01.05.2022
  161


Автор: Жұбан Молдағалиев

СЫНАҚ

Есқайыр бақылау пунктінде отыр еді. Полк штабынан байланысшы жауынгер келіп:
– Жолдас Қалықов, сізді полк командирішақырады, – деді.
Есқайыр тез жиналды да, штабқа келді.
– Жолдас подполковник, қызыләскер Қалықовсіздің бұйрығыңыз бойынша келді, – деді ол ашықдауыспен.
 
– Қанша немісті жойдың? – деп сұрадыподполковник.
– Алтауын ғана, – деді Қалықов, азсынғантүрде.
– Жарайды. Қазір сыннан өтесің. Нысанаға дәлтигізсең, снайпер винтовкасын беремін.
Бұрын ауылда жүргенде, сонау Гурьевтіңдаласында, Каспийдің жағасында, айдын «Ақкөлдің»айналасында атақты аңшы нағашысы Есенәлиевпенбірге аң аулап, құс атуға шыққанда атқаны құркетпейтін еді ғой. Нағашысы оған: «Сен өскесінмерген боласың. Тек бұған ынтаң болсын. Ержігіттің жақсы мылтығы, жүйрік аты болу керек. Ерқаруы – бес қару, деп атаң қазақ бекер айтпаған.Алдыңнан аң құтылмайтын құла-мерген бол!» деушіеді... Қалықовтың көңілінде: бұл сыннан мүдірмейөтермін деген сенім пайда болды.
Подполковник 100 метр жерге нысана қойды.Қалықовқа жай винтовканы беріп:
– Жатып ат! – деді.
Есқайыр асықпай көздеп, үш рет атты. Қасындатұрғандардың бәрі нысанаға жүгірді.
– Үшеуі де ондыққа тиген!
– Япыр-ай, нағыз мерген екен! – деген дауыстар шықты.
Бұдан кейін Қалықовқа подполковник:
– Жарайды. Өте жақсы. Енді тұрып ат! – деді.
Қалықов тұрып тағы да үш рет атты. Атқаныаумастан тиді: тағы да отыз ұпай.
Нысананы 200 метр жерге қойды. Жатып атукерек. Есқайыр, көп кідірмей, үш рет атты. Екі оқондыққа, бір оқ тоғыздыққа тиді.
 – Құттықтаймын, жолдас Қалықов, – дедіподполковник Есқайырдың қолын қысып. –Мергендігіңе толық сенемін. Сенің оғың немістергеде дәл осылай тиеді. Міне, мына снайперлік винтовканы ал! Жақсы қару!
– Рахмет, жолдас подполковник! Сеніміңіздіақтаймын. Көзіме көрінген немісті тірі жібермеймін.Уәде осы болсын. Ер екі айтпайды, – деді Есқайырснайперлік винтовканы қолына алып тұрып.





Пікір жазу