meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  30.04.2022
  128


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

«ҚОсШЫнЫң» ШөБі, «ВОРОШИлОВтЫң АРБАсЫ

 


Шөп биыл белуардан өскен. Жер астында ештеңе қалмаған болар. Машинаның екі айналған жері бір мая. «Қосшы» колхозының сонау ойпаңдағы пішені шөмеледе жатып шіруге айналды. Әнеукүнгі қалың жауыннан кейін көгере бастапты. Соны бүгін бүкіл ауыл болып, тайлы-таяғымен жиып алмаса кешігеді. Кеше жиналып баруға әу дескен. Мұғалімдердің де демалысқа шыққан кезі. Қолдары алдына симай жүр. Ауыл активтерін сөзге келместен қолдап еді.


Бұл күнде жұрт думаншыл. Тұрмыстың жақсылы- ғынан да болар. Бас қосуға сынықтан сылтау іздеп тұрады. Мынау жайт соған дәл кеп қалды-ау деймін. Саба-саба қымыз, шелек-шелек көже артып, ат-арбамен


«Өлеңге» қарай қаптап барады. Арба сайын аяқтарын буған бір-бір қой. Жұмысқа деп шыққандардың түрі жөпшенді тойға бара жатқандай. Әсіресе, әйелдер жа- ғы тіпті түрленіп шығыпты. Әзіл-қалжың, ән-әуен.


Сыңғырлаған күлкі. Сылқым жігіт, кербез келін- шектер де баршылық.


Күн көтеріле аттанғандар шық кебе межелі жерге жетті. Батыс жақта жұқа ала шабыр бұлт бар. Күн ыс- тық болады-ау деп жорысты кейбіреулер. Ыстық түс- пей еңсеріп тастағанды мақұл көрді бәрі де. Жаңа ғана шоқталып келе жатқан адамдар шашқан құмалақтай кең алқапқа жайылды да кетті. Қызу жұмыс басталды.


 


Құмырсқаның илеуіндей, шоқиып-шоқиып шөмеле- лер тұрып та қалды. Әп-сәтте-ақ жапырлап шыға берді. Сонау дөңестеу жерден жаңа маяның орны салынуда.


Шөмеле басына мінген балалар аударыспақ ойнап алданып қалса, мая жақтан айқай шығады. Бәрін бел- гісіз бір күш асықтырғандай. Тез бітіріп, думанға бас- қысы келе ме екен? Әйтеуір жұмыс жүріп берді. Әзіл- оспақ, айқай-қалжың да тына қалыпты. Жапырып бара жатқан жастар жағы.


Жаңағы алашабыр бұлт біртіндеп тұтасып келеді. Күн батар жақты шымылдықтап, қоюланып жөңкіле шығысқа қарай ойысты. Төбеге тақалып қалған күн де бұлт артына жасырынды.



  • Е, жақсы болды-ау. Құдайдың болысқанын көр- мейсің бе? Салқында іс өнімді ғой.


Еркектер жағы бырш-бырш терлеген. Көбі көйлегін сыпырып тастапты. Кеудесінен жоғары жағы жалаңаш. Бастарына шарт түйген орамалдары термен, топырақ- пен қап-қара боп кетіпті. Әйелдердің де жоталары суланған. Көйлектері жабысып тұр. Егделеу әйелдер етектерінің бір жағын түрініп ышқырланып алыпты. Жас келіншектер ғана келген беттегі қалпында. Олар- дың пысынап терлегені нарттай жанған жүздерінен көрініп тұр.


Салқын жел көтерілді. Шөмелелердің шоқиған төбелері селкілдей бастады. Маяшылардың жұмысы ауырлады. Тік көтерген ашаны қалбалақтап, бұрып ала жөнеледі. Оның үстіне барлық мая да биіктеп кеткен. Шөп тастап тұрғандар тек қарулы жігіттер ғана. Соның өзінде мына жел басылмаса төбесін шығару қиын. Шығарған маяның бәрін бітіріп тыныстауға келісті жұрт. Желдің күшейгеніне қарамастан бір-біріне жәр-


 


дем беруде. Әйтсе де «көзім-ай» деушілер көбейіп кет- ті. Біреуіне шөп, біреуіне топырақ түсіп әбігер етті. Көзді емдеушілердін бір-ақ тәсілі бар. Тілді салып жібереді де, жалап жатады.



  • Қойды ма, койды ма түйілгенін.


Сұр бұлт аспанды тұтас жапты. Жаздың бұлтындай емес, күздің бұлтындай зәрлі. Дегенмен, жел баяула- йын деді. Шөпшілерге керегі де осы. Барлык маяның төбесі шықты. Үстіндегілер арқаннан ұстап төмен қа- рай түсіп жатыр. Жиналатын жер алғашқы үлкен мая- ның түбі. Бар әкелгендері сонда. Қой сойылып, қазан бұрқырап тұр. Қазіргі қарбаластық енді осы жұмыстың төңірегінде. Тек желден именіп отты басып тастаған екен. Қазан астына қайтадан от қойылды. Кербездік мұндай жерде де қалмайды екен ғой. Нұрғали деген мұғалім қисық жаға ак жібек кейлегін бипаздап киіп жатыр. Шешіп тастаса керек, көйлегі сол қалпы, кір- шіксіз судырап тұр. Рахымжан да мұғалім. Бірақ бұл сауатсыздарды оқытады, ересектердің «молдасы».


