30.04.2022
  145


Автор: Кәкімжан Қазыбаев

ЖАңА ҚАлАДАғЫ ЖАңА тіРліК

Түн іші. Поездың тоқтар алдындағы жұлқынуынан ұйқтап жатқандар түгел оянды. «Келдік, келдік» деп жұрттың біразы жүктерін көтеріп кетіп барады. Бала- лар ұйқыларын аша алмай көздерін уқалайды. Бәрі аң-таң. Шамалауларынша түннің біраз уақыты болған секілді. Бірақ, құлақтарына оркестр үні келеді. Кәдім- гі қарсы алудың құрметті маршы. Ұйқылары шайдай ашылып кетті. Күлімдеп өздерімен бірге келген тәр- биешілері Айтжанға қарайды. Оркестр үні жаңа жер- дегі жақсы достардың пейіліндей көтеріңкі. Бәрі де вагон есігіне қарай бет алды. Жаңағы салтанатты музыка түнді түріп, тап осы есіктің алдынан естіледі.


Детдомның салтанатпен шығарып салғаны да есте- рінде. Аса бір қымбат, қимас минуттар еді. Бәрі тізіліп сапқа тұрды. Кететіндер — жетінші класты бітіргендер. Бұл жерде одан әрі оқуға мүмкіндік жоқ. Жіптен жаңа шыққан судай жаңа киімдермен киіндірген. Детдом директоры Сағат «ағалары» бәрін көзбен бір шолып шықты.


Жүзінде толқу бар. Қайта-қайта тамағын қырынып, жөткіріне береді.



  • Шынымды айтсам, түлектерім, мен сендерді қи- май тұрмын. Көңілім босап, көзіме жас келіп тұр. Не- бір тәтті қылықтарың тізбектеліп сөйлетпей тұр. Бір


 


әкенің, бір шешенің баласындай болып өстіңдер. Тіпті кейбір тентектіктеріңнің өзі де қазір ыстық көрініп тұр. Қыздар шыдай алмай, орамалдарымен көздерін сүртті. Сағат та көлдей ақ орамалын қолына алды. Бет


жағына бір-екі рет апарды да.



  • Бірақ, сол толқыған, босаған көңілге тоқ бір жай бар. Ол — сендердің ержеткендерің. Енді ФЗУ-дың оқушысы боласыңдар. Ол да жас жеткіншектер тәрбие алатын сүйікті Отандарыңның бір отауы. Балқаш деген қалада тұрасыңдар. Ақмолаға дейін өзім шығарып са- лам. «Болған қыз төркінін танымас» дегендей, ержет- кен соң ұшқан ұяларың детдомды ұмтып кетпеңдер. Тайтөбе деген жер бар екені естеріңде болсын. Хат жа- зып тұрыңдар. Ал мына ескерткіш сыйды қабыл алың- дар.


Сәдуов сөзінің аяқ жағын көңілдене айтты. Бала- лардың жүзіне де жылы күлкі оралды. Бірақ, бәрінің атынан жауап сөз сөйлеген Рахымжан оларды қайта жылатты.



  • Біз жетім едік. Бәріміз де қорғансыз қалып едік. Бірақ сол жетімдікті білдірмеген осы детдом. Осында тұрған ұстаздар, сіздер. Осы тұрған баршаңыз — Сәду


«ағадан» бастап, күнде ертемен жатқан бөлмемізді жайнатып қоятын «Тетя Шураға» дейін әке орнына әке, шеше орнына шеше болдыңыздар. Қазір біз туған әке-шешемізден айрылардай болып тұрмыз. Тірі бол- ғанда олар да мұндай тәрбие бере алмаған болар еді. Былтыр осында мені іздеп шешем келді. Рас, өгей шешем еді. Елге қайт, жүр деді. Мен бармадым. Неге? Мына сіздердің ыстық құшақтарыңызды, қылаусыз ақ пейілдеріңізді, мына тұрған жаудыраған достарымды


 


қимадым. Туған үйімнен де ыстық детдомымды қи- мадым. Міне, енді кеткелі тұрмыз.


Дәл осы арада кейбір қыздар тіпті бырсылдап қоя берді. Ғазизаның қатты босағанын Рахымжан өз көзі- мен көрді. Өзінің де тамағы кермектене берді. Бірақ жігерлене сөйлей берді.



  • Біз барған жерде детдомның атына кір келтір- мейміз. Оның дәм-тұзы анамыздың ақ сүтіндей. Кеу- демізге жаққан шырағын сөндірмеуге тырысамыз.


Қошқарбай ұлының бұндай ділмарлығын Сәдуов білмейтін. Сөзге доғалдау секілді еді. Тіпті, сай-сүйекті сырқыратқанын көрдің бе? Таза сезім осындай тұнық, таза ойларды тудыратын болса керек.


