27.04.2022
334
Бірге өсіп....
Бірге өсіп,бір ойнадық досым-ау,
Бақ тілейін басыңа сенің осынау.
Сенің маған ұнайтын бір қасиетің,
Көп сөйлемей,кісі алдында тасымау.
Мен өзіңді танимын бала жасымнан,
Мен үшін бас тартасың өз асыңнан.
Қиын кезде жанымнан табыласың,,
Қуанамын, сені дос қылған асылдан.
Қайда жүрсең тек алдыға,жасыма,
Құшақ жайып,күтем сені мен асыға.
Мəңгілік кетпейтіндей бақты берсін,
Досым-ау,Жаратқан ием өз басыңа.
Өзге қала,басқа жұмыс ауыстың,
Сирек енді естілгені,қиын соғад(ы).
Мен үшін сендік дауыстың.,
Енді досым,болып жүрме алыс тым.
Амандықта тек біздер қауышайық,
Той-думанда ара-тұра табысайық.
Бітпейтін тіршіліктен босай қалсақ,
Уақыт тауып,телефон шалысайық.