27.04.2022
  225


Шежірелі мекен

Исенбаева Қ.А.


Арғы атам-Райымбек ,батыр Алжан,


Кегенді,Нарынқолды тартып алған.


Ілені Көкойнақпен кесіп өтіп


Тарихта таңғажайып аты қалған.


Менің туған жерім-Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы. Кіндік қаным тамған осынау киелі мекеннің шежіресіне толығырақ тоқталып өтсем.«Шәлкөде –шалқар ырысым,Қарасазым –қонысым» ,-деп аталарымыз осы екі атауды қатар атаған. Осынау өлкенің жаугершілік пен шапқыншылық моңғол нояндарының қарамағына өтіп ,төрт жарым ғасыр бойы иемденуді басынан өткізгені мәлім.Жер-суымызда олардың есімдерінің қалуы  осының таңбасындай.Мәселен,Түрген,Қаскелең, Шамалған, Шәлкөде, Нарынқол, Кеген атаулары соның көрінісі.1723-41 жылдары арасындағы қазақ батырларының қанды қарғын соғыс жүргізіп , соңында туған жерден шапқыншыларды тықсыра шегіндіріп, тырқырата қуып щығуы  еліміз бен жеріміздің азаттығының алғашқы қадамы болатын.Бұған Райымбек бастаған мыңдаған қазақ жауынгерлерінің ақ білегінің күші мен ақ найзасының ұшы, азапты да ауыр жорық жылдары қол жеткізді. Ал кейінгі ұрпақтардың босаған Нарынқол ,Кеген өңіріне түпкілікті қоныстануы 1800 жылдың аржақ-бержағының үлесіне тиеді.Албандардың әу бастағы тұрағы Отырар төңірегі болса керек. Бәйдібек қайтыс болған соң Дулат, Албан, Суан қиырды шолып, қиянды кезіп қоныстарын ауыстырғандығы жайлы аңыздар айтылады.Албан, Суан Талдықорған өңіріне өтеді.Алтын эмел, Қоңыр өлеңде –Албан сайы, Албан Сәйбек палуан қойды дейтін тастардың болуы да соны айғақтайды. Ақсу аймағындағы жорықтан қайтқан Райымбек батырдың ер қанаты-қасқасы өледі де азалап көміп, басына белгі тұрғызылады. Ол жер «қасқа ат қалған қабыр»деп аталады.


Қарасаз деп аталу себебі шығыстан батысқа қарай қатарласқан 7-8 су қанаттаса, қапталдаса жарысып иін-иінге сүңгіп , ирек жүріс жасап, бірте-бірте бас құрап, Кегенге қарай құйғытады.Жағасы сықасқан таралған тал, тікенді бозқарағандар шоғыр-шоғыр болып бітеді. Жүздеген бастаулармен, тұнбалармен Қарасу толысып отырады. Кей жерлері атты кісі өте алмас жас баланың еңбегіндей былпылдап жатады ма майда қырқай қырық төмпешіктерден  төрт аяқты жануар да, адам да сүрінеді. Балауса құрақ , көк шалғынды өлең шөп бозқарағанмен бой таластырып, сәнді талы сырғаланып, сирені жасыл, сары, күлгін түсті гүл жарғанда, құстары сайрап, тіршілігі тұтасқанда-миуасы төгілеген жаннат бағына айналады.Өлең өнері – қасиетті де киелі өнер. Оның Қарасаз ауылында мол көрініс табуының мықты негіздері бар.Ежелгі бабаларымыз Қанкелді, Райымбек Ұлы жүзді батырлығымен баурап  ерлігімен соңынан еріткен ұлы тұлғалар еді.Қарасаз халқының бойынан екінші арна-ақындық арна – ағып шықты.Ол – Қабай жырау, Танабай, Жекснбі, Жанғабыл шешендермен бастау алып, Албан Асан Барманбекұлы ақындығымен айдынданып, көкшенің деңгейінен көтерілген  Абай өлеңдеріндей Мұқағали жырларымен толысып Қазақстан төмін дүбірлетіп, толағай қуатпен толқи ақты. Сөйтіп бірнеше басқышты ақындық мектеп пайда болды:Мұқағали Мақатаев, Еркін Ібітанов, Қасен Саматыров сынды ақындар, Еркебұлан Дайыров сынды актер шықты.Жыр алыбы Мұқағали Мақатаев поэзия әлемінің биік шыңын бағындырып, өлеңімен әлемді мойындатты.Осының айғағы ретінде 1991 жылы Қарасаз ауылында Мұқағали атындағы әдеби мемориалды мұражай ашылды. Қазір жыл сайын 9-ақпан-ақынның туылған күнінде ұлы ақынның құрметіне Республикалық мүшайра өткізіледі. Бұл жыр додасына республикамыздың түкпір-түкпірінен  небір талант иелері қатысып, ақын атамыздың жырларын жатқа оқып, киелі мекен жайлы оқыған-білгендерін өз көздерімен көріп, көз жеткізеді. Міне, нағыз шежірелі мекен деп мен өз туған жерімді айтар едім!





Пікір жазу