23.04.2022
  234


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шабандоз

Сұлтанбекке

Машинаға айырбас қылмай,
Уатқа байлап ат бағасыз.
Белдікті кемер музейге қимай,
Тойда белге Сіз тағасыз.
Саласыз салым қысты күні,
Таптамас үшін егінді жазда.
Үстінен аттың ілесіз мірі,
Бүркіттей кәрі ұрынған қазға!
Шаптым өзім жасымда көкпар,
Көрмедім, бірақ, қақыратып топты.
Айтқанда шал «Аллақу – әкпар!»,
Иегім сауып еліккем жоқ-ты!
Құмарлықты өзім түсінем түрлі,
Сөкпеймін сіз құласаңыз да аттан.
Қаламым жорға сегіз қырлы,
Сырым сізге жұмбақ жатқан!





Пікір жазу