01.05.2022
  123


Автор: Жұбан Молдағалиев

ЕРЛІКТІҢ ЖАЛҒАСЫ

Қызу ұрыстар кезінде кімнің қайда жүргенінбіліп болу қиын. Ауыр жараланған капитан Масингоспитальдан шыққаннан кейін басқа бөлімге кетіптіде, майдан штабындағылар уақытша «көз жазып»қалыпты. Қазір Темір бір неміс қаласында біздіңәскери комендант екен.
Осы кездесуден кейін Темір біздің редакцияда бірнеше күн қонақ болды. Біз, редакция қызметкерлері – жаңағы Сапар Есбатыров,редактордың орынбасары Ахмет Елшібеков, қазіргібелгілі ақын Сағынғали Сейітов, бұл күнде партия
 қызметкері Зейнолла Садықов және мен – Темірденөзінің жауынгерлік жолы туралы қанша сұрасақ та,ол жөнді ештеңе айтпай қойды.
– Жазыпсыздар ғой, тіпті соның өзінде дебөсіңкіреп, асыра айтып жіберген сияқтысыздар.«Тағысын тағы алармыз, қосшы бала» дегендей,сол «бойға сіңсе де» жарар. Соғыс туралы әңгімежалықтырып болған жоқ па, одан да сағынған елтуралы, ертеңгі бейбіт күніміз туралы әңгімелесейік.Қазақ тілін, қазақ әнін сағындым, ән салайық, –дей берді Темір.
Кішіпейіл де ақжарқын, бауырмал Темір азкүннің ішінде біздің бәрімізді баурап алды. Бізоны енді ерлігі үшін ғана емес, адамгершілігі үшін,үлкен жүрегі үшін жақсы көрдік. Сол 1945 жылдыңжазында Темір аз күнге демалыс алып, елге барыпкелді. Одан соң Польшаның бір қаласында тағыда әскери комендант болып істеді. Көп кешікпейденсаулығына байланысты армиядан біржола босапелге, өзі арман еткен бейбіт еңбекке оралды, бұлкезде оның әскери атағы майор еді.
Темір елге келгеннен кейін Батыс Қазақстаноблысының Тайпақ аудандық партия комитетініңекінші секретары болып сайланыпты. Мұны естігендемен әсіресе қуандым. Өйткені Тайпақ ауданы –менің туған ауданым. Қала берсе кешікпей Темірментағы да кездесетініме қуандым. Сол қуанышпен мен1947 жылы Германиядан ауылға демалысқа келдім.Бірақ қуанышты кездесудің орнына қайғылы хабаркүтіп тұрды мені. Масин Темір бірнеше күн бұрын...өртеніп өліпті. Бұл жағдай былай болған екен.
 Осы бір 1947 жыл біздің жердегі ең бір қуаң,аңызақ жылдардың бірі болыпты. Осындай миыңдықайнатқандай шілденің ыстық күндерінің біріндеауданның бір шетіндегі шабындықтан әлдеқандай өртбарған сайын өршеленіп жүздеген километр жердіқамтыпты. Бүкіл аудан еңбекшілерін жұмылдырып,«тілсіз жаумен» алысушыларды аудандық партиякомитетінің секретары Масин Темір басқарыпжүреді. Сондай зобалаңда жүргенде Темір өртішінде бір екі-үш әйелдің қалып қойғанын көреді де,соларды құтқаруға жүгіреді. Ғаламат қиындықпенқұтқарады да. Бірақ өзінің сау жері қалмайды.Кешікпей ауруханада жатып қайтыс болады.
Сонымен мен, баяғы Белоруссиядағы ұрыскезіндегідей, тағы да Темірдің өзін кездестіре алмай,орнын сипап қалдым. Орын болғанда бұл жолыорны толмас, оралмас орын еді. Бұ жолы да мен олтуралы аңыз сияқты жақсы әңгімелерді ғана естідім.Бұл өшпес ерліктің жалғасы туралы әңгіме еді.
Мен ұсынып отырған осынау бірнеше сөздіңтарихы осындай. Бұл – құйрықты жұлдыздай ағыпөткен бір тамаша жас өмір туралы, халқымызбен коммунистік партияның адал перзенті МасинТемір туралы естелік қана. Осы естелік те батырғакішкене бір ескерткіш болғай деген оймен ұсыныпотырмын. Және мен Темірдің ерлік даңқының,батырлық жұлдызының мәңгі өшпейтініне кәмілсенемін. Біздің елде халық өзінің ардагер ұлдарынеш уақытта ұмытпайды. Масин – сол ұмытылмасадамдардың бірі.
1944–1961





Пікір жазу