30.04.2022
271
КІМ ЖАСАЙДЫ ЕРЛІКТІ?
Жұлдызды түн еншіме тиген еді,
Құлағыма күмбірлеп күй келеді.
Жарық Айдың сәулесі ағындаған
Жанарыма жарқ етіп сүйкенеді.
Тіршілікте осынау кері кеткен,
Жолаушымын түнде Айды серік еткен.
Қара дию секілді қара ат мінген
Құйын қанша тұсымнан желіп өткен.
Ата жауын боздатып, еңіреткен
Күндер қайда туымды желбіреткен?
Мына заман қай заман?
Теңдік қуған
Ердің бәрін қаңғытып тентіреткен.
Бұрындары ер жігіт ел қорғайтын,
Қуғын көріп тобырдан жер болмайтын.
Ата Ерліктен кім-кім де опа таппай,
Заман туып келе ме шер толғайтын.
Тусам керек Анамнан туғым келіп,
Дәулет,
байлық жимадым құлқынға еріп.
Кім жасайды Ерлікті?
Ата Ерліктен –
Опа таппай жүрсе егер қуғын көріп.