Балқаштағы ФЗУ жабылып, ауылына келгелі көп болмаған-ды. Шешесі Үндемес күйеуге тиіп кетіпті. Оған өкпелеген Мұхтар биыл жазда демалысқа кел- мепті. Өзі білетін ескі көздерден жалғыз әжесі Әлиман қалған. Ол да қартайған. Жүнісбектің үйіне кеп тұра- ды. Жеңгесі Зейнекүл асты-үстіне түседі. Ер жеткен қайнысын ес тұтқандай. Баяғыда анасы Жамал өлгенде кұртақандай бала еді. Қабыр басында шырылдағаны әлі көз алдында. Енді міне, жігіт болыпты. Бет-пішіні, жарқылдақ, ашықтығы анасына тартыпты. Көп жыл қара үзіп, ел көрмей жат бауыр боп кетті ме десе, олай да емес. Осы ауылдың көзге түсер жас жігітінің бірі болды. Келген соң кешіктірмей көрші «Қосшы»


 


колхозына сауатсыздарды оқытуға жіберген. Орта бі- лімі барлардың ол кезде қаны жерге тимейді. Міне, бүгінгі бірлескен думанға ол да іліккен.


Бір топ жас сақ-сақ күледі. Орталарында нән табақ нансыз ет.



  • Молда қайным, тура.


Рахымжанды келіншектер көбірек қағытады. Ол да есесін жібермейді.



  • Сазайларыңды оқуда берермін,— дейді.


Күні бойғы жұмыстан жүздерінде шаршағандық- тың ізі де жоқ. Жуынып-шайынып, бәрі құлпырып шыға келіпті. Күлкі көбейді. Әкелген көк мойындар да бұл тұста әжетке жараса керек. Далада, салқында отырып ішкен ас қандай сіңімді. Әсіресе, бүгінгідей қызу жұмыстан кейін. Бір тамаша жарастық бар. Осы бір даланы сәнге бөлеп тұрған жарастық. Сүреңсіз сұрғылт бұлт мына жайнаған жүздерден тайқып, күн көзін ашып жіберетін-ақ жөні бар. Бірақ, зәрлене түседі. Суық жел қайта көтерілді. Жігіттердің шашы жалбырап, әйелдердің орамалы ұша бастады.


Ауыл жақтан келе жатқан аттыға бәрі жалт қарады.


Құйғытып келеді. Тани кетті. Төлеубай деген шал.



  • Бірдеңеден құр қалғандай мына шалдың сонша желіккені несі екен.

  • Біреуден сүйінші сұрайын деп келе жатқан шы- ғар.

  • Нұрғали берік бол қалпағыңа. Сенің келіншегің ай-күніне жетіп отырмап па еді?


Бәрі аңтарыла орындарынан тұрысты. Тесіліп қарап қапты.



  • Әне, әне,— деп шу ете түсті. Бірақ қарияның тү- сі өрт сөндіргендей суық. Тұнжырап кеткен. Жақындай


 


бере атының басын тежеді. Ұзақ шапса керек, екі бүйірін соғып ілгерілі-кейін кетіп тұр.



  • Оу, жамағат, соғыс, соғыс!

  • Не дейді? Қайдағы?

  • Германия тарпа бас сапты, талай жерді алып қойыпты. Осындағы көбіңе пәуеске бар. Қайтыңдар ауылға!


Аңтарылып тұрғандар түгел күрсінді. Жер де, күні бойы өңі қашып тұрған мынау сұрғылт көк те күрсінді. Ат-арбаға үрпиісіп-үрпиісіп отырып жатыр. Жаңағы бір шаттық жер жұтқандай жоқ болды. Масаңдар да дереу есін жиды. Әзіл-қалжың адыра қалды. Араздас- қан адамдарша үнсіз. Әркім өзімен өзі, іштері мынау көтеріліп келе жатқан желден де суық. Төлеубай қарт та өлік естірткендей тұнжырайды. Арбалардың тізгі- нін бос жіберіп ілбіп келеді. Басы салбырап кетіпті.


Шөпшілер ауылға бет алысымен жел өршелене соқты. Дауыл көтерілді. Жер мен көктің арасы жын ойнағына ұқсап кетті. Айнала мұнартады, мынау дар- хан дала екі иығынан дем алады. Жаңа салынған жас маялардың бір-екеуі желмен құлап түсті. Бірақ оған қараған ешкім жоқ.


* * *


Рахымжан соғыс туралы суық хабарды естісімен Ворошилов атындағы колхозға — өз ауылына келген- ді. Мұнда да бір айдың ішінде азамат атаулы апа- сапа болды. Тоқтап тұрған трактор, жүрмей қалған комбайн. Ие жоқ. Күлкі кетіп күңіренген халық. Ақмо- ламен екі орта шұбырындыға айналды. Қайғы-мұң шұбырындысы.


