01.05.2022
  109


Автор: Жұбан Молдағалиев

ЖЕҢІЛГЕН БЕРЛИНДЕ

Біз Бернаудан таң біліне шықтық. Берлин бұлжерден 22 километр. Машинаны тежеп, І-Белоруссмайданының айбынды әскерлерінің алып шабуылының ізін көріп келеміз. Тұман болып көтеріле бастағантүнгі шықтың буы ма, әлде оқ пен оттың түтіні ме,айнала буалдыр тартып тұрды. Жолдың жан-жағыбелдеуше тартылған сым қоршаулар, орлар, нешетүрлі бекіністер. Бірақ совет жауынгерлері бұлардыбұйым құрлы көрмей, бұзып-жарып өткен. О жердеде, бұ жерде де қираған танктер, «Фердинандтар».Қызыл Армия батырларын бұлар да бөгей алмаған,айға ұмтылып мерт болған арыстандай шойырылыпжатыр.
Берлин. Жалмауыз фашист басшыларына,адамзаттың азғындарына ұя болған Берлин,Москваны жеңбекші болып даурыққан Берлин.Енді ол амалсыз жуасып, тымырая қалыпты. «Аюғанамаз үйреткен таяқ» деген осы.
Біз Берлин аллеясымен келеміз. Көшеде біренсаран ғана адамдар көрінеді. Әр үйдің терезесіндеақ жалаулар ілінген, кездескен тұрғындардыңқарларында да байлаулы ақ шүберек көрінеді.Бұлар совет ерлерінің құдіретті күшіне бас игенберлиндіктер. Бізді көшенің тарауында тұрған қызыләскер тоқтатты. Ол Берлиннің бейне бір қожасы.Қай көшенің қайда екенін де, қай жерде не барында біледі.
 – Қайдансың? – дедік біз.
– Совет Одағынан, – дейді. Қазір елден жырақ,түу Берлин көшесінде тұрғанда қандай күшті, қандайәруақты, қандай сырлы бұл сөз! Мақтан, совет ұлы,жеңімпаз батыры! Қалай мақтансаң да орынды.
Бұл қызыл әскер Шәймерденов екен. Семейдікі.Қазір ұрыс бұдан бір километрдей жерде, Берлинніңортасында жүріп жатқанын айтып жөн сілтеді.
Шығыстан, сонау алыстағы туған ел жақтаншыққан әсем нұрлы алтын күн арқан бойы көтерілгенеді бұл кезде. Көшеде жүріс-тұрыс та көбейебастады. Қызыл Армияның кім екенін таныған қалатұрғындары бойын жазып, өз шаруаларына кіріскен.Міне, бір неміс сыра дүкенін ашып, саудасынакіріскелі жатыр. Басқа да бірнеше дүкендердікөрдік. Немістер бұлардың бірін де елемей өзжұмыстарымен шұғылданып жүрген қызыл әскерлерді көріп таңырқағандай.
Гитлершілдер Берлиннің көшесінде көпбекіністер, дзоттар, баррикадалар құрған. ҚызылАрмияның бұған да жететінін білсе керек. Берлиндеодақтастар авиациясы да елеулі із қалдырған. Кейбіркварталдардың орыны ғана бар. Франц Иосифкөшесіндегі авиация жабдықтарын шығаратынзаводтың күл-талқаны шыққан.
Біз Берлинге жеңіс туын тіккен ерлердіңбірнешеуімен сөйлестік. Лейтенант МүсіралиновКаукеннің взводы Германияның астанасынаалғылардың бірі болып кірген.
– Міне, Берлинге де жеттік. Бір кезде, Москватөңірегінде соғысып жүргенде, Берлинге жетуалыстағы арман тәрізді еді, енді мынау... – дейді ол.
 Оның взводында неше алуан ұлттың ұрысшыларыбар. Орыс Николаев, өзбек Қабылов, әзірбайжанМәліков, татар Ғимадов – бәрі де айта қалғандайсоғысқан. Қол ұстаса жүріп, жауды бірге қиратысып,бірге қуып, Берлинге баса-көктей кірген бауырлассовет елінің перзенттері бұлар, Берлиннің апшысынқуырып келеді бұлар.
Москва бұл күні кеште Берлинге жеңіс туынтіккен батырларға құрмет көрсетті.
1945





Пікір жазу