазақстан еңбекшілерінің бейбіт құрылыстағы ғаламат табыстары, бақытты өмірі қонақтарды қуантса, олардың қанатты жырлары, әсем өнерлері, туысқандықәңгіме-кеңестері қазақ достарын қуантты. Осыжәйтті Қарағандының шахтерлер сарайында болғанкеште обком секретары Мақат Рымжанов та, №31шахтаның кен комбайнері КПСС XXII съезініңделегаты Қадірәлі Омаров та, Өзбекстан жазушылародағы басқармасының бірінші секретары КамильЯшен де әбден орынды атап көрсетті. Сол сияқтыдаңқты Қарағанды халқы атынан Ғафур Ғұләм мен
Камиль Яшеннің, Қарақалпақстанның қарт ақыныАббас Дабыловтың иықтарына шапан, Зүльфия менХалима Насырованың иықтарына қамзол жабылуыда, барша қонақтардың омырауына «Шахтер даңқ»белгісі тағылуы да ғажайып жарасымды болды.
Теміртау металлургия заводының, ҚазақстанМагниткасы құрылысының даңқы дүние жүзінебелгілі. Қала берсе, Теміртау металлургия заводынБеговаттағы өзбек металлургия заводының құрдасыдеп айтуға болады. Бұл екі завод бір жылда – сонауҰлы Отан соғысының қаһарлы кезінде дүниеге келген. Екеуінің өзара социалистік жарысы да көп жемісберді. Қазір Қазақстан Магниткасының шойыныӨзбекстан машина жасау заводтарын да қамтамасыз етеді. Осы даңқты Теміртаумен кездесетінкүнді қонақтар асыға күткен еді, енді сол сағат тажетті.
Міне өзбек достар Қазақстан магниткасықұрылысын аралап жүр. ҚКП Теміртау қалалықкомитетінің бірінші секретары М.Катков,«Казметаллургстрой» тресінің бастығы А.Коркин,заводтың бас инженері И.Белоусов жолдастарқыруар коллективтің ерлік еңбегінің, творчестволықойының жемісін зор мақтанышпен, зор шабытпен,серпіле, жыр етіп әңгімелеп келеді. Меймандардыңқұлағы әңгімеде, көздері алып құрылыста. Қазірмұнда екі домна пеші, үш кокс-химия батареясыжұмыс істейді екен. Олардың тұлғасы қазақдаласының бүгінгі еңсесіндей биік көтеріліп, алысқакөрініп тұр. Бірақ бұлардың өзі де ғаламат заводтыңалғашқы перзенттері ғана. Қалғандары қыруар жердіалып жатқан ұлан-байтақ құрылыстардан тумақшы.
Оларды көріп тұрғанда, осының бәріне адамныңақылы қалай жете береді деп таңырқайсың.
– Осыдан бес жыл бұрын мына домна көтерілгенжерде Тельман ауданының қойлары жайылатын еді,– деп күледі М.Катков.
Қой жайылған жерде құрылыс іргелері жайылыпжатыр. Шытырман, ғажайып құрылыс! Солардыжүзеге асырып жатқан адамдардың еңбегінеқалай табынбассың, қалай жырламассың оны!Олар – Ұлы Отанымыздың жер-жерінен келгенжалынды патриоттар – қазір металлургтар менқұрылысшылардың біртұтас семьясы. Осында,заводтың жатақханаларының өзінде 9 мың жасжұмысшы тұрады екен. Осының бәрі қонақтарғаұмытылмастай әсер етті. Ал, әсер жазушыға жаңашабыт, жаңа шығарма деген сөз.
Өзбек достар кокс батареясының бір пешіненкокс алу процесін көрді. Қызарып батқан күндейқып-қызыл от боп түскен кокстың ақындық теңеуінсол сәтте әркім-ақ ойлап бақса керек. Соны сездіғой деймін, біздің Ғабит Мүсірепов лаулап түскенкокстан көз алмай тұрып:
– Ақындар бұдан, сөз жоқ, қайтсе де өлеңшығарады, теңеуін де табады. Ал, Клара, сен, –деді қасындағы биші Юсуповаға бұрылып, – осығанлайық бір би шығаруың керек. Мысалы, мен оны«От биі» деп атар едім...