Ауылдағы қайрат көрсетер басты күш малдан —


 


өгіз, адамнан — әйел ғана. Бала атаулы — жетім, әйел атаулы — жесір қалды. Ішкен су да, жұтқан шаң да қан татиды. Құдайдың құтты күні мұңмен атып, мұңмен батады. Енді мұғалім боп шікірейіп жүрудің жөні келмеді.


Алты-жеті әйелге бастық. Арба айдап, астық тар- тады. Қап көтермек тұр ғой, отының басын сыруға ерінетін небір кербез келіншектердің ерні тілім-тілім, қолы жара-жара болды. Бірақ қыңқ демейді. Бүкіл жұмыс солардың мойнында. Күн мен түннен айырма- шылық кетті.


Қайраттысы Қалиман шешей. Бурыл тартқан са- майынан жоса-жоса тер ағып тыным көрмей жүргені. Астық та қаптайды, қап та арқалайды, арба да айдай- ды. Оның қасындағы жас әйелдердің бәрі шалдықты. Қараға ілесіп жүрген жалғыз Зұлқия еді. Оның да бүгін белі кетіп ауырып қалыпты. Алты арбаға ие Қалиман шешей мен Рахымжан ғана. Жігіт аты бар, намысына тырысады. Бірақ таңның атысы, күннің батысы ты- нымсыз жұмыс мұны да бұрлықтырайын деді.


Жұрттың бәрі де жұқарған. Сіркесі су көтермейді. Бірдеңе десең тек сынып түседі. Арбаларды қырманға әкеп, сабан түбіне қисайғаны сол болатын. Бригадир Мәліш Омар дығырланып жетіп келіпті.



  • Неге жатырсың, оңбаған!

  • Өзін оңбаған, өл деймісің.

  • Соғыста өліп жатқандардан әулиемісің. Қара, айбат шегеді-ей өзі.


Қалиман шешей түтеп кетті. Ол араға түспегенде Рахымжан енді жағадан алмақшы еді.



  • Сен секілдіні төре ғып құдай да алжасты. «Ит жоқта шошқа үреді қораға...» деп. Сонша зікінгенің


 


е? Үш апта ұдайы жеті арбаны өзің тиеп, өзің түсіріп көр. Бір күн істеші осының орнына. Көрейін өнеріңді. Рахымжанға рахмет айт, оңбаған. Колхоздың бүкіл бір жағын еңсеріп жүрген жоқ па!


Мәліш Омардың аузы көпіріп кетті. Енді Қалиман- ның самайына тіл тигізді. Ауаткомның председателі Клешня дәл осы жанжалдың үстінен шықты. Толық денелі қызыл сары кісі екен. Мәліш Омар қыпылықтай қалды. Жаңа ғана арсылдап тұр еді. Енді күмілжіп, шыбжың-шыбжың етті. Клешня жолдас аужайды бір- ден түйді.



  • Кел, бригадир. Екеуміз мына үйіндіні аударып тастайық. Арбашылар дем алсын.


Мәліш Омар жәлпең қағып қолына күрек алды. Рай- исполком кительді шешті, жеңді түрінді. Ал, аудар! Өзі де қарулы екен. Әзірге сыр берер түрі жоқ. Бригадир белін жиі-жиі ұстай береді. Ентігіп күрегіне сүйене- ді. Сыртынан қарап «шоқ-шоқ» десіп тұрған әйелдер. Омардың Рахымжанды атарға оғы жоқ. Қалиман ше- шей келіп қолындағы күректі жұлып алды. Намыста- нып кетсе керек. Клешня күректі Мәліш Омарға қайта берді.



  • Бәйбіше, сіз дем алыңыз. Бригадир екеуміз ау- дарамыз.


Қазақша судай. Оның ойын тұрғандардың бәрі де түсінді. Сол сынақ екі сағатқа созылды. Мәліш Омар- дың сілесі қатып, әбден жүйкеледі. «Ой өркенің өскір, мақтамен бауыздадың-ау, мына әңгүдікті». Қырманда- ғының бәрі де ішінен тап осыны айтып тұр. Үйінді біт- ті. Клешня терін сүртіп демалуға отырды. Мәліш Омарды қасына шақырды.



  • Қораздану әтешке жарасқан. Онда ақыл жоқ. Таң


 


алдында шақырып күні бойы қоқиланады. Сен адамсың ғой.



  • Ақсақал, жаның күйіп кетеді. Тіл сосын шығады екен.

  • Кімнің шекесі қызып жүр. Азаматтар болса, ана ақ самай ана қап көтеріп жүрер ме еді.

  • Жігітім, сен қай жылғысың? Бұл сөзді Рахымжанға айтты.


— 1924.



  • Әне, күні ертең бұдан да айрыласың. Онсыз да өртеніп жүрген жандарды күйдіре бермес болар. Ақылмен, ақылмен істе, бауырым. Ашумен емес.

  • Ақсақал, жүрегім нашар. Қаным басыма шапшып шыға келеді.

  • Жүрегі сау ешкім жоқ қазір.


