23.04.2022
185
Офицер
Бауыржан Момышұлына
Панфиловтың офицері –
Момышұлы Бауыржан.
Солдаттың бар қайғы-шері
Қабағынан танылған.
Ата әдетпен дейміз, «Бәуке»,
Біз – дәуірдің жаршысы.
Сіз бір сақа түскен тәйке,
Бұйырмастан алшысы!
Офицері – Сіз намыстың,
Сөйлеу керек абайлап.
Мен сыршылы толғаныстың,
Әркімге қарар бажайлап!
Қол жетпеске пенде ғашық,
Батыр – маған кейіпкер.
Жарар менше салса машық,
Ерген сізге серіктер!