23.04.2022
147
Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда
Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда,
Ақ қайың, ал-қара көк аршаңызда.
Үйреткен табиғаттай кең болуды,
Атырау, ақ селеулі Арқаңызда.
Сұлудай көз алдында көлеңдеген,
Сыйқырлы дүние екен өлең деген.
Көңілдің жұлдызына талпынамын,
Тұрсам да миуа ағаштай төменде мен.
Туған жұрт, менің жырым – баршаңызда,
Ақ қайың, ал-қара көк аршаңызда.
Бір емес, мың өсімдік құлпырады,
Жаңбырдан құйып өткен сартамызда.