Табан астында айтылған осы бір сөз бәрімізге деұнады, Клараға да ой салды.
– Бұл ақылыңыз есте болады, Ғабит аға, – дедіол үлкен бір толқу, тебірену белгісімен.
Кейін заводтың механикалық цехында атақты«Хорезм биін» билегенде Клараның шабыттықимылынан, нұрлы жүзінен бір жаңа ырғақ, жаңасезім байқалғандай болды маған. Ол келешек жаңабиінің кейбір ұшықтарын ойластыра, соған қуанабилеп жүргендей көрінді.
Металлургтар мен құрылысшылар өзбектуысқандардың болашақ жырлары мен ән-билерінеалдын ала алғыс сезімін білдіргендей, оларды зорқошеметпен шығарып салды.
Қарағанды халқының шексіз қошеметі тың өлкесіндегі туыстардың ыстық құшағына кеп тоғысты.
Елімізде, соның ішінде Қазақстанда тыңжерлердің игерілуі – совет халқының ұлы ерлігіболып саналатын іс. Бұл іс қазақ даласыныңбейнесін де, экономикасын да күрт өзгертті. Адамтүгіл қаңбақ тұрақтайтын ығы жоқ самиян сардаланы бүгін көрсең, – қайнаған қажырлы тіршілікқұшағына енесің. Жаңа поселоктар, жаңа ауылдар,«Қыздың жиған жүгіндей» жинақы жас қалалар –бұлар қазір тың совхоздарының бригадалары менорталық усадьбалары.
Өзбек қонақтарды Тың өлкесінде ең біріншіқарсы алған «Ижевск» совхозының еңбекшілеріболды. Орыс дәстүрімен тың астығының наны ментұзын, қазақ дәстүрімен қымызын, қойдың басынұсынған осынау достар Россияның, Украинаның жәнебасқа туысқан республикалардың ой-қырларынанкеліп күш қосып, алғашқы борозда салғанда осыжер «шайтан байласаң – тұрғысыз» екен. Бірақпартияның шақыруымен, өз жүректе-рінің әміріменкелген совет адамдары шайтан тұрақтай алмайтын
жерге өздері тұрақтады. Тұрақтап қана қойғанжоқ, үлкен өмір орнатты, шалқыған дәулет әкелді.Қазір «Ижевск» совхозы әрі егісті, әрі малды ірішаруашылықтардың бірі.
Совхоз директоры Евдокия Андреевна Зайчуковаосы шаруашылықтың келешегі туралы қонақтарғабіраз әңгіме айтты.
– Жас жағынан алғанда пенсияға да шығатынуақытым болып қалды, – деді ол кейінгі бір сөзінде,– бірақ жақсы келешек, коммунизм нышандарықызықтыра береді. Қайрат-күш бар кезде қалайеңбексіз отырарсың...
Қазақ бір қажырлы, алғыр адам туралы жеткізеайтқысы келгенде «қасқыр кісі» деп те айтады.Евдокия Андреевна қайраты жағынан дәл сондай адам сияқты көрінді. Естуімізше, сонау соғысжылдарының зардап-қасіретін де көп тартыпты, көпқиындық соқпағынан өтіпті. Сөйтсе де мұқалмаған,көңілі көктем, жаны жаз, бауырмал, меймандос кісіекен. Оның қонақтарға деген ықыласы, ыстық сөзі,әдебиетке деген құрметі, Ғафур Ғұләммен құшақтасаотырып, орысша, украинша шырқаған әндері – әріақылды, әрі ақжарқын адамды ыспаттайды. Бізде«халықтар туысқандығы» деген сөздің жаттандыұран емес, ісіміз, өміріміз, заңымыз екендігі де осысовхозда онан сайын айқын көрінді.
Совхоздың салынып бітуге қалған мәдениетсарайының жанында, жаңа өсіп келе жатқанбір шетінде төсек жайылған тақтай үстінде желге шарпылғанына қарамастан алуан тілде желпінеән шырқаған Халима Насырова, Вахрам Мавлянов, Өргеш Юлдашевтар, орысша, өзбекше
өлеңдерін оқыған Хамид Ғұләм, Міртемірлер солдостық шырайға барынша молырақ жауап беругеталпынғандай болды.