Ең қимас сәт машинаға мінерде болды. Музыка да зарлана ойнағандай. Детдомның өз оркестрі. «Тетя Маша», «Тетя Даша», «Тетя Мариялардың», мұғалім- дердің бәрі жылады. Кезек-кезек беттерінен сүйді. Төменгі кластардағы «кішкентай бауырлары» маши- наның біресе оң жағына, біресе сол жағына шығады. Ығы-жығы ретсіздік тіпті көбейіп кеткендей болды. Бірақ Сәдуов бетінен қақпады. Қоштасып, құмарла- рынан шықсын. Өзінің де көңілі жүдеп тұр.


...Ақмоладағы поезд басындағы абыр-сабыр да ыстық еді. Бұрын поезды көрмеген балалар көп бо- латын. Рахымжанның өзі де сырттай көргені болмаса, мініп көрген жоқ-ты. Міне, осы поезға келіп жүк тие- генде балалар кететінін шын сезгендей болды. Шы- ғарып салуға Корякина мен Сәдуов келген. Любовь Ивановна жағалай беттерінен сүйіп жүр. Көзінен жас тамып-тамып кетеді. Қимастық жасы. «Ескерткіш, Бал- қаштың мұзында сырғанаңдар», — деп бас-басына бір- бір коньки берді. Осы жерде Сәдуов та шыдап тұра ал-


 


мады. Беттерінен сүйді. Тауықтың балапандарындай жапырлай келіп балалар екеуін де тарпа бас салды, вокзал басы бұл көрініске таңырқай қарайды. Кей- біреулер тіпті үдірейіп тұр. Оны елеген бұлар жоқ. Әкесіндей, шешесіндей болған адамдармен армансыз қоштасқысы келеді. Рахымжан поездан қалып қоя жаздады. «Тентегім, аман бол, хат жазып тұр» — деді Сәдуов, бауырынан сытыла шығып жүгіре-жөнелген Рахымжанға. Жүгіріп бара жатып жалтақ-жалтақ қа- райды, қолын бұлғайды. Сүрініп құлай жаздады. Поезд ұзап кеткенше терезеден, тамбурдан жыпыр-жыпыр еткен танаулар. Жылт-жылт еткен көздері қандай сүй- кімді. Корякинаның қолында орамал, көзінде жас. Сә- дуов те сүзіліп қарап қапты. Поезд ұзап кетті. Бірақ вокзал алдында тұрып қалған осынау екеудің ыстық- ықыласы мен татсыз көңілі сол жетімектермен бірге кеткен еді. Әр бала бұлардың ақ пейіл, жылы көңілін жүректерінде әкеле жатыр. Осы жылумен жол-жөнекей ән салған, көңілденген. Осы жылудың әлдиімен тәтті ұйқыға да кеткен.


Міне, жаңа келген жерінен де жылы құшақ лебі еседі. Сол леп күн суықтығын да ұмыттырғандай. Ва- гон алдында сапқа тұрды. Ең баста өздерін алып келген Айтжан. Форма киген бір топ бұларға бір-бір тал гүл ұсынды. Қыстың күні гүл? Иә, ыстық көңіл қыста да гүл табады екен. Қарсы ала келгендердің де басшысы бар. Мария Ивановна Ращева. Қөңілді қыз. Қонақтарды үйіріп әкетті. Әңгімені соғып келеді. Балқаш қаласын мақтап жатыр. Жаңа қала, заводы бар, мыс қорытады. Жері қандай, желі қандай, көлі қандай! Мақтайын деген адамға суық жел мен ащы судан да көп қасиет табуға болады екен.


 


Брезент жапқан машинаның қараңғыда қайда келе жатқаны белгісіз. Анда-санда сілкіп-сілкіп балаларды сүзістіріп қояды.



  • Біздің Балқаштың көшесінің осындай қалжы- ңы бар. Қалай, бір жерлерің ауырып қалған жоқ па?


Түн ішінде тамақты ойлауға ешкімнің мұршасы болған жоқ еді. Үлкен асханадан бір-ақ шығарды. Са- маладай жанған электр жарығы. Қабырғаларды неше түрлі етіп, оюлап бояп қойған. Аппақ столдар қаз-қатар тұр. Үстіндегі ыстық тамақтың иісі мұрынды жарады. Тоңып келген балалардың араны ашылып кетті. Мына иіс аштырмай да қоятын емес. Марияның нұсқаған столдарына отыра қалып соғып жатыр. Қыздар ғана әдеттегісінше биязы, жай сыпайы ғана ішеді. Ал ұл- дардың кейбіреуі тіпті сорп-сорп еткізеді. Арты ішіп үлгергенше алды ұйқысы келіп есіней бастады.


