01.05.2022
  205


Бір тамшы-мейірім

Құлажанова Қарлыға


Таң атты.Жұмысқа келе жатып, бүгінгі жұмысымды ойлап келем…Байқағыштық, бақылаған жағдайға тез бағдарлау қабілеті, басқа адамның орнына өзін қоя білі, елестету және сол адамның мінезін, тілегін, ойы мен іс-әрекеттерін түсіне білу,елестету және сол адамның мінезін, тілегін, ойы мен іс-әрекеттерін түсіне білу, ке келген жағдайға бейімделу және өзін-өзі бағалай білу қабілеттері- бұл әлеуметтік педагогтың негізгі қасиеттері болып саналатынын білемін. Таза ауада балалардың мектеп алдында ойнап жүрген дауыстары таңғы ауамен анық естіліп келеді.


…Бір тамшы-мейірім, бір тамшы-қамқорлық,бір тамшы махаббатқа қанша бала зәру десеңші?…


Алақанға осының бәрін сыйғызып,қамқорлықпен әр балаға шамам жеткенше жеткізе білуім керек!Біреусін жоғалтып алмай,мәресіне жеткізу керектігін білемін.


…Бірінші қабаттың дәлізісінде Мұратты кездестірдім. Көзі ісіп кеткендей ме?Ренжігені көрініп тұр.Бірден кабинетке лестіріп келіп, ренішімен бөлісуін өтіндім. Отбасында болған келеңсіз оқиғаға деген ренішін, өксігін жасыра алмай булыға баяндады.Қайтсем де бүгін уақыт тауып, Мұраттың ата-анасымен сөйлесіп,ортақ мәмлеге келуге шақыруға міндеттімін.Осыны айтып, баланы сабағына шығарып салдым.Сынып жетекшісіне болған оқиғаны ескертуім қажет.


-Ренжімеші, Мұрат.Саған менен бір тамшы мейірім…


Мына жерде асханадан шыққан оқушыларға қызыға қарап, толық емес отбасынан шыққан Гүлім тұр.


-Түңілме Гүлім.Енді сенде күнде асханадан ыстық тамақ ішесің.Сенің де қарның тоқ,қайғың азаяр.Киімің бүтінделеді.


Саған менен бір тамшы қамқорлық…


…Екінші қабатта көп балалы отбасынан шыққан Ербол тұр.Сабақтан шығарылды ма, әлде өзі шығып кетті ме екен? Әлде екілік алды ма? Қасына барып мән жайды білдім.Қамықпа, шешімін табуға көмектесемін.Мына кітаптарды қарап отыра түр.Мен сенің пән мұғаліміңе жолығып келейін.


Саған менен бір тамшы махаббат…


Түс ауып барады, бірақ балалардың әр түрлі жағдайлары азаяр емес. Ары қарай хаттамалар, анықтамалар, актылар, хабарламалар, түсініктемелер, әлеуметтік паспорттар, файлдар, папкалар тағысын тағы басқалар.Бейне бір қағаздан аққан өзенге түскендейсің.Үлгерсем екен, бүгінгі атқаратын жұмыстарымды үмытып кетпейін!


Аяғым талғанда ғана есіме үйге қайтуым керек екені түсті, үйде балаларым да күтіп отыр.


Түннің бір уағы.Ойым ертеңгі жұмыста.Ертең сөйлесуім керек, баруым керек, айтуым керек…Тың, тың, тың…Бейне бір су тамшысындай ойлар мыйыма ұмытпа, ұмытпа деп тамып жатқандай…


Балалардың өмірлік жолын дұрыс таңдауға, қоғамға бейімделуге және жеке тұлғасының жан-жақты дұыс дамуына қолдау көрсету, тек білім беріп қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретуіміз тиіс.


Осы жұмыстарым, балаларға берген кеңестерім текке зая кетпес!Жоқ…Ешқашан атқарылған жұмысым зая кетпейді.Жемісін балардан көретінім анық!





Пікір жазу