СЕНІҢ ЖЕРЛЕСІҢ
– Майор. Батальон командирі. Суворов,Кутузов, Богдан Хмельницкий, Александр Невскийордендерінің төртеуімен де наградталған. ҚызылТу ордені де бар. Совет Одағының Батыры.Мендей, жиырманың жетеуіне жаңа-жаңа шыққанжігіттің мұндай үлкен дәрежеге жетуі қапелімдетаңырқарлық нәрсе сияқты. Айтпақшы, шет елдердеменің жасымдағыларды тіпті жас санайтын көрінеді.Европаның біраз елін араладым ғой, менің жасымдамайор болып жүргендерді бірен-саран болмаса, көреалмадым, ал бізде менен де жас жігіттердің ішіненполковниктердің де талайын көресің. Таңырқарлықпа?
Майор Матвей Кузьмич Меркулов бізді ойлансын дегендей, орнынан тұрып папирос алып тартты.Сіреңкі ұстауынан, тұтатуынан, папиростың түтінінжұтпай, ауыздан қайтаруынан – оның бұрын шылым тартпағаны көрініп тұрды. Ол бұл жағынан«артта қалғанын» біздің байқап отырғанымыздысезіп:
– Жаңа-жаңа үйреніп жүрмін. Кейбіреулер«ұрыста арақ пен темекінің кәдімгідей пайдасыбар» деген «қисын» шығарып жүрді. Бірақ соғыстамұның екеуі де ғадетіме мүше бола алмады, – депкүлімсіреп қойды. Оның қызыл шырайлы өңінде,жылы жүзінде, сөз саптауында тыңдаушыныжалықтырмайтын бір белгісіз күш бар секілді.
– Менімше, бұл біз үшін таңырқарлық емес.Мысалы, менің жиырма жетіде майор болуым– атадан асып туғаным емес, Совет өкіметініңтәрбиесі. Ол менің бұл дәрежеге жетуіме өзімненәлдеқайда көп еңбек сіңірді, тұрмыстың даңғылжолына түсірді, білім берді. Сол секілді советадамының батыл, батыр болуы да табиғи нәрсе.Өйткені ол Отанының қадірін біледі, оны сүйеді,ол үшін, оның мүддесі үшін қауіптің қандайына дақарсы шабады, жанын да аямайды. Бірақ ол көзсізбатылдықты сүймейді, жанқиярлыққа салалы ойын,білімін, ақылын жолдас етеді. Мен сіздерге мынадайбір мысал келтірейін:
... Висла өзенінің батыс бетіне менің батальонымбұрын өтіп, табан тіреді. Басқа бөлімшелер өзенніңшығыс жағында қалды. Немістер бізді жойыпжіберуді, шегіндіруді көздеп, күніне бірнеше ретқарсы шапты. Төтеп беріп тұрдық. Бірақ бір күніжағдай қиынға айналды. Жау көп күшпен біздіқоршап алуға қалды. Біздің окоптарға таянды.Біз бұл бірнеше жүз шаршы метр жерді алу үшінбіраз адамнан айырылған едік. Енді кейін шегінсек,сол қанның босқа төгілгені. Бұл жерді қайта алукүресінде тағы да бірнеше адам құрбан болмақ.Не істеу керек? Мен телефон арқылы өзіміздіңзеңбіректердің біз тұрған жерді атқылауын сұрадым.Бұдан басқа амал жоқ еді. Міне, өз снарядтарымызөз басымызға түсе бастады, бірнеше адам қазатапты. Бірақ жауынгерлер жасымады.
– Атыңдар, тағы да! – деп дауыстағанынесіттім олардың. Олардың тілегі шегінбеу, алғанжерді жауға бермеу еді. Олар зеңбіректеріміздің
атқылағанын тіледі. Олар төзді. Жау шегінді. Міне,бұл ұрысшылардың саналы ісін, жанқиярлығынкөрсетеді, ерлік те, батылдық та санадан туады.
Майор Меркулов өзінің тұрмыс жолын әңгімеқылды. Ол Семей облысында өскен. Он тоғызжасында оқытушы болып істеген. 1938 жылыармияға алынған. Шығыс шекарамызда қызмететкен. 1941 жылы әскери училищені бітірген,майданға 1942 жылы келген.
– Келісімен рота командирлігіне тағайындалдым,– деді майор,– ол күнде лейтенант едім. Тәжірибемде жоқ еді. Оңай болмады. Ұрыстың саябырлағанкезінде, қол босаса, түнде де, күндіз де көп ойлану,көп үйрену керек болды. Ұрысты ойдағыдай жүргізуүшін ең әуелі оған қажетті шараларды істеу керек,бұған көптеген шаруашылық жұмыстары да кіреді.Жауынгерлерді азық-түлікпен, киіммен, оқ-дәріменқамтамасыз ету – ұрыс алдында жүргізілуге тиістіжұмыстар. Міне, осыларды да үйрену, істей білукерек болды. Жүздеген адамды тәрбиелеу, олардыңқамқоршысы болу міндеті менің алдымда тұрды.
Меркулов бұл міндеттерді орындай білген. Бұғанжауынгерлік ісі дәлел. Днепрден өту ұрысында оныңротасы жаудың батальонымен шайқасып, жеңіпшыққан. Екі күн қоршауда болса да, алған жерденайрылмаған. Оның ротасы жаудың тылына да талайрет өтіп, оны ту сыртынан соққылаған. Әрқашанжауапты бағытта болған. Меркулов батальонкомандирлігіне 1944 жылы тағайындалған.
Майор туған ел туралы айта береді, бұл әңгімегеқайта-қайта оралады.
– Совет Одағының, Отанымыздың алыптұлғасын соғыс кезінде бұрынғыдан әлдеқайда анық,айқын таныдым. Елде жүргенде жете байқамайдыекенбіз, – дейді ол.
Ол Қазақстанның алдағы 25 жылдық мерекесітуралы да сөз қылды. Хат арқылы, газет хабарларыарқылы мұндағы жұмыстармен жақсы таныс екен.Соғыс кезінде Қазақстанның неше жауынгерінеСовет Одағының Батыры атағы берілгенін де біледі.
– Жерлестеріме ризамын. Жақсы соғысты,– дейді Совет Одағының Батыры майор МатвейКузьмич Меркулов.
1945