Біреу қор ете түсті. Жалт қараған жұрт ду күліп жі- берді. Келдібеков Маңқаның көзі жыпылық-жыпылық етеді. Малақайының бір құлағынан су тамшылайды. Сөйтсе, қалғып кеткенде, төбесіне шоқита киген бас киімі қасындағы тарелкаға түсіп кетіпті. Ду күлкіден шошып оянған батырың жалма-жан басына жабыстыра салыпты. Су сорғалап тұрғаны содан. Борщтың суы.


Рахымжанның намысы келіп кетті. Жаңа жерде мына иттің «өнерімен» көзге түскені-ай дейді ішінен. Басындағыны жұлып алды да, сілкіп-сілкіп тазартып берді. Маңқа көзі сығырайып ыржияды. Ұялғанына көрінсін. Түрінің жаманын-ай, иттің. Аузы қасқырдың аузындай кере қарыс екен. Ыржиғанда екі езуі құла- ғына жетті. Біреулер кекетуге кірісті. Рахымжан жақ- тырмай түйіп тастады:



  • Жаман жанындағыны қарақтайды деп. Мұны


 


кекеткенде мүйіздерің шыға ма?


Балалар бұл сөзден сыртта ым-жымың бір болсын, бір бас, бір тас бол дегенді ұқты. Жаны бар сөз. Қалалы жер. Бет-бетіңе тайраңдайтын Тайтөбе емес. Біріңе- бірің бауырсың, мұқатқаннан шығатын мүйіз жоқ. Жа- маныңды жасырып, жақсың болса асыр. Тайтөбедегі класкомдығы ұстап кетті ме, әлде іштей бір сезім түрт- ті ме, әйтеуір, солай деп қалды. Балалар жымдай бол- ды. Айтқанына көнбесе мұның салып жіберетін де жы- ны бар. Маңқа сол қалпы, бұл сөзге де ыржың-ыржың етеді.


Үйректің балапанындай бәрі Марияның артынан шұбап келеді. Қонар жерге келе жатыр.


ФЗУ детдомдай болмады, есейгендерін аңғартты. Тәртіп те қатты, талап та күшті. Әрі жұмыс істейді, әрі оқиды. Киімдері біркелкі. Бірақ детдомдағыдан басқа. Ұлдары — белдігімен қара шалбар, гимнастер- ка, шинель, маңдайы биік делегей. Қыздарға юбка, гимнастерка, шинель, телпек. Бәрінің де білегінде, бас киімінің маңдайында «ФЗУ» деген жазу жүреді. Ен салынды, енші берілді. Енді ешкім ешқайда қыңқ дей алмайды.


Ең қиыны барлық сабақ орыс тілінде. Кейбіреу ер батқан тайдай қайқақтай бастады. Кейбіреу қисынын тауып кеткісі де келді. Детдомды аңсады. Жоқ, тізгін мықты қолда. Бұлталақтай алмайсың. Осы училищеде мұрнына су жетпей жүретін адамның бірі — Таня Кудрина. Комсомол ұйымының секретары. Устав тауып береді. Жаттатады. Комсомолға өтіңдер деп шетінен дайындап жүр. Былайынша, өзіне қызығасың да. Екі иығын жұлып жеген пысық қыз. Еліктегің келеді.


 


Кімді де болса салған жерден үйіріп әкетеді. Міне, Тай- төбеден келгендердің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген Мария Ращева екеуі. Балалар кейде училищені бітіргенде тап осы екеуіндей елгезек, зерек болып шы- ғамыз деп ойлайды.


Қалалық өнерпаздар байқауына қызу әзірлік жүріп жатыр. Таня бұлардың қасынан шықпайды. Ғазизаны бас қылып, қыздарға «Қазақ биін» тапсырды. Қайдан тапқанын кім білсін, бір күні қазақша камзол, көйлек- тің үлгісін әкелді. Бас-басына киім тіккізді. Оны киген- де қыздар жұтынып шыға келді. Кәдімгідей бой жет- кен дерсің. Оркестр өздерінікі. Шекті аспаптар оркес- трі Тайтөбедегідей емес қырық-елу адам ойнайды. Күмбірлеткенде жер солқылдайды. Рахымжан мұнда да мандолинші. Бірақ детдомдағыдан үйрету басқа. Бұ- лар бәрін сүйемелдейді. Нешеме халықтың ән-күйін тартады. Таня Рахымжанды музыканттардың старос- тасы етіп қойды. Қоғамдық жұмысқа ауыздандырғаны. Комсомол басшысына мұның ширақтығы, пысық- тығы ұнайды. Әрі балалар мұны сыйлайды. Бұзықтығы


жоқ. Басқалардан зерек секілді.


