23.04.2022
148
Кенже
Сарғайған сағыныштан, Рауаным,
Ұйқысыз атты талай арай таңым.
Туған ең атқанда таң рауандап,
Атыңды қойдым содақ, ұқшы, жаным!
Ежелден желсөз маған сирек серік,
Арзанға шертуге сыр аузым берік.
Көкейдің осал жері біреу ғана,
Жүрегім сені ойласам кетеді еріп.
Әлемнің бар мейрімі жүрегіме,
Сыйса егер, берер едім түлегіме.
Бақыт жоқ маңдайында адам болмас,
Білмен тек он елі ме, бір елі ме?!