26.04.2022
  289


Автор: Жеңіс күні

Көңіл шамы сөнбесін!

Көңіл шамы сөнбесін,
Жеңіс күні жарқырап.
Өмір шамы жандансын,
Жылғадан су атқылап.

Енді соғыс болмасын,
Әр таңымыз нұрлы боп.
Жаратқаным жар болсын,
Әр күніміз құнды боп.

Бақыт гүлі солмасын,
Бақ гүліміз гүл шашып.
Шат күніміз бітпесін,
Әр күніміз нұр шашып.
Жібек Искакова





Пікір жазу