Әнеу күнгі демалыста оның тағы жаңа қыры аң- ғарылды. Мұзда ұршықша үйріледі. Тайтөбеліктердің өзді-өз конькиімен келгені Таняға шу дегеннен ұнаған- ды. Және бәрі де аса бір ардақты бұйымдай қастерлей- ді онысын. Училищеде коньки тебу «ауруға» айналды. Кімде-кім тебу білмесе, ол осындағы адамның ең коры секілді. Коньки «індетінің» жайылғанына Таня өте қуанышты. Өйткені, өзі конькиші. Бір кезде зорлап, қолқалап тепкізе алмаушы еді. Енді... Бәтеңкеге бала- лардың өзі-ақ шегелейді. Оған өнерлері жетеді.


 


Рахымжанды бір апта болды, мәнерлеп тебуге үй- ретіп жүр. Ұлдардың ішіндегі тәуір тебетіні осы. Бірақ өзімен айдынға шыққанда қысылады. Секретарьлығы- нан сескене ме, болмаса қыз болған соң қысыла ма, ол жағы беймәлім өзіне де. Әйтсе де үйренісіп келеді.



  • Жігітім, сен серік болуға жарап кетсең, қалалық жарысқа түсеміз.


Рахымжанның «жігіт» деген сөзді тұңғыш естуі. Бір жағынан көңілдене масаттану да бар, бір жағынан ұялғандай да. Оны Таня сезе қойды. Дереу тақырыпты өзгертіп, сөзді басқа жаққа бұрып кетті.


Бетінде бір түйір қылау жоқ айнадай жалтыр мұз. Әйтсе де тұтқырлау. Көл суының тұздылығынан бол- са керек. Айдынды бүгін онша баптамапты. Сонда да бұлар мұздан кетпеді. Ай сүттей жарық. Бет шымшы- ған жұқа аяз ғана бар. Қатты суық жоқ. Нағыз коньки тебетін түн. Онсыз да нұрлы жүзі суық сорып ажарла- на түсіпті. Жайдарлылық, мейірімділік үзілмейтін кө- зі бұрылған сайын ай жарығымен жалт-жұлт етеді. Төңкерілген тұнық әдемі көк көздің өзі. Мойны жұп- жұмыр. Жылы телпегінен желке жағында қиылған ақ сары шашының ұшы ғана көрінеді. Қолында тоқыма қолғап. Рахымжан екеуі үйіріліп үйіріліп келіп жалғыз аяқтап тұра қалады. Сол күйі бір ілгері, бір кейін қара- ма-қарсы ұстасып желсіз күнгі су толқынындай қал- қиды. Біресе шағаланың қанатындай майысады. Кейде Таняның өзі оңаша кетіп, бір аяғын бауырына жиғанда көл шетіндегі сес көрсеткен кербез аққудай елестейді.


Бұл екеуінің айдын үстіндегі жаттығуын үлкен өнер санап, таңырқай қарап тұрғандар көп. Міне, осылай тебу керек деседі. Бірақ Таняның көңілі әлі олқы. Өзі біледі, қалада небір мықтылар бар. Училище солармен


 


үзеңгі қағыстыруға жарай ма? Шіркін жас көңіл жүй- ріксің-ау. Бір күнде майталман боп шыққысы келеді. Көңіл асығады, бірақ көп жаттығу керек. Шеберліктің ауылы әлі алыс. Сыздықтап шыққан түтіні ғана көрі- неді. Асығады, жүрек шіркін, алып ұшады. Рахымжан- ның есіл дерті Таня мұз үстінде қалай құбылса, солай құбылу. Барлық мәнерлі қимылды аудырмай салғысы келеді. Көз алмайды, көңіліне тоқиды. Мұз үстіндегі сәнді жүрістің, шатты көңілдің шарабына мас боп кетіп еді бұлар. Оқыс шыққан ащы дауыс селт еткізді.



  • Ойбай, кетті, кетті!


Осы бір үн күшті құйындай айдында жүргендерді түгел өзіне үйірді. Рахымжан мен Таня да ағызып жетіп келді. Жиналғандардың бәрі де ошарылып қарап тұр. Үй орнындай мұз ойылып кеткен. Екі көзі алақтап бір қыз бала қылқ-қылқ етеді. Жан далбаса, сынған мұз- дарға кезек-кезек жармасады. Жармасқан күйі бірге батады. Шашы жайылып кеткен. Үстіндегі киімі де ауырлап бара жатқан секілді. Тұрғандардың шулаған- нан басқа дәрмені жоқ, «Мам...», «мам...» деп әлгі қыз екі рет су жұтып жіберді, екі рет батып кетті. Енді батса, қайтып көтерілуі екі талай. Көгеріп барады, көзі шарасынан шығып кеткен.


Суға біреу күп ете түсті. Киімшең.



  • Рахымжан! Өлдің, ойбай!


Ғазизаның ащы даусы. Рахымжанның қолы қыздың шашына да тиді. Шашынан тартып көтеріп қалғанда Рахымжанның өзін тарпа бас салды. Екеуі қоса батты.



