25.04.2022
  446


Автор: Жеңіс күні

Жеңіс күніне арналған бата тілек

Уа, жамағат, ағайын,
Аман болсын маңайың!
Бүгін жеңіс күніне,
Батадан үкі тағайын!
Енді соғыс болмасын,
Тек тыныштық орнасын!
Жаратқаным жар болып,
Елімізді қолдасын!
Өткен күннің салқыны,
Болашаққа жетпесін!
Бақыт құсы елімнен,
Алыс болып кетпесін!
Ата-баба әруағы,
Қазағымды колдасын,
Енді қазақ жерінде,
Қанды ұрыстар болмасын!
Түркістанда Қожа Ахмет,
Арыстан баб, қолдасын!
Қазағымның ұлттары,
Салқын сөзден тоңбасын!
Жеңіс туы желбіреп,
Жеңіс гүлі солмасын!
Жібек Искакова





Пікір жазу