28.04.2022
111
ЕКІ ЖЫЛ СЫРҒЫП ӨТКЕНДЕ
Ел билеп кілең құтырған,
Жағасы жұрттың жыртылған.
Махамбет басы шабылып,
Қараңғы көрге жұтылған.
Арманда ақын кеткенде,
Алаштың Айы тұтылған.
Сағымдай көшіп көк белде,
Екі жыл сырғып өткенде.
Ұлы Абай туған албырап,
Қазақтың тауы шөккенде.
Отырсың қалай жүрелеп,
Жаныса жігер күні егеп.
Абайды сүйіп қарсы алған
Махамбет рухы түрегеп.
Айдынын сәуле торлаған
Дария бар ма толмаған.
Қазақтың құтты құрсағы
Ұлыдан кенде болмаған.