  • Аттан, аттан, кетті, кетті.


Тайтөбеліктердің бәрі дауыс сап ұлардай шулап тұр екен. Құлағына шалынған бұл үн зәресін алып жіберді.


 


Осы сәтте Таня шулап тұрғандарға ақырып қалды.


Өзгеден гөрі ол өз бойын тез жиғандай.



  • Кәне ұлдар шешіңдер белдіктеріңді, жалғаңдар.


Сытырлап белдіктер шешіле бастады. Рахымжан да бойын жиып, мұзды екі жаққа ығыстырып, жол сала бастады. Абиыр болғанда әлгі жерден бері қарай екі адым ауған соң оның аяғы су түбіне тиді. Ағын су емес, көлдің суы. Аяғы тиген соң қызды белінен құшақтап көтеріп алды. Жылжыған сайын су тайыздап келеді. Әйтсе де әлі кеудесінен жоғары. Белдікті жалғап, іл- мектеп Таня лақтыратын ыңғай білдірді. Рахымжан алдымен қызды тартыңдар деп ымдады. Екі қолтықтың астынан белін ала белдік түсті. Ең қиыны енді жар қабақта. Ұстайтын бұдыр жоқ. Жап-жалтыр мұз. Қыз бақаша тырбаңдайды. Бірақ мұз тіреп жібермейді. Екі қолы сыртта, денесі суда. Кішкентай қыз аяғы жетпей асылды да қалды. Бір бұлқынам деген кезде иегін со- ғып, аузы даладай қан болды. Енді қайтпек. Рахымжан бір қолымен мұздан тіреп тұрды да бір қолымен ая- ғынан көтерді. Осы кезде жағадағылар дырылдатып сүйрей жөнелді. Енді көмек өзіне келді. Су мұның кіндігінен сәл ғана жоғары. Бірақ, сырттағылар қолын бере алмайды. Сырғанап суға өздері түседі. Аяғын жар қабаққа асқанымен конькишең шыға алатын түрі жоқ. Таня белдіктерді ілмектеп қайта тастады. Рахымжан белінен мықтап байлады да «Мен екі қолымды жағаға тіреп ырғыған кезде жұлқа тартыңдар» деді. Сырт- тағылар солай етті де. Сопаң етіп шыға келді. Құт- қарғаны сегіз-тоғыздағы қаланың бір жас қызы екен. Еңіреп жылап тұр.


Ат-шана да жетті. Малмандай болған екеуді ала жө-


 


нелді. Шанаға мініп Таняның өзі кетті. Қала балаларын үйді-үйіне қуды. Училищеден келгендерге сапқа тұ- рып дереу қайтуға бұйырды. Сөйтіп айдындағы бүгінгі серуеннің арты осындай дүрбелеңмен тынды.


Рахымжанның тоңғаны сонша, сөйлеуге шамасы жоқ. Айналасында ақ халат кигендер. Екі адам үстін ысқылап жатыр. Сірә, спиртпен ысқылап жатса керек.



  • Мә, мынаны ішіп жібер.


Су секілді жарты стакан мөлдіреген бірдеңе, қағып салды. Өзегін өртеп жіберді. Өңеші түгел сылынып күйіп қалғандай болды. Дем ала алмай қалды. Мынау дәрі ме, у ма деп ойлады. Әлден уақытта ішін де, сыртын да дуылдатып, күйдіріп ала жөнелді. Денесі отша жанып кетті. Біреу шоқтың алдына әкеп ұстап тұрғандай албырайды. Мұз бетінде киіктей ойнақтаған, құрақша майысқан Таня, жылап тұрған Ғазиза, Тайтө- бедегі детдом, «папасы» — Сәдуов, «мамасы» — Коря- кина бәрі өтті көз алдынан. Апыр-ау, бұлар қайдан ке- ліп қалды қасыма? Өңі ме, түсі ме, ажырата алмайды. Денесі балбырап әкетіп барады. Бәрі араласып мұнар- тып кетті. «Райхан... Мынау Райхан ғой. Сен қалай таптың мені... Шынымен іздедің бе? Өзің келдің бе? Әдемі боп кетіпсің ғой».


Кеудесіндегі көрпені лақтырып тастады. Денесі лапылдап күйіп-жанып барады. Сөйлеп жатыр...


* * *


«Райхан! Бұл хатты мүмкін күтпеген де шығарсың. Мен сенің адресіңді Тайтөбедегі балалардан алдым. Өзіңмен тілдескісі кеп отырған да қаланың адамы деп білерсің. Біз сендер секілді Ақмолада тұрмаймыз. Кә- дімгі жүз жасаған Жамбылдың жырына арқау болған


 


«Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Балқаш кеніміз...» деген жолдардың Балқашында өмір сүреміз.


