30.04.2022
171
ҚОЙ АҚЫЛДЫ
Қаракетін,
тірлігін мақұл көрмей,
Құдай қойса қайтеді ақыл бермей.
Қазақ қайдан теңдікке қол жеткізсін,
Қол бастаған сардарға, батырға ермей.
Исатайдың соңынан ермегенде,
Өкпелегем,
ренжігем елге мен де.
Асыл ерлер Сібірге айдала ма,
Тізіп ұстап шетінен бермегенде.
Басынатын жалғанда күш бар ма еді,
Халық болып қылышын сермегенде.
Сайтан мінген кержалқау желкесіне,
Бұ қазақтың түспей ме серт есіне.
Қалай өтсін қайғының өзенінен,
Жол бастаған ермесе серкесіне.
Көңілінен көк туы көтерілген,
Көсемге ерген ел ылғи төте жүрген.
Қой ақылды қазаққа қарағанда,
Серкеге еріп өзеннен өте білген.