28.04.2022
  327


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күні ұлы күн

      9 мамыр тарихта аты алтын әріппен қалған күн. Өйткені бұл күнді ешкім ойлап тапқан жоқ. «Осы күн жеңіс күні болсын» деп ешкім атаулы күн етіп қойған емес. Бұл күн сонау сұрапыл соғыстың бітіп, соғысқа қатысқан жандардың бір-біріне сүйіншісін айтып, «жеңіс» деп, соғыстың біткені жайлы бар әлемге жар салып айтылған күн. Ия, әрине жеңіс оңайлықпен келмеді. Соғысқа кетіп, елге қайта оралмаған жандар қаншама десеңізші. Отан үшін кеудесін оққа тосқан біздің батыр да батыл қыздарымыз ойланбай Отан үшін жанын пида етті. «Жеңіс күні келді» — деп, «қуаныш бізге берді» — деп. Жырлады қанша ақындар, «сүйіншілеп енді» деп.
«Сталиндік ту етіп,
Жеңістің қақтық дабылын,
Ойдан келді батырым,
Қырдан келді батырым,
Қаладан келді батырым,
Колхоздан келді батырым,
Сол батырлар ортаға ап
Өзінің сүйген ақынын
Шешіп жатыр жаңадан
Жеңістердің ақылын»
— деп, жеңіс күнін алғашқы жырлаған ақындардың бірі де бірегейі Жамбыл Жабаев атамыз болатын. Осынау соғысқа ұлдарын аттандырып, сұрапыл соғыстың барлық зардабын сезіне білген айтыскер ақын атамыз бұл соғыс жүріп жатқанда іштегі ызасы мен шерін өлең арқылы шығарып, соғысқа кеткен ел азаматтарын өлеңімен қолдап, қолпаштап отырған. Ақын жүрегі халқының соғысқа кеткен Қазақстандық майдангерлер үшін алаңдап, сол адамдардың жай-күйін өлеңімен жеткізіп отырған. Ұрпағына деген жеңіске арналған өлеңін әрі қарай, оларға берген ақ батасы, тілегі ретінде өрбітеді:
«Сталиншіл ұрпағым,
Тағы да құлақ салыңдар!
Болаттайын берік топ
Деген атақ алыңдар!
Дұшпанға азу басыңдар,
Қанын судай шашыңдар!
Дұшпанға семсер қайраңдар,
Оттай ойнап жайнаңдар!
Бас көтерсе кімде-кім
Күрмеп тілін байлаңдар!
Бақыты үшін Отанның,
Бақыты үшін елімнің
Ұлы Сталин атымен
Жеңіс жырын сайраңдар!» —
Міне, осындай қиындықтармен бірінің жанын алып, бірінің бағын алып келген бұл жеңіс күні расында да тарихқа алтын әріппен жазылған, дараланған күн. Тіпті дәл осы күні дүниеге келген ұлға «Жеңіс», қызға «Жеңіс», «Жеңіскүл» деген есімдер беріліп жатты. Есімін «Жеңіс» деп айтқан замандастарымыздың туған күні дәл осы күні екенін айтпасақ та сезіп, біліп отырамыз. Соғыстың бітуі жайлы, «біз жеңдік» деп жар салған осы бір күн «қазіргі таңда ерекше сый, құрметке ие күн» десек қате айтқанымыз емес.

«Ғажайып Қазақстан— 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы





Пікір жазу