meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.04.2022
  177


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Ескерткіш

Ойнайды бала топырақпен,
Апыл-тапыл басқанда.
Өтеді өмір шоқырақпен,
Кәріден де, жастан да.
Шоқырақ белгі соғады,
Қолынан әркім келгенше;
Үрлеп жел, белгі тозады,
Соғып кет белгі өлгенше.
Туады біреу, сен кетсең,
Екіге тәулік жарылар.
Ескерткіш соққан еңбекпен,
Түбінде жерден табылар!





Пікір жазу