23.04.2022
  359


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Боксер

Серік Қонақбаевқа

Барып-келіп көкірегі
Көрікке ұқсап соққан зергер.
Қаша ұрыс сап, секіреді,
Маңдайынан тамшылап тер.
Бұлшық етте аяныш жоқ,
Қолғабында әділдік бар.
Борап оқтай былғары доп,
Бас сауғаға етеді зар.
Боксерге мен қызығамын,
Бірін-бірі ұрып жықса.
Бұзбай зорлап спорт заңын,
Жүлдегер боп терге шықса!





Пікір жазу