...Қалиман шешейді бүгін бір топ кемпір қолқалап сұрап алды. Ысқақтың Айтбайын естірту керек. Күні кеше орден алыпты, ерлік көрсетіпті деген Айтбай. Ауыл балалары «Айтбай ағамыздай батыр боламыз» деп те шуласқан-ды. Жерлестерінің ерлігімен ауданнан да құтықтаған. Хасен мен Айтыштан қатарынан қара қағаз келгенде, Айтбайдың тірлігі бұл үйге медеу еді. Ең болмаса біреуі бар...


Рахымжан дәл бүгін ауылда болғысы келмей, тезі- рек арбасын тиеп Ақмолаға жүріп кетуге асықты. Бір үйден үш бірдей азамат кетіп, үшеуі де жоқ болды. Мұн- дай қайғыны қандай жүрек көтере алар. Әке-шешесі тұрған сырт адамның өзін есінен тандырғандай. Шы- дай алатын түрі жоқ, кеткісі келеді. Барлық арбаны жалғыз түсіруге бар. Кемпір-шалдың, бала-шағаның құлындағы даусын, ендігі зарлы үнін естуге төзімі жоқ.


 


Бұл қасіретке кеудесін тосып қайратты ана Қалиман ғана кетті.


Мынау қара жер, анау ақ самайлы ана ғана төзімді, шыдайды. Жердің берген бар дәулетін, ана атаулының бар үмітін сұрапыл соғыс жұтып жатыр, жұтып жатыр. Осы ойлар келгенде біреу жүрегін шеңгелдеп сы-


ғып-сығып жібергендей болады


Қырман түбі сарқылды. Халықта бір түйір астық жоқ. Бірақ қыңқ демейді. Өйткені, соғыс!


Жесір қалды, жетім баласы бар. Арқа еті арша, бор- бай еті борша. Бір күн жұмыстан қалмайды. Өйткені, соғыс!


Ән орнына зар. Күлкі орнына мұң. Күнде біреу жоқтау айтады. Осы ауылдың өзінен күн де бір жұлдыз сөнеді. Сол боздақтармен бірге сен де күніне бір өлесің. Өйткені, соғыс!


Жұрттың бәрі ас ішеді, бірақ ол сірне татиды, жұрт- тың бәрі ауа жұтады — бірақ ол удай ащы. Өйткені, соғыс!


Осының бәрін көріп азап отына күніне мың қақ- талады. Бұл азаптан да көптің бірі болып майданда өлгеннің өзі артық. Ащы ойлардың жегідей жегеніне талай боп еді. Міне, бүгін арба үстінде қолына қалам ұстатты. Рахымжан военкомға арыз жазды. Әскерге сұранды. Бүгінгі Ақмолаға асықтырған да сол белгісіз күш еді. Ыңыршағы шыққан өгіздер әйтеуір ілбиді. Ауыл жаққа қарауға беттемейді. Қазір Ысқақтың үйі у-шу. Шашын жұлып, бетін жыртып жатқан әйелін елестетеді. Сорлы шешесі алдыңғы баласын естігенде екі көзден айрылып еді. Әкесі де ине жұтқандай имиіп кеткен-ді. Енді, міне мейірімсіз тағдыр тағы да соқты аяусыз.


 


Шіркін-ай, көктемгі қызғалдақтай халық дүр көте- ріліп келе жатыр еді-ау. Сол гүлді жайдары жаздың қақ ортасында қапелімде үсік ұрғанын қарашы. Дала жұ- тап қалды, жүдеп қалды. Мүлгіп тұрған түн де өз кеудесіндей көңілсіз күңіренетін секілді. Ащы айқайға басып зарлы ән салғысы келеді. Түргісі келеді сол түнекті. Бірақ, ол қанша жұбаныш болар дейсің. Мынау қыбырлап келе жатқан өгіздерге қарайды. Сүйектері арбиып, бұлардың да ұсқыны кетіп қапты. Қамшы ти- гізбейтін қара шолақ кирең-кирең етеді. Оның қасын- да пар жегілген «Айтбай қасқа». Қазасы бүгін бүкіл ауылды қапаландырып жатқан ердің үйінен шыққан мал. Көптен бері сілекейі шұбырып жүр. Бірақ, тоқта- майтын, тұрып қалмайтын. Осындағы ең тартқыш күшті өгіз. Ұйқтап қалғанда да қырманға өздері әке- леді. Қалған арбаларды тіркеп солардың соңынан са- лып қоятын. Әне, «Айтбай қасқа» тізерлеп барып жата кетті. Бүкіл керуен тоқтап қалды. Артындағы екі әйел мұны білген жоқ. Арба үстінде ұйқтап жатыр. Бұл екеуін Рахымжан бүгін ғана көрді. Біреуі уыздай жас бала. Қалиман шешейдің қызы. Мана өз орнына қара боп арба айдап барсын деген-ді. Қырман басында-ақ аяп кеткен бұл баланы. Мейірімсіз соғыс тырнақты енді осы уыздарға да салды. Ауылдан шыға өгіздің изегі- мен қалғи бастаған. Құлап қалар ма екен деп қорқып келе жатқан. Өгіздер тоқтап тұр. Оянар емес. Соңғы арбадағы әйел де әбден қалжыраса керек.


