21.04.2022
  142


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТӨРГЕ ЖАЙҒАСҚАН ИТТЕР

Алшаң басып жүргендей айлы аспанда,
Азаматтың көздерін май басқан ба?
Қорықтым ба,
ығыстым төмен қарай
Иті келіп төріне жайғасқанда.
Құлаш ұрып жүрсем де өрге мен де,
Не істеймін?
Қайтпекпін көнбегенде.
Төмен қарай сырғанап тағы ығыстым,
Және бір ит мені аттап төрлегенде.
Бұны көріп көңілің хош ала ма?
Боздағың кеп кетеді боз далаға.
Жайғасқанда кілең ит төрге келіп,
Шығып қалдым жаутаңдап босағаға.
Жүрген кезде кеудемді желге керіп,
Жігерімді құм қылды-ау жерге көміп.
Неге өтпесін ғұмырың ит тірлікпен,
Жайғасса егер кілең ит төрге келіп?!





Пікір жазу