01.05.2022
  4735


Автор: Намаз

Намаз оқуға болмайтын үш уақыт

намаз тыйым уақыт

Намаз оқуға тыйым салынған уақыттар:


1.Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт.
ТАҢ НАМАЗЫНАН КЕЙІН КҮН ШЫҚҚАННАН СОҢ 40 МИНУТ- 1 САҒАТ УАҚЫТ АРАЛЫҒЫ.

2. Күннің дәл тастөбеде тұруы. Яғни күннің ең биікте болған кезеңі.


Бұл уақыт бесін намазының уақыты кіргенге дейін созылады.
БЕСІН НАМАЗЫНА 40 МИНУТ - 1 САҒАТ ҚАЛҒАНҒА ДЕЙІН.

3.Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі.


Шамамен бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта сол күннің тек намаздыгер намазын мәкрүһ түрде ғана оқуға болады.
АҚШАМ НАМАЗЫНА 30-40 МИНУТ ҚАЛҒАНҒА ДЕЙІН.

Намаз оқылмайтын уақыттар бұл үш уақытта ешқандай нәпіл намаз да, қаза намаз да оқылмайды. Бұл уақытта намаз оқуға салынған тыйым – күнге табынғандарға ұқсамау үшін берілген. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн мир әл-Жуһени (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (ﷺ) үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта».





Пікір жазу