Орайы келгенде айта кететін бір нәрсе – өзбекартистерінің халық алдында өнер көрсетуге кереметықыластылығы. Олар кейбіреулердей бұлданбайды,жалындырмайды, саудаласпайды, халық нені орында десе, соны орындайды, қанша шақырса, соншашығады, қуана, ынталана шығады. Біз, қазақ жазушылары, олардың бұл қасиеттеріне қатты сүйсіндік,өзара талай әңгіме де қылдық... Ғабит Мүсіреповжұртшылық алдында да айтты.
– Мен халық артисі деген атағы бар адамдыәрдайым Халимадай болуға тиіс деп ұғам, – дедіол. – Менің байқағаным: Халима үшін халық алдында өнер көрсетуден артық қуаныш жоқ, соданүлкен борыш та жоқ. Сондықтан да ол халық тілегінқайт етпейді. Сондықтан да халық артисі деу әбдендұрыс...
Өзбек артистерінің өнер көрсете алмаған бір-ақжері – Целиноград. Бұған олар кінәлі емес, уақыттапшылығы кінәлі. Целиноградтың үлесіне тиген біржарым сағаттың ішінде өзбек қонақтар қаламен,оның келешек жоба-жоспарымен танысты.
Біз ескі Ақмоланың күншығыс бетіндегікөкорайда тұрмыз.
– Болашақ Целиноградтың, жаңа қаланыңорны осы, – дейді қалалық советтің председателіА.Васильев, – қаланың жоспарлы көлемі 40 шаршыкилометр. Осы арадан оның орталық көшесі – Целинный проспекті басталады.
Қала жөніндегі қалған әңгімені Тың өлкесіастанасының бас архитекторы Нұрмұхамедовтолықтырды. Бұл жас жігіт Целиноград архитектураинститутының түлегі екен.
Содан кейінгі санаулы уақытта қонақтар тыңөлкесі басшыларымен кездесті, достық қонақ асыүстінде өлкенің бүгіні мен ертеңі туралы әңгіметыңдады.
– Бір кезде Владимир Ильич бүкіл еліміз үшін100 мың тракторды арман еткен еді. Қазір біздіңдаланың өзінде 250 мың трактор, 100 мың комбайн, 150 мың автомобиль заулап жүр. Солардыңтүнгі қозғалысын самолет үстінен көрсеңіз бар ғой,тамаша көрініске куә боласыз. Сансыз шырақ, оттеңізі жүзіп жүргендей, – деді бір отағасы, сол суретке өзі де қызыға, сүйсіне сөйлеп.
– Біз тың өлкесінің ерлік пен еңбек өлкесі,дәулет пен достық өлкесі екенін көрдік. Бірақ көругетоймас едік, әттең уақыты бар болғыр қысып тұр.Сондықтан көріскенше қош болыңыздар деуге туракелді, достар, – дейді Камиль Яшен.
– Сіздер осыдан Көкшеге аттанасыздар ғой. Ода Тың өлкесінің жері.
Сонымен біз «Жер шоқтығы Көкшетау» депжырлаған жерге жеттік. Мен бұл арада қонақтардыШучье ауданы еңбекшілерінің, облыс басшыларыныңқалай қарсы алғанын айтып жатпаймын. Мұнда датамаша кездесулер болды, мұнда да орысша-қазақшадәстүрмен зор қошемет көрсетілді.
Бірақ ол жерде – тек ол жерде ғана емес,Көкшеден биік, Бурабайдан сұлу не бар! Кәрі құлақдана ақын Ғафур-әке бұл Біржан сал, Ақан сері,
Шоқандардың жері екенін, осында Сәкен Сейфуллин өзінің «Көкшетау» поэмасын жазғанын, осыарада Ғабит пен Сәбиттің де көп жақсы уақыттарыөткенін біліп алыпты. Енді табиғаттың көркемқыздай осы бір сұлу бұрышын көргенше асығады.
Міне бір дырау көгілдір кеседей дөңгеленіпШортанды жатыр. Оның бізге қарсы жиектерінКөкшенің кереге тасты, сандық тасты таулары менжасыл тоғайлары көмкеріп тұр.