Рахымжан түсе қалып «Айтбай қасқаны» ұзын би- шікпен тартып жіберді. Ойына осы өгіздің иесі сақ ете түсті. Алдында өгіз емес, Айтбай сорлының өлі денесі жатқандай көрінді. Ток ұрғандай әз денесі шымыр етті. Хайуан да болса, аяп кетті. Тұмсығының желімен


 


жолдың шаңын бұрқыратып, танауы шу-шу етеді. «Ая- саңшы» дегендей басын шайқап-шайқап жіберді. Тұр- ған жоқ. Осы екі ортада ортаңғы арбалардың өгіздері де жата-жата қалысты. Тек қара шолақ қана қамшы- ның қайта көтерілуінен қорқып шыжбың-шыжбың ете- ді. Рахымжан сылқ етіп жолдың жиегіне отыра кетті. Қалпағы алдына ұшып түсті. Қолы басына тиіп еді, шаң бұрқ-бұрқ етеді. Шашы киіздей боп ұйысып қапты.


Өгіздердің бұл қирай жатысына қарағанда түннің едәуір уақыты болса керек. Шалдырып алмаса болмай- ды. Бірақ, әбден болдырғанда өгіз оттамайды екен. Оны әлденеше көргені бар. Мана іңірде сөйтпегені-ай? Бі- рақ ауылдан бүгін әзірейлі қуғандай болған жоқ па. Сол әзрейіл мына өгіздерді де жусатып жатқан секілді.


...Жаз бойы дәл бүгінгідей бұрлыққан жоқ-ты. Алты арбаны түгел өзі түсірді. Ұзақ түсірді. «Бол, болдың» астына алып, оның үстіне заготзерноның қабылдау- шылары да есін шығарды. Екі арбаны түсіріскеннен кейін-ақ қасындағы әйел түкке жарамай қалды. Қар- шадай қыздың аяғын мана өгіз басып, қан қақсап ол қалған. Күн шыға келген керуен түс ауа қабылдау пунктінен әрең шықты.


Өз арбаларын артқа салып біраз мызғып алмақ-ты. Денесі қалақай басқандай ду-ду етеді. Өне бойы сыздап қозғалтпайды. Он екі жілігі бөлек-бөлек салдырап бос қалғандай. Мына қалпымен бұның да ертеңгі сапарға жарау-жарамауы неғайбыл.


Қаладан шыға берісте біреу жол шетінде қараяды. Келе жатқан арбаларды тосып тұр. Ауылға баратын көп жаяудың бірі болса керек. Жақындай келе әйел екені айқын көрінді. Денесі тіп-тік, тілерсегіне түскен бұрымы көздің жауын алғандай. Қолында бумасы бар.


 


Рахымжан ауыр тартқан денесін түзеңкіреп, жөнде- ліңкіреп отырды. Бозбаланың қыз көргенде жасайтын ширақтығы кәдімгі. Манадан бетін ары беріп тұрған әлгі бойжеткен жалт бұрылғанда Рахымжан арбаның үстінен ұшып түсе жаздады.


Райхан! Ол да таныса керек. Бір бозарып, бір қы- зарды. Жымиып күледі. Рахымжан да жымиды. Жолын әдейі тосып тұрғандай, бойын бір асқақ сезім билеп кетті. Салдырап келе жатқан денесіне қан жүгіріп, қуат кірді. Қызда мұндай сиқырлы күш болады деп ойламайтын.


Рахымжанмен елге келгелі екі-үш рет жолыққаны бар. Тоғызыншы кластан кейін оқуды тастап, жұмысқа кіріпті. Сиыр фермасында учетчик. Маңқаның қалай естірткенін айтып ішегін қатырғаны бар. Сол түн мәңгі ұмытылмас түн еді. Екеуі қол ұстасып ұзақ жүрді. Ай да жарық, жұпар самал беттерінен өбіп, белгісіз бір тәтті сезім қытықтайды. Мінезі ашық, әңгімешіл, сыр- шыл боп өсіпті. Бірақ Рахымжан қанша оқталса да, кеудесін кернеген бір ойды айта алмаған-ды. Сөзінің берекесі кетіп, тілі байланады да қалады. «Өмір»,


«болашақ» деп бірдеңені көңірсіткені есінде. Ондай кезде Райхан тайқып шығып, әңгімені басқаға оп-оңай бұрып кете берді.


Соғыс араласты. Тұрымтай тұсына, балапан басына, әркім өз басымен қайғы боп кеткен. Фермадағылар, жайылым қуалап, ауылдан жырақ жүреді. Орақ бастал- ғалы қызды ойлауға мұрша да болған жоқ. Мына кездесу оқыс, күтпеген кездесу. Жүзі сәл тотығыпты. Әйтпесе, бұрынғысынан да ажарлы көрінді. Орамал- дың астында күнге тимеген тамағы ақ мойнақ үйрек- тің ұлпа тамақ жүніндей үлбірейді. Бетінің оң жақ


 


ұшындағы меңі үлкейе түскен. Күлгенде шұқырайып кететін езу тұсындағы ойшығы дәл сол қалпы. Жаңа жымиғанда тағы шұқырайды. Осынысының өзі жүзі- не бір жылылық үйіріп, сүйкімді етіп жібереді. Сұқ саусағын тісіне тіреп тағы да жымиды.



