21.04.2022
180
АЛЫПТАР
Бөріні алға оздырмай, барысты алға,
Мәз болатын ит қанша алысқанға?
Тілеп жүрген ақынмын,
айналғанын
Арпылдаған иттердің арыстанға.
Арыстандар бұл күні итке айналған,
Итке айналған,
бөрі де битке айналған.
Заман қайта, шіркін-ай, туар ма екен,
Итбалықтар қайыра китке айналған.
Айдындары айбарлы Айдан да алып,
Іріліктер жоғалған қайда қалып?
Итке айналып азғасын арыстандар,
Адамдар да барады майдаланып.
Кеңістікке бастаған, жарықтарға
Алып қажет ел барда, халық барда.
Жер бетінен жоғалып кетті ме, әлде
Майда тірлік ұнамай алыптарға.