Бір кезде «маңқа» деп мұрныңды шүйіруші ең. Енді көрсең Келдібектің баласын. Сенің көкеңдей қыздар бар бұл қалада. Талай-талай сұлулар сыртымыздан сы- ғалап, діңкесі құрып жүр. Әлі-ақ құрыш білекті құры- лысшы боп шығамыз. Қорғасыныңды қопаратын, мы- сыңды қорытатын, кірпішіңді қалап, құрылысыңды салатын қаны жерге тимес жұмысшы табың мына біз боламыз. ФЗУ-ға кеткенді ит жеккенге айдағандай көр- гендер әлі-ақ алдымызда бас иеді. Сені де сол бір кезде кездестірсем, шіркін.


Сен таққан тұмардан мұнда да құтыла алмай қой- дым. Кімнің аузына қақпақ боласың. Детдом бір сәрі еді-ау, училищеде де сен қойған атпен жүрмін. Өзгесін қайтейін, кейбір тізім, документтерге де солай жазып қойыпты. Бізге паспорт берді.


Е, қойшы тәйірі. Атта тұрған ештеңе жоқ. Қойған атыңның берік болғанын саған жеткізіп, сүйінші сұ- рап жатқаным ғой. Бұл жолдарды оқығанда мүмкін күлерсің. Бірақ, жылайтын да жерің бар. Күні бұрын ескертейін, бекем бол.


Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Тумақ бар да өлмек бар. Бәріміздің де баратын жеріміз сол дүние.


Біреу ерте, біреу кеш кетеді. Осы жолдарды жазған- да қаламымнан сия емес, жас тамып бара жатқандай. Өзімнің де өзегім өртеніп отыр.


Құлын-тайдай тебіскен, жемегенді бөліскен қайран құрбы. Қыршын еді. Сен дегенде, Райхан, ол ішкен асын жерге қоятын. Анада детдомнан кетерде сенің болмағаның алдымен соның қабырғасына батты. Көр-


 


сетпей-көрсетпей «Рәшім-ай» деп жылады. Достық па- рыздан құтылайын деп, қайғылы болса да хабарды өзім естірткелі отырмын. Сенен басқа естіртетін оның кімі бар?


Өзін де осы Балқашқа ажал айдап келсе керек. Бірақ


«қырық жыл қырғын болса да ажалды өлер» демекші біз де жүрміз ғой. Құланның қасуына мылтықтың ба- суы дөп кепті. Дәл сол түні әншейінде аман тұрған айдынның жарылуын көрмейсің бе?


Иә, Райхан! Атын атауға менің әлі дәтім бармай отыр. Әттең ақын емеспін. Әйтпесе, бұл хатты өлеңмен жазса да болар еді. Мейірімсіз ажал, алып кеттің-ау арамыздан. «От пен су тілсіз жау» деген рас екен. Кө- зіміз бақырайып тұрып қалдық. Су түбінен екі-ақ рет караң етті. Кісі бойы қатқан мұз жіберсін бе? Қайран Рахымжан балықтарға жем болып кете барды. Егіліп жыладық, еңіредік. Меңіреу мұз бізге қайтып берген жоқ.


Оның өлімі осылай қайғылы болды. Аяғында Лю- бовь Ивановна апамыз берген конькидің кеткенін айт- саңшы.


Райхан! «Болған іске болаттай берік бол» деген. Өзіңе арнайы естіртуші құрбың


Келдібеков Жарқын».


Бұл хатты оқыған сәтте Маңқа көз алдында болған- да Райхан оны түтіп жеуге бар еді. Жыртып-жыртып отқа тастады. Үш күн бойы ызаға булығып, Маңқаның қорлығынан жарыла жаздап жүрді. Бірақ ол бір ақи- қатқа сенді. Неше бір делқұлы болса да тірі адамды өл- ді деп жаза қоймас. Рахымжанның мұз астына кеткені рас шығар. Оған деген аяныш сезімін Маңқаға деген ашу-ыза басып кете берді.


 


Сонымен Рахымжан суға кетіпті деген лақап тарап кетті. Ақмолада тұратын қашық-жақынның бәрі естіді, Бәрі де бата ғып беттерін сипасты. Естімеген жалғыз-ақ адам бар. Ол — Үндемес. Өгей де болса естірту керек.


...Шөкештің үйінен қонақ арылмайтынын Үндемес біледі. Мұхтарға келген сайын мұнда соқпай кетпейді. Бірақ бұл жолы елден ерек шалдар жиналыпты. Қобыз тартып Сәби ақын отыр. Атын естігені болмаса, қо- быздың үнін тыңдап көрген емес. Тіпті, зарлы екен шіркін. Неге екенін түсінбейді, өзіне деген құрмет бүгін бөлекше. «Жоғары шық та, жоғары шық». Бәрі бәйек боп қапты. Анда-санда алыстан орағытып, буалдыр бірдеңелерді астарлап айтады. Шалдардың үйреншікті сөзі ғой деп Үндемес үндемей отыра берді. Мән берген жоқ.