  • Ауылға дейін арбаның майын жалдайын деп тұрмын.

  • Өзімді жалдасаң да әзірмін. Рахымжан:

  • Дыр... Дыр...— деп өгіздерін тоқтатты. Жалма- жан босаған қаптардан қалыңдап орын дайындап жатты. Нәзік, сүйкіммен ғана ырғып мінді де, Райхан арбаны қозғалта бер дегендей белгі берді. Тізесінің үстінде бумалары. Кітап секілді.

  • Қайдан келесің?

  • Сендер секілді қалың ел ортасында емеспіз. Жы- рақ жүреміз. Ермек болсын деп кітапқа келіп ем. Қала- да тағы бір шаруа боп...

  • Ел ішінде де шекенің қызғаны шамалы. Көр- мейсің бе, адам секілді пішін жоқ. Күндіз-түні ұйқы көрмейміз. Бұдан әскерге кеткеннің өзі артық. Сұмы- рай жаудың ең болмаса бір-екеуін жастана жататын. Дүниені осынша астаң-кестең қылған...


Жүзіне айбат үйірілді. Тістері шақырлап кетті.


Шықшыттары білеуленіп шыға келді.



  • Асықпасаң саған да кезек келер.

  • Бүгін военкоматқа арыз жазып кеттім.

  • Не деп? Мені тезірек ал деп пе?


Бұл сөздерді Райхан шошына айтты. Даусының қапелімде қатты шығып кеткенінен өзі сасып қалды.



  • Қимайсың ба? Кімнен артықпын. Біреу әкем деп алаңдар, біреу шешем деп, болмаса жарым деп алаң- дар. Менің алаңдайтын кімім бар.


 


Осы сәт көкірек сандығы ала-құйын боп кеткен Рахымжанға Райхан көзін төңкере тастады. Молырақ көрінген аласында жаңағы сөзін жақтырмау да, аяу да бар. Бірақ үндеген жоқ. Мән бермеген адамша шаң көмген далаға сүзіле қалды.


Екеуі үндеспей ұзақ отырды. Бірін ашу, бірін назды өкпе екі айырып, екі жаққа жетектеп алып кетті. Си- рек ұшырасатын осындай оңаша кездесуде ашпай ма кеуде сандығын. Әншейінде ұйқыдан түртіп оятатын ойлар неге төгілмейді? Басқа тақырыпқа түсіп кетке- ні қалай? Соғыс көпке бірдей, ешкімді де аяп жатқан жоқ. Өйткені ол — мейірімсіз. Әзілі жарасар асыл ар- манды жастарды арба үстінде арбастырып қойған да сол сұмырай. Көнермес, қартаймас, әр ұрпақпен әмсе жасап келе жатқан қайтып келмес қайран он жеті мен он сегіз осылардың басында. Ал бұлар — үнсіз.


Рахымжанды Райхан жастайынан біледі. Бала кезі- нің өзінде-ақ отты болатын, өжет болатын. Балқаштан келген кезінде қыз біткен «менің жарым болса екен» дегендей әдемі еді. Қара костюмін, шықырлаған қара ботинкасын, маңдайы биік делегейін киіп шыққанда қызыққаны да бар. Ұрланып екі-үш рет жолыққанда да осының адам тартар бір оты бар секілді еді.


Қазіргі кейпін тірі пенде аяғандай. Шаң-тозаң бат- тасқан терідей сұр көйлек. Жамау-жамау сырма шал- бардың әр жерінен мақтасы бұрқырап тұр. Шашы да өсіп кетіпті. Жаңа тебіндеп келе жатқан сақал әр жер- ден бір қылтияды. Жұмыс киімі шығар. Дегенмен, мы- нандай күйінде көргісі келмеген-ді. Сұрапыл соғыс жі- гіт жігерін де жүндей түтіпті-ау. Бала кезінен байқап жүрген бір қасиеті жасымайтын жарқылдақтығы еді. Одан із де қалмапты. «Жігіт болса — от болсын, от болмаса — жоқ болсын». Жеңгелерінің осы сөзі есіне


 


түскенде өзінше Рахымжанды ес тұтатын. Оның да ұнататынын іші сезеді. Бірақ бұл күнге дейін екеуінің арасында ашылған сыр жоқ...


Бас арбадағы кішкене қыз манадан жалтақ-жалтақ қарап келе жатқан. Оны Рахымжан да, Райхан да елеген жоқ. Бір кезде арбасын тоқтатып, жүгіріп жетіп келді.



  • Тәте, мен сіздің қасыңызға отырайыншы!


Рахымжан да, Райхан да отырма деуге шарасы жоқ. Кішкене қыз келген соң онан әрі тұйықтала үн- сіз қалды. Рахымжан ыңылдап ән салды. Бұл өңірге белгілі, еңкейген кәрі де, еңбектеген бала да білетін ән



  • «Сағындым-ау».


