21.04.2022
  190


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАЛА-ШАҒА ЕЛ БИЛЕП...

Тізгін тисе құныс ой, аласаға
Айналасың төсеніш – алашаға.
Ши бөрілер секілді биікке өрлеп,
Ел басына қаптаған бала-шаға.
Бота тірсек, боз өкпе бір балауса
Ақыл айтса әкеге жараса ма?
Бозқасқаны жолына құрбан қылып,
Көсем қайда көш бастар тыңнан тұрып?
Бала-шаға ел билеп, ата жұртым,
Балалықтан шыға алмай жүр малтығып...





Пікір жазу