01.05.2022
  150


Автор: Жұбан Молдағалиев

ЕСҚАЙЫР МЕРГЕН

Снайперлік винтовканы алған күні Есқайыр екінемісті жойды.
Келесі күні ол алғы позицияға келіп, окопқазып, оны маскировкалап, немістерді аңдыпжатты. Бір кезде әріректен бір топ неміс көрінді...Олар өздерінің алғы позициясына келе жатыр екен.Есқайыр, дәл көздеп, жеті рет атты. Жеті атқандажеті немісті жойды.
Осылайша оның есебі күн санап үздіксіз артаберді.
Бір күні Есқайыр тосқауылға шығып, окоптажатыр еді. Оған полк командирі келді.
– Сен нысананы жақсы аттың. Мергендігіңдіенді іс жүзінде көрсет, – деді.
Полк командирі дүрбісімен немістер жаққақарап. Есқайырдың қасында жатты.
Ойда жоқта 200 метрдей жерде бір неміс көрінді.Сол арада, сірә, бақылау пункті болса керек. Немісдүрбісін көзіне ұстады да біздің жаққа қарады.
Есқайыр подполковникке:
 – Көрдіңіз бе, жолдас подполковник? – деді.
– Көрдім, – деді ол.
Қалықов асықпай көздеп атып салды. Немісжерге шаншыла, мұрттай ұшып түсті.
– Сен нағыз құламерген екенсің. Ризамын.Мәртебең биік болсын! – деді оған подполковникаталық мейіріммен.
Есқайыр оның көз алдында екі немісті өлтірді.
Есқайырдың есімі ауыздан ауызға көшті.Бөлімше-бөлімшеге тарады. «Есқайыр мерген»атанды.
Командование оған кіші сержант атағын берді.





Пікір жазу