– Сонау бір тау, – дейді Көкшетау облыстықгазетінің редакторы Өміржан Оспанов, –«Ұйықтаған батыр» деп аталады.
Көз тігіп қарасақ, расында да мүсіні шалқасынанжатқан адамға ұқсайды. Анау маңдайы, анау мұрны,анау иегі... кеудесі де, бөксесі де бар...
Біз курорт, санаторийлерден өтіп отырып,Айнакөлдің жағасына келіп тоқтадық.
– Бұл менің көлім, маған тарту етілген көл!– дейді қуанышты дауыспен Зүльфия, Айнакөлдітамашалап тұрып. Оның олай деуінің мәні бар.Сол күнгі облыстық газетте жергілікті ақын ЕркешИбраһимның өзбек достарға арналған өлеңі басылғанекен. Өлеңнің Зүльфияға қарата айтылған біржерінде Еркеш «Сен естелікке біздің Айнакөлді алакет, жүзіңді көріп отырарсың» депті. Зүльфияныңәлгі сөзі осыған байланысты.
Үлкен саяхат Бурабай көлінде болды. Қатарқатар жарысқан қайықтарға отырып, көгілдір көлүстінде сейіл құрған қонақтар Көкшеге көз тастайды. Көл жағасында өз алдына бір төбе боп сандықтастардан қалап қолдан соққандай атақты Оқжетпестұр. Оның басына шықсаң, бүкіл Көкшенің сек-
сен көлі аяқ астында жатады дейді. Біздің ҚажымЖұмалиевтің «Біржан – Сара» либреттосындағы«Мөлт еткен көз жасындай сексен көлің» деген өлеңжолы еске түседі. Ғажап жақсы айтылған!
Көл үстіндегі қайықтар бір ауық Жұмбақтастыңтүбіне жиналыпты. Су ішінен бойлап шығыптұрғандай осы бір нартас онсыз да сұлу Бурабайкөлінің, Көкше көркінің экзотикасын, сыры менжырын арттыра түскендей.
Көлден шыққан қонақтар тоғай арасындағы«Абылай ашығы» деп аталатын алаңға келіп, өзәсерлерін ортаға салып жатты. Өлең толғатыпқалам, дәптерін қолына ұстап жүрген Міртемірөзінің қызыққыш ақындық мінезімен:
– Жыр жазатын жер осы екен. Мен мұнда тағыда бір келуім керек, – дейді. «Біз, қазақ жазушылары өзіміз неге сирек боламыз осы жер жаннатында?Өмір десең, өмір бар, сұлулық десең, сұлулық баросында, ал біз болсақ Алматыдан шықпаймыз...»деп ойладым мен.
Мұндай ой бүкіл жол бойы айрылған жоқ. Өмірсұлулығы, адам еңбегінен туған сұлулық қайдабарсаң да алдыңнан шыға береді, таңырқата түседі.Және ол табиғат сұлулығынан әлдеқайда ыстығырақ,түсініктірек, жақынырақ көрінеді. Ал соны күнбе күнкөріп жүрсек, қаламымыз өнігірек жүрмес пе еді?..
Теміртауда өзбек газетінің бір тілшісі: «Қазақәдебиетінде металлургтар туралы қандай шығармабар?» деп сұрады. Мен Тайыр Жароковтың «Қырдатуған құрыш» поэмасы мен Зейін Шашкиннің«Теміртау» романын атадым.
– Е, шүкіршілік екен! – деді тілші. Бір жақсысы,ол Тың өлкесінде немесе Балқашқа келгенде әлгідейсұрақ қоймады. Тың игеру ғаламаттары – ғажайыперлік эпопеясы екенін былай қойғанда, Балқаш мысқорытушылары еңбегінің өзі талай тамаша дастанболғандай ғой. Мыс қорыту комбинатында қонақтаросыны аңғарды. Иә, мойнымызда қарызымыз көп,қаламдас достар. Бірақ «Долг платежом красен»деп орыс мақалы айтқандай, алмақтың да салмағыбар екенін, қарызды қайтару қажет болатынынұмытпауымыз керек. Әйтпесе борышқа белшесіненбатып кеткен адамның оңала алмайтыны белгілі ғой.
