25.04.2022
  285


Автор: Жеңіс күні

9 мамырға

Тоғызыншы мамырда,
Көңілде мұң болмасын!
Әрбір жеңіс күнінде,
Бар жақсылық орнасын!
Қазақ елім аман боп,
Жаратқаным қолдасын!
Тыныш, бейбіт заман боп,
Енді соғыс болмасын!
Әр шаңырақ гүлденіп,
Әрбір ісі оң болсын!
Жеңіс күні бүгінгі,
Шаттық күнге жалғасын!
Қайсар, қазақ елінде,
Қуаныштар көп болсын!
Отбасымыз аман боп,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Бейбітшілік жалғасып,
Көңіліміз тоқ болсын!
Әрбір жеңіс күнінде,
Естеліктер жандансын,
Ардагерлер үнімен,
Өмірге мән орналсын!
Жібек Искакова





Пікір жазу