Сағындым­ау!


Ел уанар шаттық күн болар ма екен. Қайғы басқан көңілім толар ма екен. Сүйгенімнің көре алмай енді жүзін,


Қос жанарым жылаумен солар ма екен. Сағындым­ау!


Сағындым­ау, сарғайдым күтіп сені, Сен секілді қадірлер кім бар мені, Сағындым­ау!


Гитлер иттің тұқымын тұздай кұртып, Арман бар ма аман­сау келсең жеңіп!


Сағындым­ау!


Райхан да қосылды. Екеуінің үні бір жерден шық- ты. Ән екпіндеп барады. Еріктерінен тыс бір күш ас- қақтатып әкетіп барады. Әлден уақта алдыңғы арбада- ғы әйелдің де өздеріне қосылып отырғанын сезді. Өнер емес, оны да қосқан мұң. Кішкене қыз бұларға аузын ашып қапты. Соған қарағанда ән жаман айтылмаса ке- рек. Баяғыда детдомда мандолинге қосылатын Райхан- ның әдемі үні тіпті шынылана түскен сияқты. Содан бері қосылып айтқандары осы шығар. Бір-біріне қиыла


 


қарады. Жүздерінде іште тулаған сезім дауылының та- бы бар. Көздері көздеріне түсіп кетті. Ешқайсысы да тайқымады. Кішкене жанарларында кітапқа сыймас жыр тұрды. Соны үнсіз, қадала, құмарта оқысты. Бір- біріне жымиып күлді, екеуінің де беттері алаулап шыға келді. Бұлар жымиғанға кішкене қыз да жымиды. Бірақ ол не түсінді... Алыстан қарауытып ауыл көрінді...


1942 жылдың август айында осы ауылдың ұстасы Нұрым Өтегенов пен Рахымжанға шақыру қағаз қатар келді. Нұрым ересектердің соңы да, Рахымжан жиырма төртінші жылы туғандардың алды. Дүкен иесіз қалды. Колхоздың қабырғасына қатты батқаны сол болды. Өз- генің бәрін әйел шіркіндер алмастырып жатыр. Шал- ғышының да, арбашының да орны бар. Тракторға да отырды, комбайнды да жүргізді. Ал енді темірді кім соғады? Қай әйел ұста болмақшы? Мұнсыз колхоздың күні жоқ.


Колхоз берген бір таба нан, бір килограмм майды қадақтай ғып, Рахымжан арқасына таңып алған. Топай торы жегілгенше: «Солдат былай жүреді; айт, два, три», «Айт, два три»,— деп соғып жүр. Бұлардың тө- ңірегінде үрпиісе жиылған жұрт жымиып күлген бо- лады. Нұрымның әйелі аңырап жылап жүр. Ұстаның да көзінде жас. Тек көңілді Рахымжан ғана. Онсыз да жылаудан шаршаған жұртты өзінше көңілдендіргісі ке- ле ме екен? Жоқ әлде құдайдың берген жарқындығы ма? Мұны шығарып салып тұрған ешкім жоқ. Әжесі Әлиман «соңғы қара тұяқ сенен де айрылдым», деп мана аңырап-аңырап үйде қалған. Үлкен әкесі Мұса қарттың шаңырағы болған соң, кіріп шығып ақ тілеу әжесінің батасын алды.


Топай торы өнімсіз бүлкілге басты. Артта Нұрым әйелі екеуі. Атты Рахымжан айдап келеді. Нұрым ар-


 


баның дөңгелегінен көз алмайды. Осының бәрі өз қолынан шыққан еді. Қимай келе жатқан секілді. Мы- нау дала, оның аңызақ желі — бәрі қазір ыстық. Әт- тең, құшағына сыймайды. Әйтпесе, кең даланы өпкісі келеді. Жолдың май топырағы да қимастай жабысып, иықтарына, бастарына қонып алыпты. Рахымжан қо- ңырлатып ән салады. Нұрымның әйелі «уһ» деп көкі- регі қарс айырылады. Бір арбада — үшеу, үшеуі — үш жақта. Ауыл қарасын үзіп қалды. Рахымжан мен Нұ- рым бүкіл денесімен бұрылып тұрып артқа бір қарады. Қараңдаған атты көрінді. ІІІауып келеді. Бірдеңесі ұмытылып қалып, соны бермекке қуып келе жатқан секілді. Кім дегендей көз алмады.


Рахымжан бурыл дөненді таныды. Райхан мінетін дөнен. Шынымен сол ма екен? Жүрегі тулап қоя берді. Аузына тығылды. Жотасынан тер шығып көйлегі жа- бысқандай болды. Бұлардың арт жаққа ауған көңілін білгендей топай торы желісті қойып, жалқау аяңға басты. Божы титтей тежелсе бітті, тұра қалуға дайын. Рахымжан да қузаған жоқ.


Әлгі атты шынымен Райхан екен. Жақындай бере тізгінін тежеді. Бурыл дөнен шұлғып тартып, шұлғып тартып ауыздығымен алысады. Дәл қазір Райхан Ра- хымжанға Тайбурылдың үстіндегі қыз Құртқадай кө- рінді.