Шәй ішілді. Еттің наны жайылып жатыр.



  • Сәке! Әлгі «Ақсақ киікті» қобызыңызға қосып жіберіңізші.


Бұл аңыз осы өңірге кең тараған. Қатыгез ханға аң аулап жүріп мерт болған баласын естіртуге ешкім батпағанда, осы күйді тартып қобызшы естірткен екен. Оны Үндемес те біледі.


Тартыңыз да тартыңыз деп үй толы жұрт шулап кетті. Зарлы үн сорғалай жөнелді. Сәби ақын қобыз ырғағына елтіп өзінше мың құбылады. Базбіреу осы шалдың бірде быржиып, бірде тыржиып құбылған бет- аузын қызық көріп қапты. Әсіресе, балалар шал көзді шарт жұмып жіберіп, шайқақтағанда сықылықтай кү- леді. Ол мұны жақтырмай алара қалса, жым болыса- ды. «Ақсақ киікті» өзі шығарғандай шалқиды Шалың. Сарнатып-сарнатып келіп бітірді де, Үндемеске тесіле қалды.


 



  • Үндемес, біз ел білетін күй тарттық. Сізге айтар ауыр хабарымыздың тиегі болсын деп тарттық. Жырақ жүріп Рахымжан балаң дүние салыпты. Ажалға ара тұра алған кім бар. Қаза қайырлы болсын.


Өзін жұрттың бүгін неғып қолпаштап кеткенін Үн- демес енді түсінді. Дауыс салып қоя берді. Әйелдер


«сабыр, сабыр» деп жатыр.



  • Біреу итеріп жіберген ғой. Әйтпесе мұз ойылушы ма еді.

  • Қошқарбай байғұстың түтіні енді өшті.


Осындай сыпсың сөздер жалындай лапылдап жүре берді. Үндемес екі бүйірін таянып, солқылдап отыр.



  • Жүр деп едім, жүрмеді. Қу детдом түбіне жетті ақыры, ойбай. Жалғызым-ау, жас кеттің-ау, — деп тар- ғылданған даусын созып-созып қояды.

  • Иә... опасыз шіркін дүние!


Шалдардың ауық-ауық күрсініп айтып қоятыны осы. Сабыр айтып, басу айтып Үндеместің бет-қолын жуғызды. Ет келді. Құран оқығысы кеп қобызшы шал қыбыжықтап еді, оны дереу сезе қойған біреуі:



  • Оқыңыз, оқыңыз, о не дегеніңіз. Азамат болған бала емес пе!— деді.

  • Үндемес шырағым, нешеде еді өзі?

  • Жаңылмасам он жетіге келді-ау деймін.

  • Көрейін деген жарығы сол-ақ болған шығар. Суға кеткен мен оққа ұшқанды шәйт өлім дейді ғой.


Сонымен Үндемес Қошқарбайдан қалған соңғы іл- гішектен де айрылды.


* * *


Тайтөбедегілер де естіді. Бүкіл детдом аза тұтты. Сәдуов өз баласы өлгендей қайғырды. Милицияға хат


 


жазды. Қалай қаза болғанын дәлдеп жазуды сұрады. Балқашқа да барғысы келді. Вокзал басында артына жалтақ-жалтақ қарап жүгіргені, кейбір ойнақы мінезі, ренжуді білмейтін жарқындығы — бәрі, бәрі есіне түсті. Кетерде бәрі бірге түскен сурет мынау. Шашы жалбырап, көзі күліп тұр. Кимелеп келіп қасына тұр- ғаны есінде. Сол шәкірті енді көз жүмған... Денесі біртүрлі мұздап кетті.


Бөлмеге почтальон қыз кірді. Қарны тоқ сөмкесі- нен хат ұсынды. Сағат сыртына қарап состиып тұ- рып қалды. Өз көзіне өзі сенбеді. Кірпіктерін жыпы- лықтатып қайта үңілді. Жоқ, сол жаңағы оқығаны. Хат Рахымжаннан. Жалма-жан ашып жіберіп аяғына қа- раса, осыдан бес күн бұрын жазылған. Өлді деген, бәрі болып аза тұтқан Рахымжаннан. Жүрегі лүпіл қақты; сабырлы адамның сасып қалғаны қызық екен, бала сияқты жүгіре береді. Столының біресе оң жағына, бі- ресе сол жағына шығады. Екі көзі хатта.


