26.04.2022
  150


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күніне

Жеңіс күні ұлы күн оу ағайын,
Нұрландырған шаттықта бар маңайын.
Қайғы менен қасірет артта қалсын,
Нұрлы күндер тербелеп таң арайын.

Өткен күндер тарихта қалар мәңгі,
Суығы мен ызғары шарпып маңды.
Келер күндер тербесін бақытына,
Әр жүректе көңілді шырқап әнді.

Қанды шайқас болмасын мұндай енді,
Жеңіс күні қуантып ел мен жерді.
Бар қуаныш орнасын елімізде,
Көтеріңкі күйде ғып көңілдерді.
Жібек Искакова





Пікір жазу