24.04.2022
  136


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТАР АРНАДАН АТЫЛМАСАҢ СЕН ЕГЕР


Жауыз барда көздеріне қан толған,
Халқың сенің қайғы кешкен зарлы орман.
Аяғыңды қысқан темір етіктей,
Ақындарға кең дүние тар болған.
 Сұм заманда сұмырайлар хан болған,
Көкірегіңе сары запыран зар толған.
Арыстандай аласұрдың ішінде,
Кең дүние секілденіп тар қорған.
О, Махамбет!
Сендей асыл жебелер,
Мәңгі өлмейді,
самғайды әлі,
сене бер.
Ғасырлардан ғасырларға ұшпас ең,
Тар арнадан атылмасаң сен егер.





Пікір жазу