«Құрметті әкеміз Сәкеңе! Өзіңізден, қатар-құрбы- ларымнан үзбей хат алып тұратыныма өте қуанышты- мын. Азырақ сырқаттанып осы хатты кешірек жаздым. Халім жақсы. Бәріміз де жақсымыз. Сіз берген тәрбие- ге қыл жуытпау үшін намысқа тырысып жатырмыз. Бір кезде мен жақсы адамдар дүниеде аз шығар деп ойлаушы ем. Сол бір күңгірт ойды талқандаған алды- мен өзіңіз. Мұнда да сіз секілді дархан жандар бар. Өз тағдырымның осындай қалыптасқанына мен қуанам. Менің кеудеме от жағып, көзімді ашқан Сіздер. Менің емшек сүтін емген анам — детдом. Енді есейтіп келе жатқан училище. Көпке дейін кеудем күңгірт, көзім бұ- лыңғыр еді. Қазір сарайым ашық. Айналамды айқын аңғардым. Асқарлар алдымда қол бұлғайды. Кеуде кө-


 


зімнің ерте оянғанына қуанам. Ащыны білмей — тәт- тіні, қараны білмей — ақты айыра аларсың ба!


Өз ойымша училище нағыз өнер ордасы. Бәрін де үйретеді. Жұмысқа да, өнерге де баулиды. Қала өмірге үйрендік. Мыс қорыту заводы, кен байыту фабрикасы өз үйіміздей. Жиі апарады. Адам ойы, адам қолы жеткен керемет. Топырақтан темір жасайды. Ғажайып машиналарға жан бітіреді. Ертең осыны сендер мең- гересіңдер дегенде бойымызды шабыт кернейді. Ішер ас, киер киім — тегін. Бәрі бар. Соның өзіне ренжитін кейбіреулер бар-ау. Жыным келеді. Артық құрмет кей- де мас қыла ма деймін. Жақсылықты да нормаласа. Әйтпесе кейбіреу тәубәсін ұмытатын секілді.


Көңілімде бір ғана қаяу бар. Ол өзіңіз білетін екі жара. Комсомолға өткім келіп еді. Алмады. Таня Кудрина соны маған айта алмай үш күн қиналыпты. Өзі бір тамаша қыз. Барлық адамның жаны сондай кіршіксіз болса... Бастауыш ұйымнан өткенмін. Қала- лық комсомол комитеті қайырып тастапты анкетамды. Өзіңізге аян әкем жайлы ғой.


Бірақ, бұл жолы мен аса ренжімедім. Пісіп қаппын. Жастайымнан өз әкем өзіме сор боп келеді ғой. Кінәсі болса, обалы өзіне. Бірақ, менің арым таза, жаным кіршіксіз. Қалтамда билет болмаса да мен өзімді ком- сомол мүшесімін деп санаймын. Арманым — Отаныма ғұмырыммен қызмет ету. Сіздер секілді аяулы аза- маттардың сенімін ақтау.


Жуырда қалалық байқауда біздің училище өнерпаз- дары бірінші орын алды. Мәнерлі конькиден үшінші орынға ие болдым. Бірақ бұл Таня Қудринаның еңбегі. Мен оған тұсау болсам керек. Папа! Коньки өнері маған ете ұнайды. Орындық, столдарды плотникше жасай-


 


мыз. Сізге арнап кресло қиюластырсам деп жүрмін. Бәрін, бәрін жасаймыз біз, папа!


Осы жазғандарымды Любовь Ивановнаға да жазсам ба деп едім. Орысша бұл қалпында шыға алатын емес. Дегенмен амандығымды айтып хат жазып жібердім. Ол кісінің жазған хаттарын оқысаңыз... Өмір сүру шежі- ресі дерсіз. Неткен мейірлі жүрек. Жолықсаңыз арна- йы сәлем айтыңыз. Біз сіздерді әке-шешеміз деп біле- міз. Комсомолға анкета толтырарда әке, шешең деген графаларға сіздерді жазғым да келді. Бұл имандай шын сырым. Егер біреу сұраса, бұл ғұмырында кімдерге қарызсың деп, іркілместен Тайтөбе мен Балқаштағы абзал адамдарды атар ем. Солар арқылы елді сүйдік. Солардан өмірге ғашық болуды үйрендік. Сіздер саялы бәйтерек, біз соның бұтағы болуға жарасақ — арман жоқ.


Өзіңізді аса құрметтеуші балаңыз Рахымжан».


Сәдуов Сағат көзіне жас алды. Хатты оқып бітуін күткен тәрбиеші Айтжан жазуды танып бір бозарып, бір қызарып отырған. Жаман хабар оған да аян-ды.



  • Мынау Рахымжаннан ба? Қашан жазғаны, тірі ме екен?

  • Мә, қалай тірілгенін өзің оқып көр.


Үнінде мақтаныш. Жасаураған көздің өзінен де шаттық сыртқа айқын теуіп тұрды.





Пікір жазу