26.04.2022
  2240


Автор: Ораза

Ауыз ашарға тілек


Еш жамандық болмасын,
Бар жақсылық орнасын.
Бугінгі ауыз ашарда,
Жаратқаным қолдасын.

Қабыл болып дұғамыз,
Үйде шаттық орнасын.
Аман болып отбасы,
Суықтан еш тоңбасын.

Ауыз ашарға ақ тілек,
Көңілде мұң болмасын.
Иман нұры арайлап,
Алла берсін мол жасын!
Жібек Искакова




Пікір жазу