Міне осы жөнінде, жазушының борышы,әдебиеттеріміздің ортақ мәселелері жөнінде біз жолсапардан кейін Алматыда екі күн бойы сөйлестік.
Әдебиеттер достығы – халықтар достығы. Егерөзбек әдебиетінің Қазақстанда өткен апталығы еңалдымен сол мақсатқа – халықтар туысқандығынонан әрі нығайта түсуге, социалистік қарымқатынасымызды одан сайын күшейте түсуге қызмететкен болса, екінші бір маңызды қортындысы сол –біз әдебиеттеріміз туралы жан-жақты пікір алыстық.Әлбетте, біз «үй иесі» болғандықтан меймандостықдәстүрімен қонақтардың шығармалары жөніндекөбірек сөйлестік.
Өзбек әдебиеті – өскелең әдебиет. Соңғыжылдардың өзінде Айбектің «Қасиетті қан», Асхад Мұхтардың «Апалы-сіңлілер», Хамид Ғұләмнің«Шамшырақ», Шараф Рашидовтың «Дауылдан кейін» романдары, Абдолла Каһһардың«Қыстақ» повесі сияқты бағалы шығармаларжарыққа шықты. Оның үстіне Ғафур Ғұләмнің,
Міртемірдің, Зүльфияның, Шухраттың поэзиялықшығармаларын қоссақ, табыстар тізімі ұлғая береді.Қазақстан ақын-жазушылары Сәбит Мұқанов,Әбділдә Тәжібаев, Қалижан Бекхожин, СапарғалиБегалин, Зейнолла Қабдолов, Сәйділ Талжанов,Тұрсынхан Әбдірахманова, Нығмет Ғабдуллин,Ісләм Жарылғапов, әдебиетшілер Хасен Әдібаев,Мүсілім Базарбаев және басқалары өзбек әдебиетініңкөптеген шығармаларына жан-жақты терең талдаужасады, жазушылық шеберлікті шыңдай беруге,творчестволық байланыстарымызды кеңейте түсугеарналған көптеген бағалы ұсыныс, пікірлерін ортағасалды. Сондай-ақ өзбек жазушылары Уақит Абдолла,Хамид Ғұләмдар да әдебиетіміздің ортақ мәселелеріжөнінде өз ойларын айтты, өзбек мәдениетініңөкілдеріне, бүкіл өзбек халқына үлкен достық ықыласкөрсеткені үшін қазақстандық туысқандарына шексізалғыс сезімін білдірді.
Апталықтың саяси мәнінің де, творчестволықмаңызының да зор екенін бүкіл жұртшылық атапкөрсетті. Оның үстіне Өзбекстан мен Қазақстандағыекі әдебиеттің өзбек, қазақ тілдеріне аударылғаншығармаларының саны оған дейінгі баршауақыттағыдан әлдеқайда асып түссе, мұны қалай азжұмыс дей алармыз.
Совет одағы халықтарының тілегі де, жүрегі дебір. Көркем аударма сол бірлікке, ортақ мүддегеқызмет етеді. Әдебиеттеріміздің байланысын нығайтаберетін шаралар бұдан былай да өріс ала беру керек.Біз өзбек достармен тағы да кездесеміз деп келістік,мүмкін ондай кездесу енді не Оңтүстік Қазақстан, неБатыс Қазақстан өлкесінде өтер немесе Ферғана мен
Хорезмде жолығысармыз. Әйтеуір жақсы дәстүрдіалға апара беру қажет.
Сонымен мәдени мереке сияқты болған үлкенжұмыс аяқталды. Республика жұртшылығы, партия-совет ұйымдары бұл іске үлкен саяси мән беріп,қонақтарға ғажап меймандостық көрсетті. Біз,Қазақстан жазушылары, бұл жағынан мақтанышсезіміне, алғыс сезіміне бөленіп жүрдік. Көп-көпрахмет, қадірлі жерлестер.
Алда, біраз уақыттан кейін Түркменстан жәнеРоссия Федерациясы жазушыларымен кездесу кезегітұр. Осындай достық кездесулер көбейе берсін. Оғанбүкіл халқымыз қуанады.
1962