01.05.2022
  169


Автор: Жұбан Молдағалиев

МАЙДАНДА

– Мен майданға 1942 жылдың апрелінде келдім.Ілкі кезде майдан жағдайына үйрене алмай жүрдім.Зулаған оқ, жарылған снаряд – бәрі де дәл менікөздеп атылғандай болып көрінеді, – дейді Есқайырмайдандағы бірінші күндерін еске алып.
Майдың бас кезінде Есқайыр алғашқы ретатакаға қатысты. Ұрыс оңай болмады. Дұшпанқатты қарсыласты. Пулеметпен де, минометпен де атқылады. Бірақ, Есқайыр оны елең етпей,атакалаушылардың алдыңғы сапында келе жатты. Жаудың окоптарына таяп келгенде ол сүрінежығылды. Жалма-жан түрегеліп, қайтадан алғаұмтылды. Бірақ, үш адымдай аттады да, тағы дақұлап түсті. Аяғына оқ тиген Есқайырдың жарасынтаңып, санинструктор оны медсанбадқа алып жүрді.
Қалықов өзінің жараланғанына қатты өкінді.Өзі басқалардан осал болғандай көрінді оған.Ызаланғандықтан көзінен жас та шығып кетті.
– Қатарымнан кем қалмаспын, – деді Есқайырөзін-өзі жұбатып, – Дұшпаннан кегімді алмай тынбаспын.
Ол госпитальда 27 күн жатқаннан кейін,жарасының әбден жазылмағанына қарамастан, өзбөлімшесіне қайтып келді.
 
Бір күні Есқайырды батальон командирі ағалейтенант Коваленко бақылау пунктіне қойды.Немістер бақылау пунктінен 200 метрдей жерде еді.Екіаралықта кішілеу сай бар-ды.
13 июль. Таңертеңгі кез. Күн ашық. Есқайырдүрбісін көзіне ұстап, немістерді шолып тұрды.Бір кезде сайдың арғы бетінен бір фриц көрінді.Есқайырға қасындағы жолдасы Никитин:
– Әнеки неміс... Көрдің бе! Ат! – деді.
Есқайыр мылтығын алды да, атып жіберді.Мылтық даусы шаңқ етті. Неміс шалқасынан құлаптүсті.
– Өлтірдім білем, – деді ол.
– Өлтірдің! – деді оған Никитин. Есқайырбатальон командиріне келіп, немісті өлтіргенінмәлімдеді.
– Жарайсың, жолдас Қалықов! Құттықтаймыналғашқы адымыңды, – деді оған аға лейтенант.
Есқайыр июльдің 14 күні тағы бір немісті жойды.





Пікір жазу