23.04.2022
234
Жарыс
Мен тағдырға өкпелемен,
Бақасымды басындырған.
Сүзіспейді көк текемен,
Бәйге тарлан ашындырсаң.
Озса шобыр төте жермен,
Беріп шылбыр, үндеу сап.
Мен шерімді жудым термен,
Болды маған күндеу жат!
Сауырымды тілсе қамшы,
Сауықтым мен безгектен;
Мөлдір мең боп тамды тамшы,
Сары жұртқа ел кеткен.