26.04.2022
  248


Автор: Жанат Жаңқашұлы

Уа, Қарқаралым

Уа, Қарқаралым,
Айнала тау қоршаған,
Бұл биіктік маған да сор,
Сор саған!
Менің шерлі сағынышым мен мына бір,
Күре тамырымнан басталады жол саған!

Топырағың тәнге айналып,
Әнге айналып жүрегім,
Аумай қалған аспаныңнан түр-өңім.
Көкжиекке көз салсам,
Қабағындай әкемнің –
Қарқаралы сілемің!

Мен де сенің ерте өрген елігің,
Алматыдан – Қасымың,
Ақтоғайдан – Серігің,
Сағындырғанда,
Сағымнан туған періште яки перімін!

Қарт болам мен де,
Таяғына сүйенген,
Содан кейін, маған керек суйем жер!
…Өнген жерім болғаныңа сүйем де,
Өлген жерім боларыңа да сүйем мен!

О, туған жер, сен соны білемісің?..





Пікір жазу