Топай торы да тұра қалды. Арбадағылар қарғып- қарғып жерге түсті.



  • Нағашы, сізбен қоштаса алмай қала жаздадым ғой.


Райхан сөйлей алмай демігеді. Екі туып бір қалған нағашысы жоқ бұл жерде, шешесі әйтеуір Нұрымның елінен. Ұста болған соң осылай жақын тартып сан іс соқтырып алғаны бар-ды. Өзі жырынды, кісінің іші-


 


бауырына кіріп кетеді деп жүретін Нұрым. Алаңсыз, өзімді іздеп қуып келді деп ұқты. «Жиенжан-ай, сен- дерді енді қайтып көрер ме екенбіз», деп көңілі бо- сағанын сездіріп алды. Райханды бауырына қысып жылап тұр. Әйелі қоса жылады. Нұрымның құшағынан шығысымен Рахымжан жаққа жалт қарады. Жанарын- дағы жас айнадай жарқырайды. Оның ар жағындағы от сені іздеп келдім дегендей. Мұны Рахымжан бурыл дөненді көргенде-ақ түсінген. Бойын бір шаттық билеп кетті. Бар тапқаны өзі ұстап тұрған бурыл дөненнің кекілін сипай береді.



  • Рахым, хош! Аман барып, сау қайт! Жалғызбын деп жабықпа!


Рахымжанның есіне сол бір арба үстінде, шаршап жаны күйзеліп келе жатқанда мұңданып айтқан сөздері түсті. Сол сөздерінен қазір өзі жиіркеніп тұр. Неткен доғалдық. Сол күні шешіліп сөйлеспегеніне бармағын шайнайды. Райханға жаутаңдай, жалбарына қарайды. Олақтығымды кешір дегендей.


Топай торы бүлкілге қайта басты. Мұның желісіне бурыл дөнен қатарласа аяңдап-ақ еріп келеді. Екі жас- тың көздерімен көздері жиі кездеседі. Тұйғындай боп әдемі отыр ат үстінде Райхан. Ілесіп ұзақ жүрді. Рахым- жанға бүкіл ауыл өзімен бірге келе жатқандай көрінді. Қазір бәрін ұмытты. Екі көзі Райханда. Топай торыны анда-санда көңілдене бір ұрып қояды. Жанармен сөй- лесіп, жанымен ұғысып келеді.


Райхан атының басын тежеді.



  • Хош, қарағым жиенжан! Хош! Апаңа, әкеңе сә- лем айт.


Нұрым байғұс осылай құрақ ұшып қалбалақтап жатыр. Рахымжан кетпесе екен дейді. Қимайды. Ет жү- рек елжіреп тұрса да ебін тауып сүйе алмайды. Дала


 


кең болғанмен жер тар. Райхан да қолын ұзақ бұл- ғады. Астындағы бурыл дөнен ілгері жібер дегендей ауыздығымен алысады. Аралары қашықтап барады. Ұзаған сайын Рахымжан ішегін біреу суырып алып қа- лып жатқандай қиналады. Бірақ ар жағында бір тоқтық бар. Сол көңіліне қуаныш әкеледі. Сол қазір өзін ма- саттандырып та келеді.


Осы масаттық вокзал басындағы жалғыздықты да білдірген жоқ. Бұларды екі күннен кейін-ақ поезға салды. Ақмола вокзалының басы қайнаған халық.


Әскер тиеген состав дегеніңіз сыймайды. Ұлардай шулаған жұрт. Шақырылғандардың көбі қап-қап азы- ғымен мініп жатыр. Екі күннен бері иіріп жіберме- гендерге, міне, поезд басында қоштасуға бостандық болды. Солқылдап жылаған әйелдер. Жігіттердің де көңілі босаған.


Рахымжанның қасында қалтиған Кәртай ғана. Осындағы жама-ағайынының баласы. Жаудырап Ра- хымжанға қарайды. Елдің күңіренуі жас жанын те- біренткендей. Өз тұқымдарынан еркек кіндіктіден қал- ғаны осы Кәртай мен ауылдағы Жүнісбектің Рахымы. Жас жағынан екеуі шамалас. Бірақ Рахымды колхоз жұмысқа баяғыда жеккен. Шөпке қуып кетіпті. Қош- таса алмады. Мынау болса да ес. Жалғыз тұрғаннан жақсы. Жаудыраған көзінен бір сүйді.


Әр нәрсе еске түскендей. Көңіл бір сәт құлазып кетті. Вокзал басындағы жалғыздығы құлазытты. Анау жігіттер құсап мұны анталап сүйіп жатқандар жоқ. Бі- рақ, мұны да артынан біреу қуып жетті емес пе. Бәрінің орнын сол толтырды. Көңіліне тоқ сол ғана...


Поезд ішін тартып бақырып қалды. Жұрт ию-қию, жапа тармағай мінді. Бұл сәтте Рахымжан іште еді. Кәртайға қолын бұлғады.


 





Пікір жазу