23.04.2022
226
Асылып сен иығымнан
Асылып сен иығымнан,
Ішсең шампан, еркесің.
Күлемін мен миығымнан,
Шертіп сөздің келтесін.
Дейсің маған: «Салша шешіл!»
Мен шешілем қалайша.
Болды-ау сенде дертім – есіл,
Пальтоңды іліп малайша!
Сенің өктем туысқаның,
Жеккен салды селтекке.
Болды-ау бекер жуысқаным,
Мансап үшін елпектеп!..
Мансаптан мен шын торықтым,
Көңіл күйім сұрланды.
Өмірде өткен бір жорықтың,
Жолдамасы ұрланды!