30.04.2022
359
КҮННЕН ТУҒАН МАХАМБЕТ
Болашақты болжап бола ма,
Көңілім шерге тола ма.
Асыққан күндей батысқа,
Барам ба тартып молама.
Махамбет деген батырмын,
Махамбет деген ақынмын.
Кемесінде қатердің
Тербетіліп келе жатырмын.
Исатай сардар өлгелі,
Махаңның қорлық көргені.
Исатаймен бірге Ерлікті
Батады-ау жерге көмгені.
Бетіне шыққан сорпаның,
Төгіліп бітті-ау.
Қорқамын.
Мен болсам жүрмін Нарында,
Сүйегін шақпай Орданың…
Бәрінен көңіл суынған,
Күн қайда қылыш суырған?
Елім – Емен болса егер,
Жапырағымын жұлынған.
Жұрт сеніп кәпір-сумаңға,
Шалынса да ерлер құрбанға, –
Күннен туған Махамбет
Бағына ма күлден туғанға.