26.04.2022
221

Балығың мылқау
Балығың мылқау,
Халығың момын, Беталыс*,
Ақиқат дейтін ауылдың сенен шеті алыс.
Зымыран саған запыран құсып кетіп ед,
Зарың сол сенің,
Шеріңді енді қотара іш!
Зарың сол сенің,
Қалдым-ау, дейсің қапыдан,
Балықтарың сәлем айтады,
Саудагерлердің атынан!
«Беталысымыз жақсы» дейді кеше бір әкім,
Ал менің ішім запыран!
*Қарқаралыдағы зымыран құлаған ауыл.